69
Қабанбаев – Бақбақ басы толған кҥн, баланың атынан баяндалатын). Бҧл
авторлық баяндаудағы ерекшелік.
Кӛркем мәтін тілінде кездесетін бейнорма элементтердің ҥлкен бір тобы
диалект сӛздер. Олардың біразы қолданылу жиілігі артып, бҧқаралық ақпарат
қҧралдары арқылы кең таралуы нәтижесінде әдеби тіл нормасына айналады
(Д. Исабековтің «Әпке» драмасы атауындағы әпке сӛзі, шабандоз, бағбан).
Автор тілінде диалектизмдер кӛбіне сӛз қайталамау ҥшін қолданылады,
алайда оның бәрі сәтті бола бермейді: дилы – кҥйлі (Т.Ә.), қотиын (Қ. Ы.),
ыпын (Д.Д.), ләуқи, лақса, албаты, мантырау (О.Б.).
Диалектизмдердің енді бірі әлеуеті жағынан жалпыхалықтық
қолданысқа ені мҥмкіндігі жоғары, мысалы, бодау - ӛтесін, қҧн, тӛлеу,
қарымта; зуза – мәйітті кӛтеріп апаратын зембіл.
Мағыналық реңкінде қандай да бір айырмашылық болса, синонимдер
қатарын толықтыру
тіл нормасына сай келмек, ал бір затты екі аймақта екі
тҥрлі атайтын болса, яғни екі сӛз таза семантикалық дублет болса, онда
жазушы қолданған диалектизм нормадан ауытқушылық болып есептеледі.
Мысалы, қҧдандал, тҥнемесі, қолайты (Д. Досжанов), нәжҥйе, қападар (Т.
Әлімқҧлов), шуап, бәкін-шҥкін, оқсын-оқсын (О. Бӛкей), ауыш, еме-жемге
келгенде, масығу (Ж.Нәжімеденов.) сӛздерінің мағыналық ауқымы тҥрлі
сӛздіктерде берілген дублеттерінің семантикасына сәйкес.
Нормадан тыс элементтерді қолданудың
қандай да бір себебі болуы
керек, яғни ауытқу орынды болуы тиіс:
Бр ақын бір ақыннан
ақынырақ,
ӛйткені ол жҥрекке жақынырақ.
Ел-жҧртқа қалды десек, қалай ҧнап
Кҥшті ақын кҥрделі де жабайырақ... (Қ. Мырзалиев)
Қаламгер кейде жаңа сӛз жасайды және оның себебі әр тҥрлі:
мамырстан, кҥлкі тоқ жолаушы, мҥрдехана, биойнақ (О.Б.), айкезбе (Д.Д.),
тырыли арық (Ә.Н.), тырақы арық (Д.Д.).
Фразеологизмдерді қолдануда да уәжді, уәжсіз ӛзгертулер бар:
Таба
болман табыспайтын қасыма,
Біраз қылау қосқанымен шашыма.
Қанша қайғы, қанша қорлық кӛрсем де,
Қарағам жоқ
бәтеңкемнің басына (Ж. Жақыпбаев).
Аршалы отау бояуы ӛңге, әрі ӛңге,
Бай еді ғой жан тербетер әуенге.
Достарыңызбен бөлісу: