Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет24/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Бейсеуов Әсет Көпбайұлы (13.10. 1938, Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарталы ауылы - 20.3.1996, Алматы) - композитор, Қазақстанның халық артисі. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториядағы композиция мамандығы бойынша білім алды.
1961 - 1964 ж. Текелі қаласының музыка меқтебінде мұғалім, 1964-1966 ж. Мәдениет үйінде қызметкер, 1966 - 1967 ж. Есік музыка мектебінде мұғалім, 1967 - 1968 ж. Ұзынағашта Мәдениет үйінің көркемдік жетекші болды. 1969 - 1974 ж. «Гүлдер» ансамблінде, 1974 - 1980 ж. Қуыршақ театрында қызмет істеді. Бейсеуов қазақ эстрадасында музыкасының дамуына үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Шақырады көктем», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, Бейсеуов бірнеше спектакльдерге (С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), қинофильмге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Алдар көсе», «Жаздың соңғы күні», т.б.) музыка жазды. Көптеген ән жинақтары жарық көрді. Қазақстан Комсомол сыйлығының иегері (1972).

Ғизатов Бейсенғали 1975 жылдың 10 мамырында Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданының Жәнібек ауылында дүниеге келген. Музыкатанушы, өнертану ғылымының кандидаты, (1965 жыл). 1953 жылы Алматы консерваториясының тарихи-теориялық факультетін бітірген. 1957-1963 жылдары Қазақстан көркем әдебиеті баспасының редакторы, музыка училищесінің теориялық пәндерінің оқытушысы. 1963-1966 жылдары М.Әуезов атындағы ҚазССР Ғылым академиясының әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқыды. 1969 жылы сол институтта аға ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. Осы уақыт аралығында 15-тен аса кітап жазды. Автор қазақ өнеріндегі ең алғашқы ұлттық оркестрдің пайда болуы мен көркемдік қалыптасуын, оның дирижерлері мен композиторларының шығармашылық қызметтерінің сипатын зерттеді.
Жалпы білім беретін орта мектептердің бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру мәселесін игеруге үлкен үлес қосты. Бірнеше рет қайта басылып шыққан көптеген оқулықтар жазды. Музыкатану саласы бойынша жазған елеулі еңбегі «Күйден симфонияға дейін» кітабы. Онда автор оқырмандарды Кеңес үкіметі кезіндегі Қазақстанның музыка өнерінің дамуымен таныстырады. Ғизатов музыка сыншысы ретінде де белгілі. Оның газет, журнал беттерінде Қазақстанның музыкалық өмірінің өзекті мәселелері жайлы 100-ден аса мақалалары жарияланған.
Шығармалары: «Домбыра үйрену мектебі» (Л.А.Хамидимен авторлық бірлестікте). Алматы, 1950, 1961, 1964; «Мектептегі ән және музыка сабағы» Алматы, 1951, 1956, 1962; «Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік ұлт аспаптар оркестрі», шығармашылық жолдары туралы очерк, Алматы, 1957ж.; «1 класқа арналған музыкалық әліппе» Алматы, 1963ж.; «Латыф Хамиди» Алматы, 1966ж.; «2 класқа арналған ән сабағы» Алматы, 1959ж.; «4 класқа арналған ән сабағы» Алматы, 1969 ж., «Академик А.Жұбанов» Алматы, 1971ж.; «Қазақстандағы музыкалық білім беру», 1975ж.; «Күйден симфонияға дейін», 1976ж.; «1 сыныпқа арналған музыка әліппесі» 1980ж.; «Мектептегі музыка сабағы 2 класс», 1980ж.; «Қазақша музыкалық терминологиялық сөздік», 1981 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет