Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет57/112
Дата16.11.2023
өлшемі5,7 Mb.
#124217
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы. -1

5.Қазақ тіліне аударыңыз.
До перерыва, до субботы, после восьми, после десяти, после собрания, 
после работы, до отпуска, через три дня, до понедельника, до завтра, после 
четверга, после пятницы, через год, через месяц, через сутки, через два 
часа. 

Студенттің уақыты
 
Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз
.
 

Сөздік қор 
Студенттің құзырына, мәселе, дәріс, тапсырмалар, артық 
уақыт, өткізген жөн, заманауи студент, секілді, пайдалы істер, ұмытпаған 
жөн, дарын, ғылым, зерттеу, арнайы курстар, күнделікті, талап, іске асыру, 
ғылыми шығармалар, әдетке айналдыру, түрлі ұйым, тәжірибе жинақтау, 
жоспар құру, мәдени ошақтар, көмектесуге тырысамын, маңызды 
шаруалар, тиімді пайдалану, достарыммен хабарласу. 
 
Ой түрткі 
-Сіз өз бос уақытыңызды
қалай өткізесіз? 
-Жалпы, студент бос уақытын қалай өткізуі керек? 
-Сіздің ойыңызша, студент өз бос уақытын наман байланыстыру керек? 
- Біздің универсиетте студенттің бос уақытын өткізуге арналаған қандай 
үйірмелер мен орталықтар бар? 

 Ты
ң
даймыз. О
қ
имыз


58 
1-тапсырма.
Мәтінді таспадан тыңдап, әңгімелеуге 
тырысыңыз. 
Студенттің уақыты 
Студенттің құзырына берілген уақыт екі бөлікке бөлінеді. Бірінші 
бөлігіне оқу үрдісіне байланысты мәселелер, оның ішінде дәріс 
барысындағы конспект, практикалық тапсырмаларды 
орындау, семинарға дайындық, кітапханада отыру т.б. 
енеді. Ал, екінші бөлігіне бірінші бөліктен қалатын 
минуттарды, яғни, бос уақытты жатқызуға болады. Дәстүр бойынша, 
артық уақыт көп болмайды, сондықтан, әрбір минутты пайдалы етіп 
өткізген жөн. Заманауи студент бұл уақытты достарымен қыдырып, тамақ 
ішіп, кино көріп, тауға шығып, компьютер немесе теледидар алдында 
отырумен өткізе алады. Бір жағынан бұл да дұрыс, екінші жағынан спорт, 
өнер, тіл үйрену секілді пайдалы істерді де ұмытпаған жөн. 
Сіздің
 
ғылымға, зерттеуге деген талабыңыз бар ма? Дарыныңызды 
мәпелеңіз және шыңдаңыз. Арнайы курстарға баруға уақытыңыз болса, 
күнделікті тұрмыста пайдаланатын тағамдарыңыз бен заттарыңызды іске 
асырыңыз. Әртүрлі сусындардың әсерін, өзгерісін бақылауға алыңыз. 
Ғылыми шығармалар оқуды әдетке айналдырыңыз. Ойларыңызды ашық 
айта біліңіз. Әрбір университет жанынан түрлі ұйым құрылады. Өзіңіздің 
қабілетіңіз жетеді-ау деген ұйымды таңдап, белсенділік танытыңыз. Сіз ол 
ұйымда жүріп тәжірибе жинақтайсыз, адамдармен танысасыз, өзіңізді 
ұстауды үйренесіз. Түрлі шараға баратын еріктілер қатарына жазылыңыз. 
Бұл да жеке өмір сүруді үйрену үшін таптырмас көмекші бола 
алады.Мәдени ошақтарды да ұмытпағайсыз, театрға, балетке, операға 
барыңыз, қызықты кітап оқуға, үлкен адамдар жиналатын ортаға баруды 
әдетке айналдырыңыз. Арнайы жоспар құрып, сонымен жүретін болсаңыз,
мұның бәріне уақыт табуға болады. Студенттің ізденуші 
екенін ұмытпаңыз, жақсы маман болу үшін көп оқу, көп 
іздену керек. 
Қазіргі уақытта мен студентпін.Сондықтан менің әр күнім 
бір-біріне өте ұқсас. Біз аптаның алты күні оқимыз, ал 
жексенбі күні – демалыс. Денсаулығым мен үшін өте қымбат, сондықтан 
бұл күні ең алдымен ұйқымды қандырып аламын, Әдетте сағат 10 немесе 
11-ге дейін ұйықтаймын. Содан соң бос уақытымды жоспарлаймын. Ең 
алдымен ата –анама көмектесуге тырысамын. Отбасымызбен маңызды 
шаруаларды шешеміз. Кейін өз бос уақытымды тиімді пайдалануға 
тырысамын, себебі «уақыт алтыннан да қымбат» . 
 
Бос уақытымды мен өте көңілді өткізуге тырысамын. Күннің екінші 
жартысында достарыммен хабарласып, Сити орталығында немесе 
А.Байтұрсынов алаңында кездесеміз. Бір-бірімізге жаңалықтар айтып, 
біраз уақыт демалып қайтамыз. Кейде түнгі клубқа, жаңа фильмді көруге, 
кейде шатханаға да барамыз. Ал, анда-санда дүкендерді аралап, өзіме 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет