Зат есім. Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты



Дата07.01.2022
өлшемі70,73 Kb.
#20592
түріДерексіз

Зат есім. Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты.

Зат есімнің лексика-семантикалық сипаты.



Заттың атын білдіріп, кім? не? Деген сұраққа жауап беретін сөздер зат есім деп аталады. Мысалы: әке (кім?), оқушы (кім?), мал (не?), құс (не?)

Зат есім лексика-семантикалық сипатына қарай:


  • Адамзат, ғаламзат зат есімдер;
  • Жалқы, жалпы зат есімдер;
  • Деректі, дерексіз зат есімдер деп бөлінеді.

Деректі, дерексіз зат есімдер

Айналадағы заттар мен құбылыстардың адамға танылуы әрқалай. Олардың бірін қолмен ұстап, көзбен көруге болады, ал енді бірін оймен, ақылмен ғана сезіп білеміз. Осындай ерекшелігіне байланысты олардың өзі деректі және дерексіз болып бөлінеді.

Нақтылы тануға болатын зат атаулары деректі зат есім деп аталады. Олар мектеп, қағаз, ағаш, қалам және т.б.

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары дерексіз зат есімдер деп аталады. Мысалы: адамгершілік, ақыл, қуаныш, парасат, сезім және т.б.



Деректі болсын, дерексіз болсын – екеуіне де кім? не? деген сұрақтарға қойыла береді.

А.Байтұрсынов зат есімдерге анықтама беріп, оларды мағыналық түрлеріне қарай деректі және дерексіз деп бөледі. Оларға «зат тегінде екі түрлі. Біреулері- көзге көрінетін, құлаққа естілетін, мұрынға иісі келетін, тілге татылатынғ денеге сезілетін деректі заттар, екіншелері – көзге көрінбейтін, құлаққа естілмейтін, мұрынға иісі келмейтін, тілге татылмайтын, денеге сезілмейтін, адам ақылымен ,ана білетін дерексіз заттар» деген анықтама береді.

Тапсырма: Мәтіндегі деректі, дерексіз зат есімдерді анықтап, ойларыңды дәлелдеңдер.

Сайыпқыран, тәкаппар Гүлсары көзі жайнап, бір бүйірлеп билей басып ортаңа шықты. Ол өзінің құдыреттілігін, сұлулығын, даңқты екенін сезгендей болды. Алдына қара салмай бағы жанып тұрған кезде жүйріктің аты жер жарады. Десе де, кім біледі, күншілдік түрі тоқсан тарау: адамға қастандық, істеймін деп аттың табанына шеге қағып жіберетіндер де бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет