Сабақ конспектісі Тақырыбы: Мінез Тексерген: Куребаева Г.А.
Орындаған: Сүттібаева Г.Д.
Семей – 2007.
I. Ұйымдастыру (2 мин)
II. Үй тапсырмасын сұрау (20 мин)
III. Жаңа сабақ (35 мин)
IV. Сабақты бекіту (10 мин)
V. Сабақты қорытындылау (7 мин)
VI. Бағалау (3 мин)
VII. Үйге тапсырма беру (3 мин)
Шартты белгілер:
____________ - студенттер жазады
? – студенттерге қойылатын сұрақтар
! – студенттерге тапсырма
Тақырыбы: Мінез
Мақсаты. Білімділік: студенттерге мінез туралы жалпы түсінік беру.
Дамытушылық:студенттерге жағымды мінезді қалыптастыру дағды, іскерлік қабілеттілігін дамыту.
Тәрбиелік: студенттерді ұйымдастырушылық, ұстанымдық, бір – бірін тыңдауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: баяндау, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақ түрі: аралас
Көрнекіліктер: сызбалар, дәптер, қалам, оқулық
Пәнаралық байланыс: адам анатомиясы және физиологиясы
Қолданылған әдебиеттер: Қ.Жарықбаев. Психология. Алматы, 1993ж. 236-247 беттер
Қ.Жарықбаев. Жантану негіздері. Алматы, 2002ж. 302-313 беттер
С.Бап – баба. Жалпы психология. Алматы, 2004ж. 225–238 беттер
Ә.Алдамұратов. Жалпы психология. Алматы, 1996ж. 102-108 беттер
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру: Сәлеметсіздер ме? Бүгін сабақты сіздерге мен жүргізетін боламын. Менің аты – жөнім – Сүттібаева Гүлнар Даутанқызы. Бүгін сабақта кім жоқ? Егер түгел болсақ, сабағымызды бастайық. Біз алдыңғы сабақтағы «Темперамент» тақырыбын қайталап және «Мінез» тақырыбын өтеміз.
II. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге қандай тапсырма беріліп еді? Қазір мен сендерге үйге берілген тапсырма бойынша бірнеше тапсырма беремін, кімде, кім сұраққа нақты және дұрыс жауап берсе, сабақта белсенділік танытса, сол жақсы бағаланады. Ал сұрағымызды бастайық:
Темперамент дегеніміз не?
Темперамент туралы ең алғаш кім пікірін айтты?
Темпераменттің физиологиялық негізін ғылыми тұрғыда дәйекті етіп түсіндірген академик.
Темперамент түріне жалпы сипаттама.
Сангвиник типіндегі адамдардың мінезі.
Әлсіз типке жататын темперамент түрі.
Флегматик типіне тән қасиеттер.
Холерик типіне тән қасиеттер.
Темперамент типтерінің бір – бірінен айырмашылығы.