жүрекке баланады. Модальділігі біркелкі сөздер шоғыры кейіпкер жанының
ширығуын көрсетеді, бұл орайда қатар келген екі жолдағы мәндес қасақы, қасақана сөздері, ұйқас қажеттілігіне сәйкес инверсияланған қыр көрсету фразеологизмі, қимыл-істегі шарттылық (қуса, көнсең), антогонистік сипат
(жау - сен), ауызекі сөйлеу тіліне тән, эмоционалды масқара сөзі,
графикалық құралдар (леп белгісі, көп нүкте) жас ұлан жүрегінің жай-күйін
танытады.
Келесі шумақтағы ер ұланның жауға арнауында поэтикалық
қолданыстағы ұлттық нақышты сөздер мағынасының сана сүзгісінен
өткізіліп, қайта жаңғыруы (переосмысление) арқылы қайталанбас символ
жасалған. Кеуде – жүрек – бомба лексемалары өте әсерлі, қуатты контекстік
синонимге айналып, жарқ-жұрқ еліктеуіші мен етіп көсемшесінің тіркесі
нәтижесінде сезім динамикасын айқын көрсетеді.
Мәтінді байланыстыруға қызмет етіп тұрған бұдан кейінгі 4 жол – ақын
мен табиғат арасындағы параллель. Келесі шумақтағы 13 жолдың алғашқысы
алдыңғы шумақтың соңғы жолымен синтаксистік, мағыналық параллель
жасайды. Сын сағаттағы намысты ұланның сезім диапазоны өте кең: күрсініп дем алып; жасауға қимай; жерін құшып; тасын сүйіп аласұрды, бұл
бірыңғай қимыл-сын пысықтауыштары өлең ырғағына сай инверсияланып,
ширыққан динамизмді көрсетуге қызмет етіп тұр.
Кейінгі жолдардағы кеуде кегі, жан ашуы синонимдес параллель
тіркестер бірыңғайда келіп, шығып кетті жедел өткен шақ етістігімен
оқиғаны шешілер сәтке жақындатады. Бұдан кейінгі шумақтағы синкретті
метафоралық тіркестер (айқас қызып, жанып, оқ бораны, көктің миы, орман шашы), кейіптеу (снарядтар талдап жұлды, жар суға сүңгіді), фольклорлық теңеу (айдаһардай), көнерген сөз (зіл-зала),дозақ күйі, көрден