Ќазаќстан республикасыныѕ білім жјне єылым министрлігі


Лекция № 9. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы. Басқарудың қазіргі заманғы құқықтық-ұйымдастыру формалары



бет19/27
Дата31.12.2021
өлшемі394 Kb.
#23524
түріБағдарламасы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27
Байланысты:
УМКД ОПиМП каз 2021-2022

Лекция № 9. Басқарудың ұйымдастыру құрылымы. Басқарудың қазіргі заманғы құқықтық-ұйымдастыру формалары
Басқару құрылымы – бұл басқару жетектері мен сатыларының, олардың өзара байланысы мен өзара бағыныштылығының жиынтығы. Басқарудың ұйымдастыру-шылық құрылымы жекеленген әкімшілік бернелерін қалыптастыру үшін негіз болып табылатын қаңқаны жасап шығарады. Басқару құрылымында әрбір сатының, әрбір жетектің байланыстары ашып көрсетіліп, басқарудың жекеленген бернелерінің интеграциялық және арнайы мамандардың дәрежесі көрсетіледі.

Басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру кезінде әртүрлі сызбанұсқалар (сүлбелер) пайдаланылады, олардың ішінде кеңінен таралғандары – тораптық , бернелік және торапты – штабтық сызбанұсқалар .

Басқарудың тораптық сызбанұсқасы кезінде басқару жетектері өндірістің жетектеріне сәйкес келеді. Бұл басқару сызбанұсқасы міндеттердің нақты қалыптастырылуын, басшының өзіне бағынышты барлық бөлімшелердің қызмет нәтижелері үшін толық жауапкершілігін қамтамасыз етеді.

Бұл сызбанұсқаның кемшілігі құзырлы мамандарды бағынышты – бөлімшелердің қызметін басқаруда пайдаланудың шектелген мүмкіндіктері болып табылады.

Бернелік басқарудың сызбанұсқасы басшылық етуге сәйкес мамандарды тартуға негізделген, бұл өндірістік мәселелерді едәуір құзырлы шешуге, тораптық басшылардың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мұндай сызбанұсқаның кемшілігі келесіде: бұл кезде тапсырылған жұмыс үшін жауапкершілік және оны басқару бірлігінің қағидасы бұзылады, өйткені төменгі жетектің басшысы бір емес, бірнеше бастықтан нұсқаулар алады.

Аталған кемшіліктерді өндірісті басқарудың тораптық – штабтық сызбанұсқасы аластатуға мүмкіндік береді.

Басқарудың бұл сызбанұсқасы кезінде жоғары тұрған деңгейдегі өндірістік жетек басшысына өзінше бір басқару штабы болып табылатын бірнеше бернелік бөлімшелер немесе атқарушылар бағынады. Дегенмен басшының шешімдері төменде тұрған өндірістік жетекке тікелей жеткізіледі. Мұндай сызбанұсқа бірегей басшылық пен бернелік бөлімшелердегі құзырлы мамандардың қызметінің едәуір тиімдірек үйлестірілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның бернелік бөлімшелері басқару аппаратын түзеді. Автокөлік кәсіпорындарындағы басқару аппараты қызметкерлерінің саны автокөлік кәсіпорындарының инженерлік – техникалық жұмысшылары мен қызметкерлері санының типтік құрылымдары мен нормативтеріне сәйкес орнатылады.

Кәсіпорынның еңбек жалақысы қорының орнатылғанаралық шектеріндегі құрылымы мен штаттың тізімін кәсіпорын басшысы бекітеді.

Автокөлік кәсіпорындарымен басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдарының сызбанұсқаларын көптеген себепкерлерді (кәсіпорынның ведомстволық бағыныштылығын, жергілікті жағдайларды, көлік құралдарының санын және т.б.) ескере отырып жасап шығарады.



Автокөлік кәсіпорнын жоғары тұрған органның бұйрығымен қызметке тағайындалатын және босатылатын басшы (директор, бастық) басқарады. Директор бірегей бастықтың құқықтарына ие болатын басшы болып табылады. Ол кәсіпорынның барлық құралдарына иелік етеді, кадрларды таңдап, орналастырады, кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің қызметін бақылайды. Ол сақталуына жеке басымен жауапты. Директор кәсіпорын әкімшілігінің атынан кәсіпорынның еңбек ұжымының өкілі болып табылатын жергілікті кәсіподақ комитетімен ұжымдық келісім – шарт жасасады. Автокөлік кәсіпорны директорының әдетте, екі орынбасары: техникалық қызметі жөніндегі орынбасары болады. Директордың орынбасарлары мен бас бухгалтер қызметке кәсіпорын директорының ұсынысы бойынша жоғары тұрған органмен тағайындалады және босатылады.


Сурет 1. Автокөлік бірлестігін басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы.


Автокөлік кәсіпорынның бас инженері техникалық қызметті басқарады және жылжымалы тізбектің техникалық күйі, материалдық – техникалық базаның күйі мен дамуы үшін жауапты. Бас инженердің міндеттеріне сондай-ақ жаңа техниканы енгізу, өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру, кәсіпорындағы құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, рационализаторлық және өнертабыстың жұмыстарды дамыту, техникалық оқытуды ұйымдастыру және т.б. кіреді. Өзіне жүктелген міндеттеріне сәйкес бас инженер материалдық құндылықтар мен қорлар үшін жауапты, өндірістік жұмысшылар мен техникалық персоналға берілетін сыйақы мөлшерін орнату құқығына ие болады және т.б.

Цехтарды, аумақшалар мен бөлімдерді, қызметтер мен басқа да өндірістік және бернелік бөлімшелерді тиісті басшылар басқарады. Олар кәсіпорын басшысымен бекітілетін сәйкес өкілеттіліктерге, белгілі – бір жағдайларға ие болады.

Соңғы жалдары кәсіпорындарды ірілендіріп, солардың негізінде өндірістік бірлестіктер құру кеңірек таралуда (сурет 1).

Автокөлік бірлестігін басқаруды бас директор жүзеге асырады, оған филиалдардың директорлары, бас инженер және бас директордың коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары бағынады.

Бас инженерге жылжымалы тізбекті техникалық ақаусыз күйде ұстап отырумен, материалдық – техникалық базасын дамытумен айналысатын техникалық қызметтің бөлімшелері бағынышты.

Бірлестіктің бас директорының коммерциялық жұмыстар жөніндегі орынбасарына тасымалдауларды келешектегі және ағынды жоспарлаумен, бағыт жолдарды белгілеумен (маршрутизация), тасымалдаулардың диспетчерлік басшылығымен және басқа да сұрақтармен айналысатын пайдалану қызметінің бөлімшелері бағынады.

Автокөлік бірлестігінің басқару құрылымына сондай-ақ бас бухгалтермен басқарылатын орталық бухгалтерия, бас директорға тікелей бағынатын бернелік бөлімдер ( жоспарлық – экономикалық, қаржы, кадрлар бөлімі, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, жол қауіпсіздігі бөлімі және т.б.) кіреді.

Ереже бойынша, автокөлік бірлестігі бас кәсіпорын болып саналатын бір ірі автокөлік кәсіпорнының негізінде құрылады. Осы кәсіпорынның қызметін басқаруды ұйымдастыру үшін бірлестікті басқару құрылымында бас директордың бас кәсіпорын бойынша орынбасары мен бас инженердің бас кәсіпорын бойынша орынбасарының қызметтері қарстырылған.

Автокөлік бірлестігінің құрамына кіретін барлық қалған кәсіпорындар филиалдар мәртебесіне ие болады.

Автокөлік кәсіпорыны пайдалану қызметінің негізгі міндеттері:



  • жүкті жөнелтушілер мен жүкті қабылдаушылардың тасымалдау-лардағы қажеттілігін зерттеу;

  • тасымалдау жоспарын орындау;

  • жылжымалы тізбекті тиімді пайдалану;

  • жол бойындағы жылжымалы тізбек жұмысын есепке алу және бақылау.

Техникалық қызметтің негізгі міндеттері:

  • көлік құралдарын техникалық баптау және жөндеудің барлық түрлеріне шұғыл жоспарлау;

  • көлік құралдарының техникалық баптауы мен ағынды жөндеуін ұйымдастыру;

  • материалдық – техникалық жабдықтау жөніндегі жұмыстардың бүкіл жиынтығына басшылық ету;

  • өндіріс жаңашылдарының алдыңғы қатарлы тәжірибесін зеттеу және тарату, еңбекті ғылыми ұйымдастыру, техникалық творчество, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау жөніндегі іс – шараларды жасап шығару және енгізу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет