Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет6/34
Дата27.11.2023
өлшемі3,31 Mb.
#128679
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34
Байланысты:
Оқу құралы

Қайталау үшін сұрақтар



  1. Ән айту ережелері қандай?

  2. Хормен ән айту жаттығулары не үшін керек?

  3. Музыкалық дыбыстың шулы дыбыстан айырмашлығы неде?

  4. Қандай альтерация белгілері бар?

  5. Дыбыстардың ұзақтығын ұзартатын қосымша қандай белгілерін білесіз?

3. ЫРҒАҚ, МЕТР, ЕКПІН, ӨЛШЕМ


Ырғақ – бірдей немесе әртүрлі ұзақтықтағы дыбыстардың ұйымдастырылған бірізділігі.


Метр – тактінің күшті және әлсіз үлестерінің кезектесіп біркелі келуі (бір күшті үлестен екінші үлеске дейінгі музыкалық шығарманың үзіндісі). Жазуда метр өлшеммен бейнеленеді.

Нота жазуында музыкалық шығарма кішкентай тең бөліктерге бөлінеді, олар тактілер деп аталады. Бір такт екінші тактіден такт сызығы арқылы бөлінеді. Егер шығарма әлсіз үлестен басталса, оның алды толық болмайды, сондықтан ол затакт деп аталады. Әрбір тактінің ішінде бірдей үлестер саны болады, олар шығарманың басында, кілттің жанында қойылған сандармен белгіленеді. Жоғары сан - тактідегі үлестер санын көрсетеді, ал төменгі сан – осы үлестердің ұзақтығын көрсетеді. Сандар тактінің өлшемін білдіреді, мысалы:





Өлшемнің қарапайым және күрделі түрлері болады. Қарапайым өлшем бір күшті үнемнен тұрады. Күрделі өлшемде екі және одан да көп күшті үнемдер болады, мысалы:


2/4 – 1-ші күшті үнем, 2-ші әлсіз үнем: қарапайым өлшем;


3/4 – 1-ші күшті үнем, 2-ші әлсіз үнем, 3-ші әлсіздеу үнем: қарапайым өлшем;


4/4 – 1-ші күшті үнем, 2-ші әлсіз үнем, 3-ші күштілеу үнем, 4-ші әлсіздеу үнем:


күрделі өлшем;

3/8 – 1-ші күшті әлшем, 2-ші әлсіз үнем, 3-ші әлсіздеу үнем: қарапайым өлшем.


т.б.



Такт өлшемі

Метрлік есеп



Тактілеу кестесі



Екі үнемді
Үш үнемді

Төрт үнемді



бір, екі
бір, екі, үш


бір, екі, үш, төрт






Қозғалыс жылдамдығын екпін деп атайды. Музыкадағы екпін музыканың айқындауыш құралы ретінде музыкалық шығарманың мазмұнына байланысты болады (немесе, керісінше: мазмұны екпінге байланысты болады). Екпіндер үш негізгі топқа бөлінеді: жай, орташа және жылдам екпіндер. Екпіндерді белгілеу үшін, негізінен итальян белгілері қолданылады.
Екпіндердің негізгі белгілерінің тізімі:
Жай екпіндер: Largo (ларго) – жай, кең; Lento (ленто) - өте жай, созып; Adagio (адажио) – асықпай, жай; Grave (гравэ) – ауыр, мұңды; Sostenuto (состэнуто)- ұстамды.
Орташа екпіндер: Andante (андантэ) – асықпай, орташа; Andantino (андантино) – Andanteге қарағанда, сәл жылдам; Мoderato (модэрато) – бірқалыпты, орташа; Allegro moderato - бірқалыпты жылдам; Allegretto (алегрэтто) – Allegro қарағанда, бірқалыпты тез.
Жылдам екпіндер: Allegro (аллегро) – жылдам, шапшаң; Vivo (виво) – ширақ; Vivace (виваче) – қыздыра; Presto (прэсто) - өте тез; Prestissimo (прэстиссимо) - өте жылдам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет