Тәрбие, білім беру, оқыту, даму, қалыптасу, педагогикалық процесс.
Тәрбие - нақты педагогикалық мақсатты, есепті міндетті шешуге бағытталған, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің мақсат бағыттылы, жүйелі өзара ықпал қызмет ету процесі.
- қоғамдағы өмір мен еңбекке даярлау барысында қажетті әлеуметтік іс-тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі, жас ұрпақты оны меңгеруі.
- Жеке адамның бойында белгілі бір қасиеттер мен сапаларды қалыптастыру үшін мақсатты, бағытты, жоспарлы, жүйелі жүргізілетін процесс.
- Ғылыми дүниетанымын, көзқарасымен сенімін, іс-әрекетін табиғи үйлестіре алатын, жан-жақты үйлесімді дамыған адамды мақсатты, жүйелі, жоспарлы қалыптастыру процессі.
- Жаңа ұрпақты қоғамдық өмірге, өндіргіш еңбекке даярлау мақсатын көздеп , оларға қоғамдық тарихи тәжірибені ауыстыру процесі
|