25
Кейіпкер мен жау диалогі де табандылықтың, қайсарлықтың
көрінісіндей: тұйықтала 2 рет сөзбе-сөз қайталанған репликалар әрі мәтін
түзіп, әрі информативті қызмет етіп тұр.
13-шумақтағы
«Ол темірден алды тартып адамзаттың өнер-күшін»
жолдарындағы ауыстыру, инверсияланған баяндауыш пен толықтауыш,
дыбыстық үйлесім арқылы оқырман назарын бірден өзіне аударып, кейіпкер
рухының биіктігін көрсетеді.
4 жолдан тұратын шумақ композициялық-құрылымдық элемент ретінде
де, хиазм ыңғайындағы сөйлеммен берілген бір сәттік көңіл-күйдің
қорытындысы ретінде де назар аударарлық
(ыза боп жау жіберді өрт.
Кідірді ер оқ таусылып).
Кейіпкердің ішкі ойы контекстік антонимдермен сипатталған:
бостандықтың алтын туы – бір килодай қорғасын, күліп тұрып сатқан – сұм
және бұлардың бәрі де метафоралана қолданылған. Осы шумақтағы от
оқшау бейнеленген: кейіптелген өрт
(қызыл, жасыл киінген, билеп, ойнап,
жалын желектерін желпіп келе жатты) пен жалынға оранған ақынды
қатар әрі қарама-қарсы қойып сипаттау шығарма идеясын, пафосын биіктете
түскен, ақынның Нұх пайғамбар мен Прометейге теңелуі де тегін емес; діни-
мифологиялық әдебиеттен жақсы таныс бұл прецедентті атаулар оқырман
ойында түрлі ассоциацияларға негіз болады. Оларды етістік тұлғалары да
нақтылай түсіп тұр. Топан сөзі дәстүрлі қолданыста тек су сөзімен тіркессе,
ақын оны «өрт» лексемасымен тіркестіріп, мағыналық жағынан жаңғыртып,
кеңейткен. Ал бұйрық райдағы
кел бер, күйіңді шерт тіркестері мен тілек
мәнді
алшы етістігінен өлім мен өртті кейіпкер екі түрлі мағынада
қабылдайтыны байқалады. Ол өртті еш қарсылықсыз қабылдайды, бірақ
онымен келетін өлімнен қорықпайды, керісінше, оны жанға тыныштық
әкелер құтқарушы деп түсінеді. Бұл орайда ұлт тілінде оқыған оқырманның
есіне М. Жұмабаевтың «Мені де, өлім, әлдиле» өлеңі түседі.
Поэманың соңғы бөлігі кейіпкер портретімен басталады, яғни жарық
семантикалық тобына кіретін сөздер
(нажағай, жарқ-жұрқ, күн, нұр, ай,
Достарыңызбен бөлісу: