Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жѕне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет96/112
Дата16.11.2023
өлшемі5,7 Mb.
#124217
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   112
Байланысты:
Абильбекова Б.Т., Қазақ тілі Оқу құралы. -1

Тұрғын үй дизайны
Дизайн сөзі заттардың көркемдік үлгісін жасау деген мағынаны 
білдіреді. Дизайн өнері қазіргі заманда жаңаша сипатқа ие болып отыр. 
Қонақ бөлмесі - пәтердегі ең үлкен бөлме. Ол барлық отбасы 
мүшелерінің бос уақытын өткізуге — жұмыс күнінен соң демалуға, ән-
күйді тыңдауға, теледидар қарауға, қонақ қабылдауға арналған. Төргі 
бөлме жарық

кең болсын десеңіз, қабырғаның түс қағазын ашық түстіге 
ауыстырғаныңыз дұрыс, жұмсақ жиһаздың, кілемнің, терезе пердесінің 
түстері бір-бірімен үйлесулері керек. Корпустық жиһаз комплектісі қонақ 
бөлмеге жарасымды сипат беріп тұрады. Корпустық жиһаздарға киім-
кешек, төсек-орын, ыдыс-аяқ, кітап салатын
шкафтар, бар т. б. жатады.
Жиһазды қойған кезде қонақ бөлмесінің
түрлі аймақтарға бөлінуі керек екені ескеріледі. Корпустық жиһазды 
алғанда қонақ бөлменің көлеміне қарай таңдау керек.
Балаларға арналған бөлме күн көбірек түсетін жақта болғаны 
абзал. Онда балалар ұйықтайды, сабаққа дайындалады, ойнайды,
сурет салады. Сондықтан, бұл бөлмелерді жиһаздағанда балалардың
жас шамасын ескеру қажет.
Жатын бөлмеге де қоңырқай, сұр түсті таңдамағаныңыз дұрыс, себебі, 
ол түстер ауыр, сәттілік беретін түстер емес, жатын бөлмеге ашық түске
 
жақын түстерді таңдағаныңыз дұрыс. Жатын бөлмедегі негізгі жиһаздар — 
кереуеттер мен киім-кешек шкафы.
Ас бөлмеге ақ түсті ас үй жиһазын
алғаныңыз дұрыс, себебі ол бөлмені кеңейтеді
ал, терезеде ашық түсті перде болғаны дұрыс.. 
Тамақ ішетін ас үйде, яғни асханада отбасының барлық мүшесі бір 
мезгілде тамақ ішуге арналған үстел тұруға тиіс. Әрбір ас үйде қажетті 
Өз үйім – өлең 
төсегім 
Төрлетіңіз! 
Төрге шығыңыз! 
Құтты болсын!


100 
жабдықтарды дұрыс орналастырудың маңызы зор. Ас үйдегі жабдықтың 
жиынтығы пәтердегі бөлмелердің орналасуына және отбасы құрамына 
байланысты болуға тиіс. 
Жуынатын бөлме. Алдымен бөлменің жинақы, таза, жарық болуы 
қажет. Ішіндегі жабдықтар мен олардың түсін таңдауда ерекшеліктерге 
мән беру керек. Ылғалданып тұруына жол бермеу үшін бөлмені желдетіп, 
құрғатып қойған дұрыс. Ең тиімді тәсіл - бөлмені мұнтаздай таза ұстау, 
құрғақ болуын қадағалап тұру.
Жуынатын бөлмеде қажетті жабдықтардың 
толық болуына жағдай жасау керек. Бөлмеде пайдаланатын ең ұтымды 
түстер: күлгін, ашық жасыл, көгілдір, сарғыш, сонымен бірге ақ және қара 
түс.
Дәліз, үйдің кіреберіс бөлмесі келіп-кетушілерді қабылдауға және 
таратуға арналған үйдің ішкі бөлімдеріне кіру алдындағы бөлме. 
Ауыз үйдегі ең қажетті заттық бірі — айна. Оның тікесінен қойылатын 
биік айна болғаны жөн. Ондай айна адамның тұла бойын толық көруіне
мүмкіндік берумен бірге ауыз үйді кеңейтіп көрсетеді.Ауыз үйде 
қабырғаға кіргізе жасалған көлемі әр түрлі шкафтар да пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   112




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет