Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет1/6
Дата26.01.2023
өлшемі119 Kb.
#63102
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Психология 1 лекция


Психология туралы түсінік
Психология – психикалық құбылыстардың пайда болуын дамуын және заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психология ерте заманнан келе жатқан білім салаларының бірі. Оның дүниеге келген жері Ежелгі Греция. «Психология» гректің екі сөзінен тұрады. Оның біріншісі «псьюхе» (жан), екіншісі «логос» (сөз, ілім). Сөйтіп, бұл сөзді жан туралы ғылым деп түсінген жөн.
Психологияның даму тарихы .
Психологияның даму кезеңдері 4 бөліктен тұрады:
1 – ші кезең – жан туралы ғылым ретінде. Бұл анықтама 2000 жылдан бұрын берілген. Бұл кезең бойынша жанның бар екендігі адам өміріндегі түсініксіз құбылыстармен түсіндіріледі. Мысалға, жан туралы ғылыми түсінік ежелгі грек ғалымы Аристотель (б.з.д. 384 – 322 ж.ж.) есімімен байланысты. Жанның не нәрсе екендігі туралы 3 пікір бар. Біріншісі – жан деген бөлік, өз алдында бір нәрсе дейді. Екіншісі – жан деген іскерлігінің бір түрі дейді. Яғни, жан деген жеке зат жоқ, жан деген дененің бір бөлігі деген сөз. Үшінші – жан деген ойлау, сезу басқа барлық жан көріністерінің жалпы аты дейді. Ертедегі грек ойшылдардың бірі Демокрит
( б.з.д. 460 – 370 ж.ж.) сол кездің өзінде - ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін , оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427 – 347 ж.ж.) керісінше, жан мәңгі, өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
2 – кезең – психология сана туралы ғылым ретінде. Бұл XVII ғасырда жаратылыстану ғылымының дамуымен түсіндіріледі. Сезіну, ойлау түсінуге деген қабілетті олар сана деп түсінеді. Мысалға, XIX ғасырда өмір сүрген немістің кейбір оқымыстылары (Момшотт, Бюхнер, Фохт): «бауыр өтті өзінен қалай бөліп шығарса, мида ойды солай бөліп шығарады» деп адамның сана – сезім процесін ми шығаратын заттың ерекше бір түрі деп түсіндіреді.
3 – кезең. Психология тәртіп, мінез – құлық туралы ғылым. XX ғасырда айтылған пікір. Бұл психологияның басты мақсаты нақты мақсат қойып адамның қылықтарын, мінез – құлқын, тәртібін бақылау.
4 – кезең. Психология психикалық құбылыстардың пайда болу механизмдерінің дамуы, қалыптасу заңдылықтарын зерттейді. Психикалық құбылыстар дегеніміз – бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттарының құбылыстарының мидағы бейнелейді. Осы психикалық құбылыстарды 3 топқа топтастырамыз:

  1. Психикалық процестер – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарын сезім мүшелеріне әсер етіп, миымызда бейненуі.

  2. Психикалық қасиет – бұл бір адамды екінші бір адамнан ажыратуға негіз болады (қабілет, темперамент, мінез).

  3. Психикалық күй – адамның әр түрлі кездегі көңіл – күй (ренжу, қуану, долдану, шаттану, зерігу т.б.)Мысалы, оқушының сабаққа деген зейінділігі немесе селқостығы, адамда болатын шаттану не ренжу осындай жағдайлар және т.б.

Психикалық құбылыстың табиғи ғылыми негізін жасауда, оны материалистік тұрғыдан түсінуге орыстың ұлы ғалымдары И.М.Сеченовтің рефлекстер жөніндегі пікірлері мен И.П.Павловтың жоғары нерв қызметі туралы ілімнің маңызы зор болды.
XIX ғасырдан бастап психология өз алдынан эксперименттік ғылым ретінде қалыптаса бастады. 1879 жылы неміс ғалымы Вунт тұңғыш рет психологиялық лаборатория ұйымдастырды. Кейіннен 1885 жылы Ресейде Бехтеров дәл осындай лабораторияны ұйымдастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет