Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Инфоратиканы оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары



бет7/20
Дата26.05.2022
өлшемі249,5 Kb.
#35641
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20
Байланысты:
311 топ Студенті Жанат алиева Д

Инфоратиканы оқыту әдістемесінің жалпы мақсаттары

Қазірігі уақытта информатиканы оқыту әдістемесі қарқынды даму үстінде, оның көптеген мәселелері теориялық жағынан зерттеуді талап етеді. Педагогика ғылымының осы саласы тұтас, әрі толық бір мәнді болу үшін информатиканың барлық деңгейде оқытылуы зерттелуі керек: мектепке дейінгі кезеңде, мектепте, орта оқу буындарының барлық типтерінде жоғарғы мектепте информатиканы өзінше оқитындар үшін және т.с.с. Осы аталған буындардың бәрі қазіргі уақытта педагогика ғылымының алдына өзіне тән проблемаларын қоюда.
Инфоратиканы оқыту әдістемесі оқытудың жалпы мақсаттарына сәйкес өзінің алдына келесі негізгі міндетерді қояды: Информатика және есептегіш техниканы үйретудің нақты мақсатын және орта мектептегі жалпы білім беру пәнінің мазмұнын анықтау оқыту түрлерін ұсыну; Информатика мен есептегіш техниканы оқытудың барлық құралдарын қарастыру, мұғалімнің практикалық жұмысына оларды қолдануға нұсқаулар беру.
Мектеп пәндерін оқыту әдістемесінің алдына қойылатын дәстүрлі сұрақтар информатиканы оқыту әдістемесінің де алдына қойылады.

  1. Оқытудың мақсаты.

  2. Оқытудың мазмұны.

  3. Оқытудың әдісі.

  4. Оқыту туралы.

  5. Оқытуды ұйымдастыру жолы.

Бұл айтылғандардан басқа екі мәсселеге көңіл аудару керек. Олар: 1) кімді оқытамыз?, 2) кім оқытады? Информатиканы оқыту әдістемесі жаңадан қалыптасып келе жатқан жас ғылым . Педагогика ғылымының іргелі бөлігі ретінде өзінің дамуында информатиканы оқыту әдістемесі философияға, педагогикаға, психологияға, информатикаға сүйенеді. Сонымен қатар, орта мектептің кеңейтілген басшылыққа алған тәрбиесін басшылыққа алады.
Информатика әдістемесіне біріктірілген барлық әдістемелік педагогикалық білімдер мен тәжірибелер жиынтығынан «Информатиканы оқыту әдістемесі» деп аталатын пән бөлініп шығады. Бұл оқу пәнінің мазмұнында информатиканы оқыту әдістемесінінң жалпы теориялық негіздері, типтік техникалық құралдар жиыны және сонымен бірге мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдістері қарастырылады.
Жалпы оқытудың негізгі мақсаты –оқушыны дамыту. Осы мақсатқа сәйкес жас және педагогикалық психологиясында, сондай-ақ оқыту теориясында негізгі орын алған мәселе–дамыта отырып оқытуды зерттейтін бағыт. Баланы дамыту сөзін кең мағынада алғанда оның организміндегі психикалық және физиологиялық өзгерісі, кез-кеелген қасиетіндегі қарапайымнан күрделіге, төменгі сатыдан жоғарға сатыға көшу деп түсінеді. Егер бұл мәселені оқыту мен дамытудың өзара қатынасы тұрғысынан қарастыратын болсақ, онда дамыту деп, әдетте, ақыл-ойды дамытуды түсінеміз. Мұндағы маңызды мәселе, баланың ақыл-ойын дамыту қай деңгейде оқытуға, ол қандай дәрежеде оның организмінің табиғи дамуына тәуелділігімен қорытындыланады. Бұдан оқытудың потенциалды мүмкіндігінің шекарасын тағайындауға, сондай-ақ, нақты дидактикалық өзгерістің мақсаты мен міндетін анықтау шығады. Сондықтан оқыту мен дамытудың өзара қатынасы дидактиканың аса маңызды әдіснамалық мәселесі болып табылады.
Ал, енді информатиканы оқытып, үйретудің мақсаттары жалпы білім беретін орта және кәсіптік бағдар беретін мектептерде тәрбиелеу мен білім берудің жалпы мақсаттарымен, сонымен бірге ғылыми өзгешелігі, қазіргі қоғамдағы және ғылымдар жүйесінде алатын орнымен анықталады.
Алғашқы кезеңде (1985-86 оқу жылы) информатика пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты оқушыларда компьютерлік сауаттылықты қалыптастыру болып табылды. Алайда шетелдік және отандық тәжірибелер оқу мақсатын бұлайша анықтаудың жеткіліксіз екенін көрсетті. Өйткені, компьютерлік сауаттылық басқа пәндерді оқу барысында қалыптасатын жалпы сауаттылықтың құрамды бөліктерінің бірі болып табылады.
Әрине, компьютерлік сауаттылық курсы оқытудың жалпы мақсаттары қатарынан шығарылып тасталмайды. Дегенмен де, курсты оқытудың басты мақсаты орта білім беру мақсатынан туындайды.
Орта білім берудің басты мақсаты –жеке тұлғаның өзіне, қоғамға қажет қабілеттерін қалыптастырып, дамыту және өз бетімен білім алу, өзін-өзі дамытуға жағдай жасау.
Сонымен мектептің алдына төмендегідей үш негізгі мақсат қойылады:

  1. білімберу;

  2. тәрбиелілік;

  3. практикалық

Енді мектепке тән осы негізгі мақсаттардың информатиканы оқытудың жалпы мақсаттарына қатысты болатынын көрсеткен. Мектепке информатиканы оқытудың білім беру мақсаты -әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінің алғашқы фундаментальды білімін беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеріуге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады.
Информатика ғылымының жалпы білім берудегі қызметі өте жоғары. Информатикадан білім негіздерін меңгеру оқушылардың жалпы, ақыл –ойын дамытуға, олардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін нығайтуға елеулі әсер етеді. Сонымен, информатиканы оқытудың білім беру дамытушылық мақсаты –оқушының шығармашылық қабілетін, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруға, ақы–ойын, ойлау өрісін, ынтамен дамытуға, яғни қызмет субъектісі ретінде қалыптастыруға бағытталған.
Мектептегі информатика курсының практикалық мақсаты –оқушылардың еңбекке және политехникалық дайындығына үлес қосу, олардың мектеп бітіргеннен кейінгі еңбек етуіне дайындығын қамтамасыз ететін білімдермен, дағдылармен және іскерліктермен қаруландыру. Курстың бұл мақсаты қолданбалы және теориялық аспектілердің байланысын жүйелі түрде ашып көрсетіп, алгоритмдеудің программалаудың ЭЕМ-нің қазіргі кезеңдегі өндірістегі ролі мен маңызын айқындау болып табылады. Информатика курсында кәсіптік бағдарлау мақсатында информатикаға және ЭЕМ-ға байланысты мәліметтер, ЭЕМ-ны пайдаланатын басқа ғалымдар жайында мәліметтер берілуі тиіс. Мұнымен қатар информатиканың практикалық мақсатының «тұрмыстық аспектісі» де бар. Ол күнделікті өмірде, тұрмыста жастарды компьютерлік техниканы сауатты пайдалануға үйретеді. Қорыта келгенде, информатиканы оқытудың практикалық мақсаты–оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір сүруге бағытталған.
Мектептегі информатика курсының тәрбиелік мақсаты өте зор. Информатиканы оқу барысында ой еңбегінің мәдениеті жаңа саналы деңгейде қалыптасады; оқушы өзінің жұмысын жоспарлай білу, оны ұтымды орындай білу, бастапқы жоспарды оның орындалуымен байланыстыра білу сияқты жалпы адамзаттық мәні бар қасиеттер де қалыптасады. Информатиканы оқытудағы алгоритмдер мен программалар құру, оларды ЭЕМ-да орындау оқушыдан ойлануды және шыдамдылықты арттыруды, көңіл қоя білуді, көз алдына елестете білуді талап етеді. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, шығармашылық, белсенділік көрсете білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, сенімді тәртіпті болып, бар мүнкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады. Алгоритмді жазуға дағдылану жауапкершілікпен қарауды, жаңа талап қоюды керек етеді. Сонымен инфориматиканы оқытудағы тәрбиелілік мақсат –оқушыны азаматтыққа, адамгершілік қасиетке және жоғары саналылыққа баулуға бағытталған.
Информатиканы оқып үйренудің жоғарыда аталған мақсаттары бір-бірімен өте тығыз байланысты., оларды бір-бірінен ажыратуға болмайды. Мектепте информатиканы оқытудың жалпы мақсаттары нақты оқу процесіне байланысты нақты мақсаттарға айналады, яғни нақты тақырыптарды оқытудың мақсатына айналады. Пәнді оқытудың нақты мақсаттарын анықтау жалпы дидактикадан басталады. Қазіргі қоғамның дамуына байланыстты дидактиканың көптеген қағидалары өзгеріске ұшырап отыр. Информатика жас ғылым болғандықтан ол даму үстінде, оны мектепте оқыту мазмұны да әлі қалыптасу үстінде. Информатиканы мектепте оқытудың алғашқы кезеңінде компьютерлік сауаттылықты ғана қалыптастыру мәселесі қойылды, ал мұның мағынасы тар екенін тәжірибе көрсетіп дәлелдеп отыр. Ал қазіргі кезеңде информациялық мәдениетті қалыптастыру қажет екені көрінеді.
Дәл қазіргі уақытта педагогиканың алдындағы тұрған міндет –оқушыға әлемнің информациялық бейнесін түсіндіру. Информациялық бейне дегеніміз не? «Ол оқушыға өзін қоршаған информациялық сферада бағдар алуға мүмкіндік беретін информациялық байланыстар мен сигналдар, белгілер жүйесінің жиынтығы; информациялық ағымды пайдаланып, оны мүмкіндігіне қарай басқарып, оның мазмұнын сапалы түрде талдай білу, қоршаған ортаға бейімделу мақсатында тура және кері байланысты жүзеге асыру және оның саяси-әлеуметтік, экономикалық, экологиялық құрылымын жетілдіру,»-деп түсіндіреді Н.Ф. Талызина.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет