Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет85/112
Дата17.10.2023
өлшемі5,7 Mb.
#117706
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы.

Менің отаным – Қазақстан 
 
 
Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз
Сөздік қор
. қоғам, мемлекет, халық, ұлт, тәуелсіз ел, рәміз, нышан, халық 
саны,шекара, өңір, аймак, кеніш, қала, бас қала, кент, шаһар, астана,шұғыл, 
басын мұз басқан биік таулар, табиғи қазба байлықтар, байтақ жазықтар 
мен 
ойпаттар, 
бұрын 
мекендеген, 
орташа 
таулы 
қыраттар, 
шектеседі,егеменді, тәуелсіз, алғашқы адамдар, ұлт өкілдері, туған жерім, 
көп ұлтты,
 
Ойтүрткі
-Сіз Қазақтандықсыз ба? 
-Сіз қай жерде туып-өстіңіз? 
- Қазақстан қандай ел? 
-Сіз өз еліңіз туралы не айтар едіңіз? 
1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, аударыңыз. 
Менің отаным - Қазақстан
 
Қазақстан - көп ұлтты егеменді, тәуелсіз мемлекет. Халқының саны
18 миллионнан асады.. 
Археологтардың 
айтуы бойынша 
Қазақстан жерін 
алғашқы 
адамдар 
бұдан 
300 мың жыл 
бұрын мекендеген. 
Қазіргі Қазақстанда 130 
ұлттың өкілдері тұрады. 1991 жылы 
Қазақстан өз тәуелсіздігін алды. 16 
желтоқсан 
Тәуелсіздік 
күні 
деп 
аталды. 
Н.Ә. 
Назарбаев 
Қазақстан 
Республикасының Тұнғыш Президенті болды. 
Тәуелсіз еліміздің өз
 
мемлекеттік рәміздері – 
Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. 
Қазақстан республикасы Еуразия материгінің 
ортасында орналасқан. Қазақстанның жер беті 
әр алуан. Онда басын мұз басқан биік таулар да, биітігі орташа таулы 
қыраттар да, кең - байтақ жазықтар мен ойпаттар да бар.
...Қазақстан климаты шұғыл континентті, құрғақ келеді, сондықтан өзен 
торы, әсіресе орталық бөлігінде аз. Еліміздің ірі өзендері Ертіс, Жайық, 
Іле, Сырдария, Тобыл, Есіл, бүкіл жыл бойына мол су деңгейлерін 


89 
сақтайды. Басты көл айдындары - Балқаш, Алакөл, Зайсан. Қазақстанның 
жер қойнауында әлемдегі табиғи қазба байлықтардың барлық түрі (90 нан 
астам) орасан зор көлемде бар деуге болады.
Қазақстан 
Республикасы 
солтүстігінде 
Ресеймен, 
оңтүстігінде 
Өзбекестан, Қырғызстан, Түрікменстанмен шектеседі. Республика 
шығысында Қытай мемлекетімен, ал батысында Каспий теңізімен 
шектеледі.
1991 жылғы 16 желтоқсан еліміздің тарихында алтын әріптермен 
жазылды. Қазақстан Республикасы бұл күні тәуелсіз мемлекет ретінде 
дүниежүзілік қауымдастықтан өз орнын алды. 
Үкімет
 
– атқарушы биліктің жоғары органы. Ол орталық және жергілікті 
атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық 
етеді. Үкімет өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Президентінің 
алдында жауапты және өз қызметінің бағыттары туралы Президентке 
хабарлап отырады. Үкіметті Президент құрады және бекітеді. Үкімет 
мүшелері Қазақстанның халқы мен Президенке ант береді. Үкіметті 
Премьер министр басқарады. Министрлер үкімет мүшелері болып 
табылады.
...Парламент екі палатадан тұрады. Олар: Сенат және Мәжіліс. Сенат 
өкілдіоргандардан сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың 15 
депутатын Республика Президенті тағайындайды. Сенат депутаттарының 
өкілеттік мерзімі - 6 жыл. Сенат Төрағасының қызметіне кандидатураны 
Қазақстан республикасының Президенті ұсынады. 
...Мәжіліс 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты жасырын дауыс 
беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы 
Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл. 
Палаталардың 
бірлескен 
отырысында 
Парламентте: 
Қазақстан 
Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Конституцияға 
өзгертулер 
мен 
толықтырулар 
енгізеді; 
Конституциялық 
заңдар 
қабылдайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет