41
3-тапсырма. Сөйлемдерді керекті сөздермен аяқтаңыз.
Сүт тағамдары біздің ағзамызды ... . Сүттен адам ағзасына пайдалы
көптеген өнімдер ... . Қазақ халқы сүт тағамдарын «ақ» деп ... . Ұлттық
тағамдар әлі күнге дейін өз қасиетімен жоғары ... . Қазақ халқы ақты
ерекше құрмет ... . Қазақ халқы үйге келген қонаққа алдымен қымыз
немесе шұбат сусындарын .... .
Керекті сөздер (ұсыну, емдеу, атау, бағалау. жасау, тұту)
4-тапсырма. Мәтін желісінде берілген етістіктерді есте ұстаңыз,
етістіктерді барлық қимыл түріне қойып, ауызекі тілде сөйлем құруға
дағдыланыңыз.
Мысалы: құрметтеймін – құрмет көрсетіп отыр, құрметтеді –
құрметтеген.
Мен ата-анамды құрметтеймін.
Олар ардагерлерге құрмет көрсетіп отыр.
Олар бізді құрметтеді.
Қазақ халқы үлкендерді әркез құрметтеген.
Құрметтеу, сақтау, дайындау, әзірлеу, бағалау, жүктеу, білу, қолдану,
алдын алу, көрсету, пайдалану, айналысу.
5- тапсырма. ˝Ұлттық˝сөзімен сөз тіркестерін құрып, есте ұстаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: