Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Информатика курсында пайдаланылатын прогаммалық құралдар



бет15/20
Дата26.05.2022
өлшемі249,5 Kb.
#35641
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
1.3.3. Информатика курсында пайдаланылатын прогаммалық құралдар

Программалық құралдарды жасаудағы қазіргі үрдіс инструменталдық құралдардың көптеп таралуымен сипатталады. Білім беру жүйесінде дидактикалық мақсатта пайдаланылатын инструменталдық программалық құралдар (ИПҚ) қолданылады. Мұндай программалық құралдар оқыту программаларын құруды немесе пәндік мазмұны жоқ оқу ортасын сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Аталған инструменталдық құралдар информатиканы оқытуды сүйемелдеу үшін де пайдаланылады, сондай-ақ, курсты программалық қамтамасыз етудің құрамдас бөлігі болып табылады.


Шартты түрде инструменталдық құралдарды оқытушыға және оқушыға әсер ету, мұнда алдын-ала дайындықтың қажеті жоқ. Оқытушыға арналған деп бөлуге болады. Кез-келген оқыту құралын пайдаланудың мақсаты оқушыға әсер ету, мұнда алдын-ала дайындықтың қажеті жоқ. Оқытушыға арналған инструменталдық программалық құралдар оны оқытуға дайындау үшін педагогтан алдын ала дайындалуды талап етеді. Сөйтіп, оқытушының инструменталдық программалық құралына оқыту программаларын құруға немесе оқыту процесін басқаруға мүмкіндік беретін құралдарды жатқызамыз. Мұндай құралдардың аясы өте үлкен, оған оқыту программмаларын құруға арналған ИПҚ-дан бастап, жергілікті желіні сүйемелдейтін программаларға дейін жатқызуға болады. Оқытушының инструменталдық программалық құралына: программалау тілдерінің орталары, жергілікті желіні сүйемелдеу құралдары жатады.
Программалу тілдерінің орталарын оқытушы информатика сабағанда оқушыларға ппрограммалау негіздерін үйрету үшін пайдаланады. Бірақ мұғалімнің программалау тілдерінде оқыту программаларын жазуға мүмкіндігі бар. Сондықтан, программалау тілдерінің орталарын мұғалімнің инструменталдық құралына жатқызуға болады. Ал, мұғалім жергілікті желіні сүйемелдеу программаларын оқу процесін басқару үшін пайдаланады. Мұндай типтегі программалық құралдар дидактикалық мақсаттағы инструменталдық программалық құралдарға жатады, өйткені олар тек оқу процесін сүйемелдеу үшін қолданылады. Және олардың ешқандай пәндік мазмұны жоқ. Осындай жергілікті желіні сүйемелдеуге арналған құралдардың көмегімен информатика пәнінің мұғалімі оқытуды дербестендіріп, оқушылардың білімді меңгеру процесін бақылау деңгейін жоғарылатады.
Оқыту программасын құруға арналған программалық құрал деп сценарийі ұсынылатын жүйенің үлгісіне кіретін оқыту программасын дайындауға арналған программалық жүйелерді түсінеміз. Мұндай программалардың қызметі әртүрлі, олардың көп бөлігі шектеулі түрде қолданылады. Осы шектеулерге қатысты инструменталдық программалық құралдар негізінде құрылатын программалар универсалды және арнайы деп бөлінеді.
Арнайы оқыту программаларын құруға арналған ИПҚ-дар өз кезегінде үш топқа бөлінеді: 1) жаттықтыру (информациялық бақылау); 2) информациялық іздеу; 3) бақылау программалары. Арнайы оқыту программаларын құруға арналған ИПҚ-дың үш топқа бөлінуі олардың дидактикалық қызметімен түсіндіріледі. Бұл күндері жасалған программалардың көпшілігі бірінші типке жатады және олар: «Стратег», «Editor», «Private Tutor» және т.б. Информациялық іздеу жүйелерінде сұрау режимі қарастырылмайды. Мұндай ИПҚ-дың мақсаты пәндік мазмұны бар анықтамалар құру.
Қазіргі уақытта информациялық іздеу жүйелерін мәліметтер қорын басқару жүйелері негізінде құрады, сондай-ақ іздеу жүйелерін құруға арналған арнайы инструментальдық құралдар да бар.
Универсалдық ИПҚ-дар жаттықтыру, информациялық іздеу және бақылау курстарын жасауға мүмкіндік береді. Арнайы ИПҚ-дар мен салыстырғанда универсалдық құралдар , мысалы, жаттықтыру курстарына информациялық іздеу жүйелерін қосу мүмкіндіктерін береді. Универсалды ИПҚ-ға “Адонис”, “Link Way”, “Tencore” және т.б. жатады.
Эксперттік оқыту жүйелерін құру құралдары-бұл оқыту процесін программалық-әдістемелік қамтамасыз етуді жасаудағы дамып келе жатқан жаңа бағыт. Оның негізінде арнайы сала бойынша есеп шығаруға пайдаланылатын білімді беруге болатын программаларды жасауға болады. Эксперттік оқыту жүйесінің мектеп практикасындағы қолданылуы көптеген мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді:

  • қарастырылып отырған пәндік сала бойынша диалогтық режимде есеп шығарудың стратегиясы мен тактикасын түсіндіру;

  • оқытудағы алынатын білім, іскерлік пен дағды деңгейінің диагностикалық кестесін көрсете отырып бақылау;

  • оқыту процесінің аумағын оқушылардың өз бетінділік жұмысына аудару;

  • оқушылардың эксперименттік зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру.

Информатиканы оқыту барысында оқушылардың информациялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы программалау дағдысына үйрету мен қолданушылық дағдыны қалыптастыру екені белгілі. Осы негізде оқушыға арналған инструментальдық құралдарды екі үлкен топқа бөлуге болады: программалауды оқытуды сүйемелдейтін инструментальдық құралдар және оқушылардың компьютерді қолданушылық дағдысын қалыптастыру құралдары -обьектілі бағдарланған программалар.
Оқушыға программалауды оқытуға арналған инструментальдық құралдардың негізгі мақсаты –оқушылардың алгоритмдік ойлау стилін дамыту болып табылатын программалау тілдерінің орталары мен оқу орталарын жатқызуға болады. (мысалы, ЛОГО, Школьница, Е-практикум және т.б.).
Ал, обьектілі бағдарланған программаларға оқушылардың болашақ мамандығына тәуелсіз практикалық аса қажетті программаларды жатқызуға болады. Объектілі бағдарланған программалармен танысудың ең төменгі деңгейдегі жиынтығы ретінде келесі программаларды атауға болады: 1) электрондық кестелер 2) редакторлар (текстік, графикалық және музыкалық); 3) мәліметтер қорын басқару жүйелері; 4) интегрцияланған пакеттер.
Егер мұғалімге арналған инструменталдық құралдар–алдыңғы кезекте оқыту құралы қызметін атқарса, ал оқушыға арналған инструменталдық құралдар –ол әрі оқыту обьектісі, әрі оқыту құралы қызметін атқарады. Сондай-ақ мұнда программалау тілдері оқушыға да, мұғалімге де инструменталдық құрал болып табылады, бірақ дидактикалық мақсаты-пайдалануына тәуелді әртүрлі. Жоғарыда атап көрсетілгендей, мұғалім үшін программалау тілдерінің орталары –бұл біріншіден, программалауға үйрету, екіншіден, оқу процесін сүйемелдейтін оқыту программаларын құратын орта болып табылады. Оқушылар тіл ортасында жұмыс істей отырып, программалаудың қарапайым дағдыларын меңгереді, олай болса, оқушылар үшін тіл орталары бір мезгілде әрі оқыту құралы, әрі обьектісі болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет