Асинхронды қозғалтқыштың элементтері.
Міне біз электржетектерін басқарудың ажыратылған жүйелерін есімізге түсірдік, енді бізді Елдос Асинхронды қозғалтқыштың элементтерімен таныстырады.
Электрқозғалтқыштың көп тараған түрі – орыс электригі М.О. Доливо-Добровльский жасаған үш фазалы асинронды қозғалтқыш. Асинхронды қозғалтқыш құрылысының қарапайымдылығымен және пайдалануға ыңғайлығымен ерекшеленеді. Асинхронды қозғалтқыш басты екі бөліктен тұрады: СТАТОР және РОТОР.
Қозғалтқыштың айналмайтын бөлігі статор. Статор өзекшесі қалыңдығы 0,35 – 0,5 мм электротехникалық болат пластиналардан жиналған. Пластиналарды қуыс қалатындай тығыздалып жасалады, құйынды токтарды азайту үшін пластина араларына лак, жұқа қағаз және т.б. Оқшаулағыштармен оқшаулайды. Осы пластинадан жиналған статорды корпусқа мықтап бекітіледі.
Қозғалтқыштың қозғалмалы бөлігі бұл ротор. Асинхронды қозғалтқышының ротрын екі түрде жасайды олар: қасқа тұйықталған роторлы және фазалық роторлы. Қазргі кезде қысқа тұйықталған роторлы электр қозғалтқыштар кеңінен қолданады. Оның жұмыс сенімділігі жоғары болғандықтан. Фазалық роторлы электрқозғалтқыштарды арнайы мақсатқа арнап және жоғары қуатқа арнап жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |