4-дәріс.Педагогикада мақсатты анықтау
Жоспар:
4.1 Тәрбие мақсаты туралы түсінік
4.2 Тәрбие процесінің диалектикасы
Тәрбие процесі- бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуінің кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі.
ТП – бұл өзара байланыстағы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдынғы нәтежиелер есебінен құралады. Бұл түсінік бойынша тәрбие прцесі өзіндік даму жүйесі ретінде қарастырлады және оның бірлігі болып дамушы жағдайында (тәрбие ісі) есептеледі. Мұнда тәрбиеленушілер, тәрбие іс-әрекеті, тәрбиеші, оның тәрбиеленушілермен өзара әрекеті дамып қоймай, елешек күрделі жүйе қалыптастыратын біртұтас обьектіні дамытады.
ТП көпқырлы, иерархиялы, өзін-өзі басқару сияқты қасиеттермен сипатталады. Оқу пәні мұғалімінің , сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әркеті- бұлар тәрбие процесі болып табылады.
Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.
Бұл процестің орны мен рөлі тұлға қалыптастыру процесі құрылымында тез байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушы, бақылаушы сипат алған тұтастығында, яғни адамдар саналы ниетпен, алдын-ала белгіленген жоспармен міндеттерге сәйкес әрекет жасаған тұтас ортада тәрбие іске кірседі.
Тәрбие – бұл тұлғаны мақсат-бағдарлы қалыптастыру процесі. ТП- бұл белгіленген мақсатқа жетуге бағытталған тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің нақты пәрменді бірлескен әрекеті.
Достарыңызбен бөлісу: |