100
жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың
жиынтығы пәтердегі бөлмелердің орналасуына және отбасы құрамына
байланысты болуға тиіс.
Жуынатын бөлме.
Алдымен бөлменің жинақы, таза, жарық болуы
қажет. Ішіндегі жабдықтар мен олардың түсін таңдауда ерекшеліктерге
мән беру керек. Ылғалданып тұруына жол бермеу үшін бөлмені желдетіп,
құрғатып қойған дұрыс. Ең тиімді тәсіл - бөлмені мұнтаздай таза ұстау,
құрғақ болуын қадағалап тұру.
Жуынатын бөлмеде қажетті жабдықтардың
толық болуына жағдай жасау керек. Бөлмеде
пайдаланатын ең ұтымды
түстер: күлгін, ашық жасыл, көгілдір, сарғыш, сонымен бірге ақ және қара
түс.
Дәліз, үйдің кіреберіс бөлмесі келіп-кетушілерді қабылдауға және
таратуға арналған үйдің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме.
Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын
биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне
мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіп көрсетеді.Ауыз үйде
қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: