Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет4/5
Дата16.02.2023
өлшемі72 Kb.
#68569
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Мінез

3 – сұрақ. Мінезде жеке бітістер және сапалармен қатар тұлғаның қоршаған ортаға икемдесуін қамтамасыз етуші жалпы қылық тәсілі – мінез типтернін ажыратуға болады. Мінез типін анықтауда нақты адамдар мінезінің жалпы да мәнді, өмірлік қажетті тараптары ескеріледі.
Осыған орай мінез келесі типтерге бөлінеді:
1. Үйлесімді мінез типі – қоршаған ортаға икемділігімен ерекшеленеді. Мұндай мінезді адамда ішкі қарама – қарсылықтар болмайды, ойлаған ойы мен істеген ісі бір – біріне сай келеді. Көпшіл, ерік күші мол, қайсар, бір сөзді. Өмірдің барша қиын жағдайларында таңдаған бағыт – бағдарынан қайтпайды, көзқарас, талғамын ауыстырмайды. Мақсат – мұраттары мен принциптері үшін күреске дайын. Бұл адамдардың өмір сүру тәсілі жағдайға бағыну емес, оны өз қалауына орай өзгерту.
2. Іштей қарама – қарсылықты, бірақ сырттай келісімді мінез адамы. Бұл типті адамның ішкі ниеттері мен сырт әрекет – қылығы арасында келіспестік бола тұрып, өзінің қоршаған ортамен қатынасында әлеумет талаптарына ыңғай береді, іс - әрекетін соларға бағындырып, үлкен күшпен орындайды. Өзін ерік билігінен бірде босатпайды, жан, ой дүниесін сырттай болмыс шындығынан ажыратпаудың жолдарын іздестіруге дайын тұрады.
Сыртқы дүниемен болған араздықты мұндай адамдар өздерінің ой – пікірлерін қайта қарастырумен, психологиялық қорғаныс іздестіру және әлеумет қолдамаған күнделікті тұрмыс күйбеңіне берілмеу жолдарымен шешуге бейім келеді. Қоғам мүшелері қабылдаған рухани құндылықтарды мойындайды, бірақ сыртқы жайларды өзгертуге ынталы емес.
3. Икемі кем, қарам – қарсылық мінез адамы: көңіл – күй, ниеттері мен әлеуметтік борыштары арасындағы үйлеспестік орын алған, шамданғыш, ұнамсыз эмоциялары басым, тілдесу қабілеті нашар дамыған, іс - әрекетін ақыл сарабына сала бермейді. Бұл мінез адамдарына тән қасиет. Қоршаған дүниемен арақатынасын нақты әрекет – қылық жүйесіне келтірмеген, өмір желісі қарапайым бағытты – тез өзгеріп тұратын қажеттері, олар пікірінше, қандай да күш жұмсамай – ақ бір сәтте қанағаттандырылуы тиіс.
Олар өмір үшін күреске дағдыланбаған, қажырсыз. Балалық шағында бұл адамдар шектен тыс мәпеленіп, төңірегіндегілердің орынсыз артық қамқорлығынан дербестік қалыпқа үйренбеген. Осыдан, әрқандай кедергіден қорқады, ойланып, жол іздестіруге шамасы жетпейді. Қиыншылықтарды абыржумен қабылдап, ырықсыз психологиялық қорғаныстармен (шарбаялық, қыңырлық, нәтижесіз армандау) айналып өтуге тырысады.
4. Тиянақсыз мінезді адам - бағыт – бағдарының тұрақсыздығынан, принциптік бостығынан төңіректегі жағдайға ыңғайшыл келеді. Жеке адамдық деңгейі төмен. Тұрақты мінез – құлығы қаланбаған, осыдан барша іс - әрекетінде қоршаған ортаға ыңғайлану, қатынас адамдарына жағымпаздану бұл адамның бойына сіңген мінездік көрініс.
Мұндай адамдардың ішкі жан дүниесі дөрекі қарапайымдылыққа негізделген: тіршілік үшін болған әрекет – қимылы тіке, бірбеткей. Күнделікті күйбең мүдделеріне жетуде ойланып- толғануды білмейді, өз мүдделерін шектей алмайды. Олар үшін кедергі біреу – ақ – сыртқы; ішкі сапалық, жандүниелік қиыншылықтарды өлшестіруге ақылы жетпейді, бар көздегені – мол, оңай олжа, бір мезеттік игілік. Бұл адамдардың барша ынта – ықыласы, нақты, қалыпты жағдайды пайдаланумен қажеттерін мейлінше толық қамтамасыз ету. Ыңғайласу, жағымпаздықпен ішкі дүниесін тысқы жағдайларға бағындыру – мұндайлардың негізгі мінездік болмысы.
Бүгінгі өткен тақырып бойынша қоятын сұрақтарыңыз бар ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет