Бізді ізеттілік пен ізгіліктің, қарапайымдылық
пен кісіліктің асыл қасиетін бойына мол сіңірген
«Мырзабай» шаруа қожалығының төрағасы
Әбсаттар Мырзабаев қырман басынан күтіп
алып, тау-тау болып үйіліп жатқан дән даласы-
на жол бастады.
– Биыл күріштің шығымы өте жақсы. Орта
есеппен гектарына 45 центнерден өнім алыну-
да. Бұл жылдағымен салыстырғанда 4-7 цент-
нерден артық. Қазір қырманда 25 тонна дән
жиналды. Алдағы уақытта дән қожалықтың
диірменіне түсіп, дайын өнім нарыққа шығады.
Сондай-ақ, халықтан сұраныс болса диірменнің
талқан тартуға да мүмкіндігі бар, – деп бастады
әңгімесін төраға.
– Қожалық қашан құрылды?
–
1992
жылы.
Содан
бері
егін
шаруашылығынан несібені айырып келеміз.
– Қанша техника бар?
– Төрт комбайн, үш К-700 пен МТЗ-80 трак-
торы, шөп баулайтын және майдалайтын техни-
ка бар.
– Бұл совхоздан қалған енші ме?
– Жоқ. Барлық техника ала жаздайғы еңбекпен
келді. Мейлінше күріштен түскен табысқа тех-
ника алуға тырыстық. Себебі агроөнеркәсіп
кешенін техникамен жарақтандырмай мол өнім
алу мүмкін емес.
– Қанша жерге күріштің тұқымын тас-
тадыңыз?
– Шаруашылықтың қарамағында 90 гектар
күріштік алқап бар. Оның 8 гектарына «Түгіскен
ТШ» ЖШС «Ақ маржан» элиталы күрішін алып,
ектік. Ал, қалған жері «Янтарь» сортына тиесілі.
Жоңышқалық 250 гектар жерді қамтиды. Ал,
әртараптандыру бағытында 3 гектар жерге
қауын-қарбыз егілді. Өзімнің алма бауым бар,
оның да нәтижесі жаман емес.
– Қанша адамды жұмыспен қамтып
отырсыз? Олардың жалақысы қалай?
– Біз 28 отбасын маусымдық жұмыспен
қамтысақ, 10 еңбеккер жыл бойы еңбек етеді.
Жалақысы да тұрақты. Механизаторлар – 80 000
теңге еңбекақы алса, жұмысшыларға – 60 000-70
000 теңге көлемінде төленеді.
– Естуімше, егін мен мал шаруашылығы
қатар қанат жайған екен. Қайсысы тиімді?
– Рас, ата кәсіптен де таласым бар. Жалпы,
қазаққа мал жақын келеді. Малсыз өмір сүре ал-
майды. Бұл – дәлелдеуді қажет етпейтін акси-
ома. Сондықтан жұрт төрт түлігін түгендей ба-
стады. Қойды бақсаң мезгіліне сай көшіп-қонып
жүресің. Жылқы бағу да оңай емес. Ал, сиыр-
ды бір өріске үйрете алсаң жұмысың жеңілдейді.
Сондықтан Зеңгі бабаның асыл тұқымдысын
2003 жылдан бастап көбейтуге мән бердік. Қазір
сүт бағытында 300 сиыр бар. Тілін тапсаң табыс
әрбірінде бар. Тек еңбек ету керек.
– Қазір шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер
ет бағытындағы асыл тұқымды сиырды көбейтуге
әуес. Оның етін өткізуге мүмкіндіктер бар сияқты.
Ал, бізде сүт өңдейтін тетіктер дамымаған. Яғни,
тәуекел жасап отырған жоқсыз ба?
– Дұрыс айтасыз, кәсіпкерлер ет бағытындағы
асыл тұқымды мүйізді ірі қараға басымдық беру-
де. Мұны біз де қолға аламыз. Дегенмен, қолда
бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, қыруар
қаржы табуға болады. Мәселен, сүтті өңдейтін
шағын зауыт ашу жоспарда бар. Мұндай зауыт
Қытайдан шығып тұр. Тек зауыт ашқан жағдайда
шикізат көзімен қамтамасыз етілу жолын шешіп,
оның орналасатын жерін айқындау керек болып
тұр. Жалпы, 2017 жылы шағын зауытты ашуға
талпынып көремін.
Мен ойға қалдым. Шаруа адамының кәсібіне
қаныққан сайын түрлі сауал мазалай баста-
ды. Әрбір сұраққа нақты жауап қатқан орта
бойлы, жауырынды, күш-жігерлі кәсіпкердің
мақсат-мұраты асқақ екені көрініп-ақ тұрды.
Сөзге ғана емес іске де ширақ көрінді. Оны
қарамағындағыларға нақты тапсырма беріп,
ұзақ мерзімді жоспар құруынан тануға болады.
Қазірдің өзінде қырманға түскен дәнді қайда,
қалай жинау керектігін, қаншасын диірменге
жіберу жайын жігіттерге мұқият түсіндіріп жа-
тыр. Оның іске ыждағатты қарау сырын ұққандай
болдым. Ұйқыдан ерте тұрады, еңбекке ерте
қамданады,
күнделікті
жұмыс
жоспарын
жұмысшыға дұрыс жүктеп, орынды талап етеді.
Әрине, мұндай қарым-қатынас еңбек өнімділігін
де өсіре түседі.
– Еңбек еткенге берекелі, мерекелі за-
ман туды. Хорасан ата, Төлегатай, Қылышты
және Қылауыз атаға халықтың емін-еркін келіп
кетуін қамтамасыз ету мақсатында облыстық
бюджет есебінен жол орташа жөндеуден өтіп,
инфрақұрылым мәселесі шешілді. Мұның игілігін
диқандар да көріп отыр. Қазір егінжайдың басы-
на жету әп-сәтте. Сұхбаттасымның дегені сол еді
күмістей көмкерілген егінжайда комбайндар ке-
медей жүзіп жүргенін көрдік.
Шаруашылық күзгі ораққа тыңғылықты
әзірлікпен барғаны байқалады. Қауын-қарбызды
жинап болып, күрішті бастыруды еңсере ба-
стапты. Өнімділік әзірге орташа 45 центнерді
құрап отыр. «Берекелі гектарлар» алда екенін
еңбеккерлердің әрекеті дәлелдейтіндей. Олар
көтеріңкі көңілмен дала жұмыстарына араласып
кеткен.
Комбайн тізгінін ұстаған Асқанбай Канай-
беков: «80 гектарға орақ түсті. Құдай қаласа,
бірнеше күнде күріш орылып бітеді. Биыл дәнді
дақылдың шығымы жақсы. Тіптен, кейбір атыз-
да күріштің басы 190-270 дән байлағандықтан,
жерге сәжде жасап тұр. Алтын дәнді ысырап ет-
пеу үшін комбайн жаткасын мүмкіндігінше төмен
түсіріп, орудамын», – деп күздік көңіл-күйін
жеткізді.
Бірер минут өтті. Алыстан шаң көтерілді. Біз
дереу сол жаққа беттедік. Мәссаған, комбайншы-
лар бәсекесі екен. Нағыз еңбек ырғағы басталған.
Сары сабақты күрішті асыға, аптыға жұтып, ар-
тынан будақ-будақ шаң көтерген комбайнның
әрекеті күшті. Қара түтіні будақтап, ентігін баса
алмай бара жатқан комбайндар бірнеше айна-
лымнан соң жүк көлігіне келіп, алтын дәнді тиеп
жатыр. Іле-сала қайтадан дәнді далаға сүңгіп
кетеді. Табиғи көріністі тамашалап біраз тұрдық.
Сосын дала батырларына жақындадық.
(Жалғасы 2-бетте)
Алдымен, атына заты сай болуға күш-жігерін
жұмсап жүрген Мұхтар Шахановқа тоқталсақ. Ол
– аудандағы той бизнестің дамуына айрықша атса-
лысып жүрген жас талант. Жастық жалынын туған
жердің өркендеуіне арнаған Мұхтар Шаханов
бүгінде жаңадан ашылса да, көпшіліктің көңілінен
орын тауып үлгерген «Нұрсәуле» той ұйымдастыру
орталығының директоры. Бастамашыл идеясы мен
озық ойы арқылы ешбір мемлекеттік қолдаусыз
кәсіп ашқан жас Мұхтар бүгінде үш адамды тұрақты
жұмыспен қамтып, көпшілік разылығын табуда.
Айта кетерлігі, оның өршіл ақын Мұхтар
секілді өлеңмен таласы болмаса да, поэзияға де-
ген құрметі мен ықыласы ерекше. Оған жастайы-
нан жаттап өскен жыр жауһарлары дәлел болса
керек. Ақындық ауылына мойын бұрмағанымен,
ырғақты әуенге қоңыр дауысын қосып ән салатын
жігіт, Мұхтар Шахановты пір тұтады.
– Адамның аты затына сай болу керек де-
ген тәмсіл бекер айтылмаған ғой! Неғұрлым атың
асқақ болса, соншалықты биік белеске талпына-
ды екенсің. Бәлкім, небәрі 20 жаста жеке орталық
ашып, той бизнесті дамытып жатқаным да есіміммен
байланысты болса керек. Себебі, үлкендердің ылғи
«Мұхтар Шаханов деген атқа лайық бол» деп айта-
тын сөзі жадымда жүрді. Сол әсерлі сөз әлі күнге
дейін менің ар-намысымды қайрап, жігерімді жан-
дырып келеді. Соның арқасында керемет атқа дақ
түсірмей, тек жақсы теңеулер есту үшін тырысып
бағудамын, – дейді жерлес Мұхтар.
Расында, жалынды жастың тіктеп сөйлеген
сөзінен
Мұхаңдағыдай
реализмнің,
ақиқат
дауылының, таланттылық пен табандылықтың
исі айқын сезілді. Ол ақын болмаса да, әнші-
кәсіпкер ретінде Мұхтар Шаханов есімін күллі
Сыр жұртшылығына танытып үлгерді. Иә, біз
жүзін көріп, тілдескен жаңақорғандық Мұхтар
Шахановтың бүгінгі бейнесі осындай.
Ал, енді қазақтың көгіне өрмелеп шығып, күн
болуды мақсат етіп, Алаш жұртын патша үкіметінің
сойқан саясатынан арашалауды арман еткен
арда азаматтарға тоқталсам. Мәселен, кентте
жастықтың жалынына айналған Мағжан Жұмабаев
атымен аттас 1993 жылғы Мағжан бар. Сунақатада
да 1996 жылы туылған Мағжан Жұмабай тұрмыс ке-
шуде. Ең қызығы, ғаламда бір туатын, қазақты
әлемге танытқан классик жазушы Мұхтар Әуезов
есімдес азамат та біздің ауданда дүниеге келген.
Шіркін! Мұндай аты асқақ, жаны жайсаң жандар-
мен қалайша мақтанбассың?
(Жалғасы 4-бетте)
АТАҚТЫЛАРМЕН
АТТАС АДАМДАР
МҰХТАР
ШАХАНОВ ЖАҢАҚОРҒАНДА
ҚАНДАЙ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА?
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ХОРАСАН АТА-
НЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ МЕ? КЛАССИК ЖАЗУ-
ШЫ МҰХТАР ӘУЕЗОВТЫҢ СЫР БОЙЫНА
ҚАНДАЙ ҚАТЫСЫ БАР? ҒАНИ МҰРАТБАЕВ
ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ
ҮШІН ҚАНДАЙ ҚЫЗМЕТ ЖАСАУДА? ОСЫ-
НЫ БІЛМЕККЕ БІЗ БІРАЗ ІЗДЕНДІК. ӘСІЛІ,
СІЗДЕР СЕНБЕССІЗДЕР, БІРАҚ, АТАЛҒАН
ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ АТТАСТАРЫ
АУДАННЫҢ МӘДЕНИ-РУХАНИ ӨМІРІНЕ АРА-
ЛАСЫП, ӨЗІНДІК ҮЛЕС ҚОСУДА.
Ханзада ТӨРЕХАН.
АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ - САЯСИ ГАЗЕТ
2016 ЖЫЛ
№73 (7993)
17 ҚЫРКҮЙЕК
СЕНБІ
САҒАТТАР СЫРҒЫП, КҮН АР-
ТЫНАН КҮН АУЫП, АПТА-
ЛАР АЙДЫ ҚУЫП, ГРИГОРИ-
АН КҮНТІЗБЕСІНІҢ ТОҒЫЗЫНШЫ
АЙЫНА ДА ЖЕТТІК. СЫР БОЙЫ
ТАБИҒАТЫНА КҮЗДІҢ КІРБІҢ РЕҢІ
КІРДІ. ӘСІРЕСЕ, ТҰРАН ОЙПА-
ТЫН ҚУАЛАЙ АҒАТЫН СЕЙХУННАН
НӘР АЛАТЫН ТОРАҢҒЫЛ, ЖИДЕ,
СӘМБІ ТАЛДАН ҮЗІЛГЕН ЖАПЫРАҚ
КӨБЕЛЕКТЕРШЕ ҰШЫП, ЖЕРГЕ
ҚОНЫП, АТЫРАПТЫ САРЫ-ҚЫЗЫЛ
ТҮСКЕ БОЯП БАРАДЫ. ҚҰДДЫ
ТАБИҒАТТЫҢ ТЫЛСЫМ ҚҰДЫРЕТІ
ДАЛА ПЕЙЗАЖЫНА СЫРЛЫ СУРЕТ
САЛЫП ЖАТҚАНДАЙ.
КҮЗ ДЕМЕКШІ, ТАУЫҚ ПЕН
БАЛАПАНДЫ, БАЛЫҚ ПЕН
ШАБАҚТЫ САНАЙТЫН ЫРЫСТЫ,
БЕРЕКЕЛІ МЕЗГІЛ ҒОЙ! ЯҒНИ,
ДИҚАН ҚАУЫМЫ ДА АЛА ЖАЗ-
ДАЙ ЖЕРГЕ СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІНЕ
ЛАЙЫҚ ДӘН-ДАРИЯНЫ ШАШПАЙ-
ТӨКПЕЙ ЖИНАУҒА КІРІСЕТІН
УАҚЫТ. ОСЫНДАЙ ҚЫМ-ҚУЫТ
ҚАРБАЛАСТАН ДИҚАННЫҢ БІР
КҮНДІК ТІРЛІГІН КӨРІП, ҚАЛАМ
ТЕРБЕУ ҮШІН ҚЫРКЕҢСЕГЕ
АТТАНДЫҚ.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
Д
ән – дария
ТӨРТ ТҮЛІК ТҮСТІ
ТАУДАН
ТАУДАН
АҢДАТПА
Ең...
Ерубай ҚА
ЛДЫБЕК.
ҚАЗАҚТЫҢ АРУЫ ДЕГЕНДЕ КӨЗ АЛДЫМЫЗҒА АР-ҰЯТЫ ЖҮЗІНЕ ҰЯЛАҒАН,
АНТЫНА БЕРІК СЕРТІНЕ АДАЛ, ӘДЕБІ МЕН ИБАСЫ АСТАСҚАН ҚАРАКӨЗДІҢ
ЕЛЕСТЕЙТІНІ РАС. ҚОҒАМ ӨЗГЕРДІ МЕ, АДАМ ӨЗГЕРДІ МЕ, БҮГІНДЕ ҚАЗАҚ
ҚЫЗДАРЫНЫҢ СЫРТ КЕЛБЕТІ ЕШТЕҢЕ ЕМЕС-АУ, ЖАН ДҮНИЕСІ КӨРКЕМ
МІНЕЗДЕН ЖҰРДАЙ БОЛЫП ЖҰТАҢДАНЫП КЕТКЕНІНЕ КӨПТЕГЕН ДӘЛЕЛДЕР
КЕЛТІРУГЕ БОЛАДЫ. «ҚЫЗҒА ҚЫРЫҚ ҮЙДЕН ТЫЙЫМ» ДЕП ҚАРАУЫЛ ҚОЯТЫН
ҚАЗЕКЕМ АЙДЫҢ-КҮННІҢ АМАНЫНДА АРДАН АТТАП ТҮРЛІ ҚЫЛМЫСҚА БА-
РАТЫН ҚАРАКӨЗДІҢ ҚЫЛЫҒЫНА ТАҢДАНБАЙТЫН БОЛДЫ. БҰҒАН НЕ СЕБЕП?
САУАТСЫЗДЫҚ ДЕУГЕ СЕНГІҢ КЕЛМЕЙДІ, КӨЗІ АШЫҚ, ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ
ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫ АЯСЫНДА ТОЛЫҚҚАНДЫ
БІЛІМ АЛЫП, ҚОС ҚАНАТЫ ҚАТАР ЖЕТІЛІП ЕГЕМЕН ЕЛДІҢ КӨГІНДЕ ЕРКІН
ҚАЛЫҚТАҒАН ҚАРЛЫҒАШТАРЫМЫЗ ЖЕМТІККЕ ҮЙМЕЛЕГЕН ҚҰЗҒЫНДАЙ НӘЗІК
БОЛМЫСЫНА ЖАРАСПАЙТЫН ЖАТ ҚЫЛЫҚҚА НЕГЕ ЖАҚЫН БОЛЫП БАРАДЫ?
МҰНЫҢ АРТЫНДА «АЛТЫН КӨРСЕ ПЕРІШТЕ ЖОЛДАН ТАЙҒАН» ПЕНДЕЛІК
ПЫЙҒЫЛ ЖАТҚАНЫН МОЙЫНДАУҒА ТУРА КЕЛЕДІ. СӨЗІМІЗ ДӘЛЕЛДІ БОЛУЫ
ҮШІН ЖЕМҚОРЛЫҚ ДЕП АТАЛАТЫН ЖЫМЫСҚЫ ӘРЕКЕТІМЕН ЖАРИЯ БОЛЫП,
ЖАУАПҚА ТАРТЫЛҒАН ТӨМЕНДЕГІ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ АУДАНДЫҚ СОТТЫҢ КЕҢСЕ
МЕҢГЕРУШІСІ БИБАЙЫМ НӘЛІБАЕВАНЫҢ МӘЛІМЕТІНЕ НАЗАР АУДАРАЙЫҚ:
АРДАН
АТТАМАЙЫҚШЫ,
АРУЛАР!
Баян ҮСЕЙІНОВА.
Қаратауды жайлау еткен малшы қауым қоңыр күзде еру-
леп, үдере көшіп Сырды, одан ары Қызылқұмды бет ала-
ды. Яғни, ықылымнан көшпелі халықтардың тарихи
қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық даму жүйесі мен
шаруашылық-мәдени үрдісі жандана бастады.
Осы дәстүрді ұстанып отырған «Ынтымақ», «Тұртан ата»
және«Баратбек» шаруа қожалығының шопандарымен
жолығып, көштің тынысымен танысқан едік.
МАҚАЛАНЫҢ ТОЛЫҚ НҰСҚАСЫН ГАЗЕТТІҢ КЕЛЕСІ
НӨМІРІНЕН ОҚИСЫЗДАР.
ҚР Суретшілер Одағының мүшесінің «Аралдың асау
толқыны» атты жеке сурет көрмесі Тәуелсіздіктің 25
жылдығы аясында өтті. Оған суретшінің түрлі тақырыптағы
60-тан астам туындысы ұсынылды. Көрмеге облыс әкімінің
орынбасары Руслан Рүстемов арнайы барып қатысты.
– Уақыт өткен сайын жарқырай түсетін, сан ғасырлар
өтсе де өзінің мәні мен мағынасын ешқашан жоғалтпайтын
шынайы құндылықтардың бірі – бейнелеу өнері де-
сек, сол әлемнен ойып тұрып орын алып, сырын су-
рет әлеміне сыйғызып, сезімін сол сурет арқылы адамзат
жүрегіне жеткізіп жүрген, қазақ сурет өнерінде өзіндік
орны бар, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Берік
Қосайұлы Бөкешовтің таланты мен таным дүниесін тама-
шалау мақсатында осы көрме Сіздердің назарларыңызға
ұсынылып отыр. Берік Бөкешов – 300-ден астам суреттің ав-
торы. Оның туындылары Дания, Германия, Израйл, Жапо-
ния, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттеріндегі
жеке коллекционерлер қорында сақтаулы. Бүгінгі көрмеде
ұсынылып отырған қайталанбас жұмыстары уақыт көшінен
қалмай, мәңгі өшпес құндылықтар ретінде сақтала отырып,
эстетикалық тұрғыда рухани әсер сыйлайтындығы сөзсіз, –
деген облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемұлы талант
иесіне шығармашылық табыс тіледі.
Содан соң Берік Бөкешовтың шығармашылық жолдағы
ұстазы, белгілі суретші Шәкірбек Сәменов сөз алып,
шәкіртінің туындыларында өзгеше сарын, дара жолы бар
екендігін тілге тиек етті. Шара соңында көпшілік қылқалам
иесінің жеке сурет көрмесін тамашалады.
СУРЕТ – ҒҰМЫР
ҚЫЛҚАЛАМ
ИЕЛЕРІНІҢ ТУЫНДЫ-
СЫНАН ОНЫҢ ЖАН-
ДҮНИЕСІН ТҮСІНУГЕ БО-
ЛАДЫ. ЯҒНИ, СУРЕТШІНІҢ
ЖАН-ДҮНИЕСІНІҢ
ТАБИҒАТПЕН, ҚОҒАММЕН,
ҚАНШАЛЫҚТЫ ТЫҒЫЗ
БАЙЛАНЫСТА ЕКЕНІН
АҢҒАРУ ҚИЫН ЕМЕС.
ӘСІЛІ, СУРЕТШІ КЕЗ-
КЕЛГЕН ТУЫНДЫСЫНДА
ӨЗІНІҢ ӘСЕМ ӘЛЕМІНДЕГІ
НӘЗІК СЕЗІМДІ, МҰҢДЫ
ЖЕТКІЗУГЕ ТЫРЫСА-
ДЫ. ТІПТЕН, ҚЫЛҚАЛАМ
ШЕБЕРЛЕРІНІҢ
ШЕБЕРЛІГІ БІЗ ОЙЛАҒАН
ШЕКТЕРДЕН ДЕ АСЫП
ТҮСІП ЖАТАДЫ. СОНДАЙ
СУРЕТ-ҒҰМЫРДЫҢ ИЕСІ
БЕРІК БӨКЕШОВ.
Мақпал МАРҚАБАЙ.
(Жалғасы 3-бетте)