Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет18/66
Дата07.01.2022
өлшемі1,21 Mb.
#16877
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66
ТП –көпфакторлы процесс. Ондағы көптеген обьективті, субьективті факторлардың әрекеттері бұл процестің өте күрделі екекнін байқатады. Субьективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін обьективті жағдайларды білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты шешуіне көмектеседі. Ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен обьективті жағдайлардың мазмұнымен бағыты қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. Бұл процесті басқарушы тәрбиеші қызметі обьективті заңдылықтармен шектелмейді. Бұл өз мәнінде, тәрбиеші тұлғаның өзіндік бейнесін, даралық қасиеттерін, мінез –құлқын, тәрбиеленушілерге қатынасын білдіретін өнер деп танылады.

ТП өзінің ұзақтығымен ерекшеленеді. Нгеізінен ол өмір бойы созылады. К. Гельвеций былац деп жазған болатын: «Мен оқуды әлі жалғастырудамын. Менің тәрбием әлі біткен жоқ. Ол қашан бітеді ? Менің оған тек өлген соң мүмкіндігім болмайды. Менің бар ғұмырым ұзақ тәрбиеден тұрады». Тәрбие процесі үшін тәрбиелік ықпал ету басталғаннан бастап, соңғы нәтежиелер арасының алыстығы, ұзақтығын айқындайды.

ТП –нің ерекшелігі оның үзіліссіз болуы. Мектептік тәрбие процесі- бұл тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара жүйелі, үздіксіз әрекеттесу процесі.

ТП – комплекстік процесс, тәрбиелік жұмыстардың мақсаты, мазмұны, формаларымен әдістерінің бірлігін білдіреді. Жеке тұлғаның сапалы қалыптасуы кезектесіп жасалынбайды, бір уақытта болатындықтан педагогикалық ықпал ету комплексті сипатта болады. Қалыптастыру кезінде бір қасиеттер екінші қасиеттердің дамуына ыңғайлы әсер етіп отырады.

ТП –нің комплекстік сипаты бірқатар маңызды педагогикалық талаптардың ұстанымын, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер арасындағы өзара әрекетті мұқият түрде ұйымдастырылуын талап етеді.

ТП –не нәтежиелердің бірмәнді және анық болмауы да құбылыс. Жағдайлар бірдей болғанда да нәтежиелер бөлектеніп тұрады. Бұл мына субьективті факторларға байланысты: тәрбиеленушілердің жеке өзгешеліктерінің көптігі, олардың әлеуметтік нәтежиелері, тәрбиеге деген қатынастары.

ТП –екіжақты сипатымен ерекшеленеді , Олар тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиедленушіден тәрбиешіге қарай (кері байланыс). Процесті басқару негізінен кері байланыс арқылы құрылады, яғни тәрбиеленушілерден түсетін ақпараттар арқылы ерекшеленеді . Осы кері байланысты тәрбиеші неғұрлым көп пайдаланса, соғырлым тәрбиелік әсер де жоғары болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет