Қол жетерлік мақсаттар. Мақсаттар ұйым мүмкіндіктерінен асып кетпейтіндей етіп, белгіленеді;
4 Өзара қолдаушы мақсаттар. Бір мақсаттың орындалуына қажетті әрекеттер мен шемшімдер басқа мақсаттардың орындалуына кедергі келтірмеуі керек.
Ұйымдарда әртүрлі мақсаттары болады. Өйткені мақсаттар қандайда бір ерекше белгілерге байланысты ерекшеленеді Олар мақсаттар типологиясында көрініс тауып отыр.
Менеджмент жүйесіндегі міндеттердің ерекшеліктері:
- міндеттер сандық сипаттамаларға сәйкес келетін ұйымның тікелей мақсаттарын көрсетеді;
- міндеттерді келісілген мерзімдерде орындалуға тиіс жазылған жұмыстар, жұмыстар сериясы ретінде жиі анықтайды,
- техникалық тұрғыдан алып қарағанда, міндеттер жұмысшыға емес, оның қызметіне байланысты жазылады. Әрбір қызмет ұйыммен енгізіледі.
Ұйым міндеттері үш категориядан тұрады Бұл адамдармен, заттармен (машиналар, шикізаттар, құралдар), ақпараттармен жұмыс. Мысалы зерттеуші әртүрлі және күрделі мшдеттерді орындайды және олар бір күн, апта немесе жыл бойында мүлдем қайталанбауы мүмкін. Міндеттердің кейбіреуін орындау үшін, зерттеушіге бірнеше сағат немесе күн қажет етіледі Жалпы алғанда, басқарушылық жұмыс монотонды, қайталанбалы сипатта болып, және әрбір жұмыс түрінің орындалу уақыты басқару жұмысының төменгі деңгейден жоғарғыға өту кезінде жоғарылайды
Ұйымның құрылымы - бұл ұйымның мақсатына неғұрлым тиімді жетуге жағдай жасауға, арналған басқару деңгейлері мен функционалды облыстардың өзара қарым-қатынасы, демек, ұйымның мақсатына тиімді жетуді қамтамасыз ететін, формада тұрғызылған ұйым конструкциясы. Бұл конструкция әртүрлі әкімшілікті қызметтер арасында билік және коммуникация арналарынан сондай-ақ сол арналар арқылы келетін, ақпараттардан тұрады.
Ұйымдық құрылымның басты функциясы - бақылауды және үйлестіруді қамтамасыз ету.
Мамандану және еңбек бөлінісі ұйымдағы еңбек өнімділігінің жоғарылауына әкелді. Бірақта, егер адамдар және ұйымдық бөлімшелер арасындағы қарым-қатынастар нақты анықтанылмай және үйлестрілмейтін болса, онда мамандану тиімділігін жоғалтады.
Барлық ұйымдардың менеджмент иерархиясы бар, оның шеңберінде ұйымның барлық мүшелері озінің беделі мен мәртебесіне сәйкес нақты орын алады. Иерархияның төменгі бөлігіндегі адамдар, олар менеджменттен тыс қызметкерлер деп аталатын, тікелей жұмыспеп айналысатындар.
Осы деңгей қызметіндегі менеджерлер негізгі күшті адамдармен жұмысқа, жеке адам аралық қатынастар және техникалық орындаулармен байланысты шешімдерге жұмсайды.
Ортаңғы деңгей менеджерлерінің қолдарында үлкен билік бар. Орта буын менеджерлерінің басты міндеті - өте маңызды міндеттерді шешудің дұрыс әдістерін табумен тұжырымдалады. Осы деңгей менеджерлері сондай-ақ өз бөлімшелері үшін жоспарлар құруға және міндеттерді қоюға қатысады, кей жағдайда жалпы ұйым үшінде жасайды.
Ортаңғы деңгей менеджерлері - бұл құрылымдық бөлімшелер басшылары, бөлім басшылары және тағы басқалары.
Жоғарғы менеджерлер ұйымның басты міндеттерін қоюға, даму стратегиясы мен ішкі құндылықтарын қалыптастыруға жауап береді.
Барлық деңгей менеджерлері әр түрлі дәрежеде менеджменттің барлық сфераларын қамтиды, яғни маркетинг, қаржы, операциялық және өндірістік менеджмент, әкімшілік және жалпы менеджмент, персонал және менеджменттщ басқада түрлері.
Жалпы ұйымдағы басқарудың негізгі деңгейлері және құрылымның әртүрлілігі оның артықшылығы мен кемшіліктері жайында алдыңғы бөлімдерде толығымен қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |