Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі



бет24/35
Дата12.11.2022
өлшемі0,67 Mb.
#49636
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
kur -esepter-shygaru-arqyly-informatikany-oqytu

Label 10;
...
Begin
...


Goto 10;
...

10: y: =2*x;
end.
Құрама оператор
Бірнеше операторлардың бірігуінен шыққан операторды құрама оператор деп атаймыз. Бұл операторлар begin (басы) және end (соңы) қызметші сөздер арасында жазылады. Әр оператордан кейін (;) нүктелі үтір таңбасы қойылады.
Құрама оператордың жалпы жазылуы:
begin
1 -оператор;
2 - оператор;
N - оператор
end;
Begin (басы) және end (соңы) сөздерін операторлар жақшасы деп қарастырсақ, жоғарыдағы мысалды мына түрде жазуға болады:
(1-оператор; 2-оператор; ...; N-оператор)


Шартты көшу операторы
Алгоритмдік тілде қойылған шартқа байланысты екі немесе екіден де көп тармақтары бар алгоритм - тармақталған алгоритм деп аталады. Осындай тармақталған алгоритмді программалауға шартты көшу операторы қолданылады.
Шартты көшу операторының жалпы жазылуы:
If <шарт > Then <1- оператор> Else <2 - оператор>;
Мұндағы: If (егер) қызметші сөзден кейінгі жазылған шарт ақиқат болса, Then (онда) сөзінен кейінгі жазылған 1-оператор орындалады, шарт сақталмаса Else (әйтпесе) сөзінен кейінгі 2-оператор орындалады. Шартты көшу операторы алгоритмдік тілдегі тармақталу командасына сәйкес келеді.


1-мысал, х аргументі бойынша функцияның мәнін есептеудің программасын жазу:


Program eгep;
Var x, у: real;
Begin
writeln ('x=?');
readln (x);
if x<=0 then y:=x else y:= sqr (x);
writeln ('y=', y);
end.


Программада қажеттіліке қарай IF операторын бірнеше рет қолдануға болады.
Мысалы: Берілген а, в, с үш бүтін санның ең кішісін табу


Program esep2;
Var a, b, c, min: integer;
Begin
Writeln('үш бүтін сан енгіз');
Readln (a, b, c);
If aIf cWriteln (үш санның кішісі min= ', min);
Readln;
End.
Erep, then және else қызметші сөзінен кейін орындалатын операторлар саны екі немесе екіден де көп болса, онда бұл операторларды begin және end операторлар жақшасына аламыз. Яғни, шартты көшу операторын құрама оператордың көмегімен жазамыз. Құрамында құрама операторы бар IF операторының жазылуы:
If <шарт> Then
Begin
< 1 -оператор>;
<2-оператор>;
<п-оператор>;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет