ІІІ. «БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢЖҰМЫС ОҚУ ЖОСПАРЛАРЫ ЖӘНЕ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ КОМИТЕТІНІҢОТЫРЫСЫНДА БЕКІТІЛІП, ЕНГІЗІЛДІ Факультет деканы _____________________________ т.ғ.к., Еспенбетова .А.Т
Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру және басқару, Этнопедагогика, Педагогикалық шеберлік.
3. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
Мақсаттары
Студенттерді тәрбиеші мамандығының және мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие үрдісінің зерттеу тарихы туралы біліммен қаруланып, ғылыми білім жүйесін қалыптастыру.
Міндеттері
- мектепке дейінгі педагогика ғылымының қалыптасу тарихымен болашақ мамандарды қаруландырып, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.
- шет елдегі және өзіміздегі мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесі, оларды ұйымдастыру әдістері мен формасы туралы педагогикалық ой-пікірлер жүйесін қалыптастыру..
- практикада теориялық білімін қолдана білу біліктілігін дамыту. Ұлттық тәрбиенің сан қырлы иірімдеріне терең бойлату, қазақ тілін құрметтеуге үйрету;
- мектепке дейінгі педагогикадан меңгерген теориялық қағидаларын ғылыми және практикалық мәселелерді шешуге қолдануды; балабақшалардың даму және қалыптасу тарихын білу; меңгерген іс-тәжірибелерін кәсіби қызметінде қолдану.