Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет37/112
Дата16.11.2023
өлшемі5,7 Mb.
#124217
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы. -1

Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз 
12-тапсырма.. Полилогті тыңдаңыздар.
 
Әуесқойлық 
Мехмет: -
Сен бос уақытыңда немен айналысасың? 
Радмир: -
Маған бокс ұнайды. Мен белгілі боксшылардың суреттерін 
жинаймын. 
Мехмет: -
Сенде барлық боксшылардың суреттері бар ма? 
Радмир: -
Иә, тек қана Серік Сәпиевтің суреттерін таба алмай жүрмін.
Ал сен немен әуестенесін? 
Мехмет: -
Мен спортшылардың өмірі туралы кітап оқығанды ұнатамын. 
Әнуар: -
Ал мен үнемі олимпиада символдарының суреттерін сатып 
аламын. Бекжанды не қызықтырады екен? 
Бекжан: -
Мен спорт машиналарының түрлерін жинаймын. 
Радмир: -
Маған бір қызық ой келді. Келесі айда “Менің әуес ісім” 
тақырыбына көрме ұйымдастырайық. Өте қызықты болады. 
Әнуар: -
Келістік. 
 Сұраққа жауап беріңіздер. 
1. Достар не жайлы әңгімелесті? 
2. Оларды не қызықтырады? 
3. Сіз бос уақытыңызда немен айналысқанды ұнатасыз? 
О
қ
имыз 
13-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.
 
Еркін күрес 
Күрес - ұлттық спорт түрі. Еуропада грек – рим күресі, ал Азия мен 
Шығыста еркін күрес жақсы дамыған.
Қазіргі кезде елімізде спортқа ерекше көңіл бөледі. Жасөспірімдер мен 
жастар еркін күреспен жиі айналысады. 
XX ғасырдың аяғында елімізге гольф, теннис, велоспорт және бильярд 
ойындары келді. Бұл спорт түрлерін дамытуға мемлекет ерекше назар 
аударуда. Спорт кешендері, гольф және теннис алаңдары салынды.
Біздің еліміз теннис пен велоспорт бойынша жақсы көрсеткіштерге ие. 
Биыл Лондонда өткен велоспорт жарысында А.Винокуров “Алтын 
медальді” жеңіп алды. Ол Қызылжар қаласында дүниеге келді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет