Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет1/20
Дата26.05.2022
өлшемі249,5 Kb.
#35641
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
311 топ Студенті Жанат алиева Д



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Гуманитарлық – Экономикалық колледж
Қорғауға жіберілсін
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары
___________ Р.Қ Жантлеов
«_____» _______________ 2019

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС


Пәні: «Информатиканы оқыту әдістемесі»


Тақырыбы: Оқытуда қолданылатын әдіс тәсілдер
Орындаған: Информатика мұғалімі
311 – топ Студенті Жанатқалиева Д.О
Жетекшісі: Байжуманова Р.Е

Талдықорған 2019 ж


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ................................................................................................2


1. ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


1.1. Информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі хал-ахуалы..................4
1.2. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістемесі бойынша
жүргізілген зерттеулер...................................................................................14
1.3. Информатиканы орта мектепте оқытудың әдістері, оқыту
құралдары мен ұйымдастыру формалары..................................................16

2. ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ АРҚЫЛЫ ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МҮМКІНДІКТЕРІ


2.1. Есеп шығарудың алгоритмдерін жазудағы әдістемелік
ерекшеліктер.................................................................................................25
2.2. Информатика есептерін қолдану арқылы оқытудың ойлау
тиімділігін арттыру......................................................................................27
2.3. Негізгі мектептегі оқушыларға ақпаратты өлшеудің есептер
жүйесін алфавиттік тәсілмен оқыту...........................................................29
2.4. Негізгі мектептегі оқушыларға ақпаратты өлшеудің есептер
жүйесін мағыналық тәсілмен оқыту...........................................................31

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................33


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..................................................................34


Кіріспе

Қазіргі уақытта әлемде қоғамның ақпараттық мәдениет деңгейі мемлекеттің даму көрсеткіштерінің бірі ретінде қарастырылады. Бүгінде жоғары және үздіксіз білімге деген сұраныстың артуына байланысты білім берудің түрлі мақсаттағы құрылымдары пайда болуда. Қазіргі информатика курсы дүниежүзілік педагогика ісінде теңдесі жоқ құбылыс саналады. Еліміздің мектептерінде информатика пәні енгізілгеніне 20 жылдан асты. Осы мерзім ішінде есептеуіш техника қарыштап дамып, пән талабы заман талабына сай жетілдірілді. Білім беруді ақпараттандырудың негізі информатиканы үздіксіз оқыту жүйесі болып табылады. Бұдан информатикадан жаңа сапалы білім беру жетістігіне жету құрылып енгізілетін ақпараттық технологиялар дәстүрлі оқыту технологиясымен үндестік таба отырып, дәстүрлі білім беру жүйесімен табиғи түрде интеграцияланған жағдайда ғана жүзеге асады. Информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі информатиканы оқу пәні ретінде қалыптасып дамуында маңызды роль атқарады. Сондықтан оның компоненттерін талдау мәселелерін ашу өзекті мәселе болып есептеледі, өйткені оларды құрастырмайынша оның әрі қарай дамуы мүмкін емес.
Түлектік жұмыстың өзектілігі –информатиканы орта мектепте оқытудың теориялық әдістемелік негіздерін қолданып, информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі жағдайын, оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары мен мазмұнын және есептер шығару арқылы информатиканы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруды көздейді.
Түлектік жұмысымның мақсаты– қазіргі ақпараттық қоғамда информатика пәнін оқытудың жаңа жүйесін қолдану арқылы оқытудың әдістемелік мүмкіндіктерін пайдаланып, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық негіздерін қалыптастыру, есеп шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамытып, шығармашылыққа жетелеу. Информатика сабағында оқушының шығармашылығын қалыптастыруға және ақыл-ойын, ойлау қабілетін, ынтасын дамыту жолында оқушыларға түрлі есептерге программа құрғызу үлкен рөл атқарады. Программа құру әр есептің шығарылу алгоритміне байланысты болса да үлкен шығармашылықты талап етеді. Жаңа ақпараттық технологияларды құрумен айналысу үшін програмалау тілдерін меңгеру қажет. Паскаль программалау тілі программалауға көп мүмкіндік беретін ыңғайлы тіл. Қазіргі информация ағымын адамзат тек ЭЕМ –нің көмегі арқылы қабылдайды. ЭЕМ информацияны автоматты түрде өңдеуді жүзеге асырады. Сондықтан ЭЕМ-да программалау информатиканың негізгі ядросы болып табылады, ал қазіргі есептегіш техникалар –оның материалдық базасы. Түлектік жұмыстың теориялық бөлімінде информатиканы орта мектепте оқытудың әдістемелік жүйесінің мүмкіндіктері жайлы мағұлматтар зерттелініп, қысқаша баяндалады. Түлектік жұмыс кіріспеден, 2 бөлімнен, компьютерлік есептер жинағынан, қорытындыдан, лабораториялық жұмыстан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

1 ТАРАУ. ИНФОРМАТИКАНЫ ОРТА МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ


1.1. Информатиканы орта мектепте оқытудың қазіргі хал –ахуалы
Ақпараттық мәдениетті қоғам мүшелерін дайындау мақсатында информатика пәнін оқытудың жаңа жүйелері күннен-күнге өзгеріске ұшырап даму үстінде. Орта білім беру жүйесіндегі информатиканың ролі әлемнің жүйелі ақпараттық бейнесін, адам мен ақпараттық ортаның тиімді өзара қарым-қатынасын қалыптастырудағы ақпараттық білімнің мәнімен, қазіргі заманның ақпараттық қоғамдағы кәсіби қызметтің негізгі құраушысы ретіндегі ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырумен анықталады.
Информатика әлемінің қазіргі дамуы жағдайында информатиканы мынадай үш бөлім аясында қарастыруға болады: теориялық информатика, әлеуметтік информатика, ақпараттық технологиялар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет