49
Әли: -
Рақмет. Табиғатта демалу жақсы ғой! Бірлік, мен
экологпін ғой, табиғат құбылыстарын зерттеп жүр едім.
Сенен
Қазақстанның табиғаты, өсімдіктері мен жануарлары туралы сұрайын деп
едім.
Бірлік:
- Ал бастайық. Сен сұрақ қой, мен жауап берейін. Келістік пе
Әли:
- Иә, Қазақстандағы «Табиғатты қорғау»
мәселесі туралы не
айтасың?
Бірлік:
- Табиғатты қорғау- адамның өмір сүруінің негізі. Олай болса,
адамдар
табиғат байлығын, өсімдіктерді, гүлдер
мен ағаштарды қорғап,
сақтауы керек.
Әли:
- Мен де солай деп ойлаймын.
Бірлік:
- Қазақстанның аумағы өте үлкен ғой. Оның кең даласында жусан,
жоңышқа, сарғалдақтар өседі.
Әли:
- Сирек кездесетін жануарлар туралы не айтар едің?
Бірлік:
- Жануарлар әлемінен киік, арқар, түлкі,
қасқыр және құстардан
шағалаларды кезіктіруге болады.
Әли:
- Әңгімеңе рақмет. Сенің еліңнің табиғаты жайында көп мәлімет
алдым. Адамдар табиғаттың қамқоршысы болуы керек
Жазылым
1.
Үлгі бойынша бұйрық райдың жекеше және көпше түрін
жасаңыздар.
Үлгі:
1) Табиғатты қорға+йын
Табиғатты қорға+йық
2) Орманға бар+айын
Орманға бар+ айық
Табиғатты сақтау- , гүл отырғызу- ,
Ағашты күту- , өртті сөндіру- , тал егу-
, қоршаған ортаны аялау - , көшені
тазалау - , қоқысты жинау - .
Достарыңызбен бөлісу: