2.3. Негізгі мектептегі оқушыларға ақпаратты өлшеудің есептер
жүйесін альфавиттік тәсілмен оқыту
Ақпарат жиынтығын өлшеудің өзі «ақпарат» деген түсініктен әрқашан өзгеше болады. Ақпараттың маңыздылығын өлшеудің негізі, ол ақпарат дегеніміз –белгісіздікті жою. Алфавитті тәсіл дегеніміз –ол кез-келген хабарды соңғы берілген алфавиттің символдарымен кодтайды. Жалпы білім беру мектептерінде информатика курсында екі тәсілді де қарастыру керек.
мазмұнды тәсіл;
алфавитті тәсіл.
Бұл оқушыларға ақпарат өлшеудің бірліктерін түсіндіреді, символдарын, терминологиясын үйретеді. Әртүрлі әдістермен ақпараттың санын анықтауға көмектеседі, әртүрлі тасымалдағыштардың ақпараттық сыйымдылығын өлшейді. Әртүрлі берілген мәліметтердің ақпараттық көлемін бағалайды. Осы ақпараттардың негізгі теориясын жақсылап түсіну оқушылардың ойлау сапасына әсер етеді, адамдардың ақпараттық кеңістікте адаптациялауын және толығымен бейімделуіне көмектеседі, ақпараттың көмегімен сыртқы ортаны оқушылардың түсінуіне және білуіне көмектеседі. Белгілі бір білім алу үшін білікті болу үшін көптеген әдістемелік оқу есептерінің жинтығы қажет, олар өткен оқу материалдарын тексеріп және оларды есте сақтауға әсерін тигізеді. Ақпарат өлшемінің бірлігі-битті енгізгеннен кейін алфавиттік тәсілге көшу үшін ақпарат өлшемінің жиынтығын білу қажет, ол әмбебап әдіс болып табылады және хабардың мазмұнына байланысты емес. Бұл үшін оқушыларға белгілі Хартли формуласының есептері берілген. Талдау былайша болып клкді. Кез келген алфавиттік тілдің символдарын енгізуге болады, соңғы вариант саны (N), ол алфавиттің қуатына сәйкес келеді, бір символдық ақпараттың салмағы (i), онды мына формулалар жүйесімен 2i =N хабарлардың ақпараттық көлемін табамыз(I). Тең ықтимал символдардың санын (к) симвлодардың ақпараттық салмағына көбейтеміз I=k*i .
Осы алфавиттік тәсілмен ақпараттарды өлшеп компьютерге сәйкес келетін сепетерді қарастырамыз. Алфавиттің ең кіші қуатын аныұтаймыз, осы арқылы ақпарат алуға болады. Олай болса 1 символда екілік алфавит 1 бит ақпарат береді. Ақпарат сандарымен екілік белгілердің санының арасындағы сйцкестіккті орнатамыз. Ақпарат өлшемініңбірлігін алфавиттік тәсілмен анықтаймыз. Бит (binary digit –екілік белгі) –бұл ең кіші ақпарат өлшемінің бірлігі. Кмпьютерде екілік таңбамен анықталады. «Бит –ең кіші ақпарат өлшемінің бірлігі, мына хабарлар түрі: белгі бар немесе жоқ». Биттен жоғары ақпарат өлшемінің бірлігі –байт, алфавиттің компьютерлік қуатын анықтайтын есеп шығарамыз. Анықталды, 7 битте (128 символ) ол аз, ал 8 битте (256 символ) жеткілікті. Олай болса 1 байтта 8 бит бар. Ақпаратты өлшеу бірліктеріне бұл өте ыңғайлы. Компьютерде кез келген ақпарат тек қана 2 сигналмен беріледі, ал екілік таңбалардың саны- хабарлардың ақпараттың санына сәйкес келеді. Сонда 256 символдық компьютерлік алфавитке 8 екілік таңбалар керек. Олай болса, байт-8 екілік таңба. Одан да үлкен ақпарат өлшемін пайдаланатын есептерге басқа ақпарат тасымалдаудың көмегімен анықтайтын есептер керек. Физикалық өлшем бірліктеріне ұқсас (мысалы, 1кг-1000г, 1000 –ға жақын кестедегі 2 бүтін сан, бұл ұғым 1024. Сондықтан 1 килобайт (Кб)һ1024 байт=210 байт, 1 мегабайт (Мб) = 1024 Кб =210Кб және т.б.) Бұл есептерде тасымалдағыштардың сыйымдылығын нақты немесе жуықтап есепетеуге болады. Осы есептер жүйесін алфавиттік тәсілмен есептеу кезінде белгілі бір есептердің шығару этаптарымен және типімен, бағытымен есептеу керек:
егер алфавиттің қуаты белгілі болса, онда символдардың ақпараттық салмағы;
хабарлардығы ақпараттар сандары;
алфавиттің қуаты;
хабардағы символдардың саны.
Бұл жағдайда есептерді шығару үшін рационалдық әдіспен шығару және т.б әдістермен оқушылардың өздерінің қабілетімен және бұл есептерді шығару кезінде дұрыс құруға және символдарды дұрыс пайдалануына көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |