Ќазаќстан Республикасыныњ білім жєне ѓылым Министрлігі



бет3/10
Дата27.04.2022
өлшемі2,25 Mb.
#32541
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесіп, топты түгелдеу. Оқушыларды сабақтың

мақсатымен таныстыру.

ІІ. Үй жұмысын сұрау


  • Студенттер, біз сіздермен қандай тақырыпты оқып аяқтадық?

  • Олай болса, алдыңғы өтілген материалдарды еске түсіру үшін «Сиқырлы ұяшықтар» ойынын ойнайық.

1. «Сиқырлы ұяшықтар» ойынының сұрақтары:

1. Электржетегінің тұйық жүйесі дегеніміз не? (1 балл)

Электржетегінің тұйық жүйесі дегеніміз жұмыс машиналардың атқарушы органдарының қозғалысын жоғары сапамен орындау керек болғанда қолданылады. Ол үшін ЭЖ құрылымына жартылай өткізгішті күштік түрлендіргіштер кіреді. Ал басқару сұлбасы реттелетін координаттар бойынша кері байланысты қолданумен құрылады.

2. Электрлі аппараттарға анықтама беріңіз? (1 балл)

Электрлі аппараттар деп – энергия ағынымен ақпаратты, сонымен қатар техникалық және электрлі техникалық жүйелердің жұмыс режимін басқару үшін арналған электротехникалық құрылғы.

3. Автоматталған электржетек дегенімізді қалай түсінесіз? (1 балл)

Автоматталған электржетек дегеніміз – мұнда технологиялық үрдіске сәйкес басқару операциялары адамның қатысуынсыз басқару жүйесімен орындалады. Оператор тек қана ЭЖ қосуды, өшіруді, жөндеуді және оның жұмысын бақылауды орындайды.

4. Электржетектер неше топқа бөлінеді? (1 балл)

Электржетектер 2 топқа бөлінеді. Автоматтандырылған және автоматтандырылмаған.

5. Қолмен басқарылатын аппараттарға кіреді? (2 балл)

Қолмен басқарылатын аппараттарға командалық аз қуатты құрылғылар -батырмалар, басқару кілттері және әртрлі командоаппараттар жатады.

6. Электрлі магнитті муфта дегеніміз қандай құрылғы? (2 балл)

Электрлі магнитті муфта деп – электрлік басқару сигналының көмегімен білікті қосу немесе ажыратуға арналған электрлі магнитті құрылғы.

7. Атқарушы механизмдерге анықтама беріңіз? (2 балл)

Атқарушы механизмдер дегеніміз – технологиялық процестің тікелей берілген операциясын орындайтын машина мен механизм түйіні.

8. Жұмыс машиналары мен механизмдерге анықтама беріңіз? (2 балл)

Жұмыс машиналары мен механизмдер – өндірісте адамның еңбегін алмастыруға арналған құрылғы.

9. Автоматты тұрақтандыру жүйесі неше топқа бөлінеді? (3 балл)

Автоматты тұрақтандыру жүйесі екі топқа бөлінеді. Олар астатикалық және статикалық. Басқаша айтқанда астатикалық АРЖ тұрақты режимде айнымалылардың қатесіз реттелуін қамтамасыз етеді, ал статикалық АРЖ – кейбір қателіктермен.

10. Автоматты реттеу жүйелері неден тұрады? (3 балл)

Автоматты реттеу жүйелері реттелетін объектіден және реттегіштен тұрады.

11. Автоматталған электржетек қандай топқа бөлінеді? (3 балл)

Автоматталған электржетек өз кезегінде тұйық емес, яғни ашық және тұйық деп екіге бөлінеді.

12. Төмен кернеулі аппараттарға жатады?(3 балл)

Төмен кернеулі аппараттарға автоматты ажыратқыштар, басқару батырмалары, іске қосқыштар, контакторлар, релелер, айырғыштар және пакетті ажыратқыштар жатады.

13. Қандай сұлба көрсетілген? (4 балл)


Электржетектің басқару сұлбасы көрсетілген.

14. Жоғары кернеулі аппараттарға жатады? (4 балл)

Жоғары кернеулі аппараттарға ажыратқыштар, жүктеме ажыратқыштары, разъеденительдер, өлшегіш тоқ және кернеу трансформаторлары, жиынтық таратушы құрылғылары жатады.

15.Тұйық жүйеде қолданылатын барлық ЭЖ кері байланысы қалай жіктеледі? (4 балл)

Тұйық жүйеде қолданылатын барлық ЭЖ кері байланысы оң және теріс, сызықтық және сызықтық емес, қатты және иілгіш деп жіктеледі.

16. Қатты кері байланысына анықтама беріңіз? (4 балл)

Қатты кері байланысы деп ЭЖ орнатылған режимінде де, өтпелі режимінде де әрекет ететін байланыс аталады.

17. Автоматты тұрақтандыру жүйесі дегеніміз не және оған мысал келтіріңіз? (5 балл)

Автоматты тұрақтандыру жүйесі берілген деңгейде талап етілген дәлдікпен реттелген шаманы ұстап тұруды қамтамасыз етеді.Мысалымен.

18.Автоматты ажыратқыштарға анықтама беріп,көрсеткіштерін атаңыз?(5 балл)

Автоматты ажыратқыштар электрлі тізбектердің коммутациялау үшін және апатты жағдайларда, жоғары жүктеулерде, кернеудің төмендеуі немесе жоғарлауы, тоқтың бағыты өзгергенде оларды автоматты қорғауға арналған. Көрсеткіштері: Номиналды тоқтарының диапазоны 10 – 10 000 А, коммутациялау тоғы – 0,3 – 100 кА, өшіру уақыты – 0,02 – 0,7 с.

19. Электржетектің басқару сұлбасы неден тұрады? (5 балл)

Электржетектен, электрлі қозғалтқыштан, күштік түрлендіргіштен, басқару құрылғысынан, басқару жүйесінен,жұмыс машинасынан, атқарушы органнан, механикалық берілістен тұрады.

20.Теріс кері байланысқа анықтама беріңіз? (5 балл)

Теріс кері байланыс деп – сигналы берілген бастапқы сигналға қарсы бағытталған байланыс аталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет