Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет23/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Мемлекеттік кәсіпорындар – бұл негізгі қорлары мемлекет меншігінде болатын және басқару органдарын мемлекет тарапынан үйымдар тағайындайтын кәсіпорындар болып табылды. Егер мемлекеттік кәсіпорын бюджеттік болса, ол мемлекеттік бюджеттен қаржыландырады. Ал, егер кәсіпорын мемлекеттік ұйымдардың қарамағында болса, ол кәсіпорын қазыналық болып есептеледі.
3. Жеке сектор. Қазақстанда жеке сектор мынадай бөлімдерден тұрады:




  1. Жеке кәсіпорын – жеке меншік құқық негізінде жұмыс істейтін кәсіпорын. Жеке кәсіпорын азаматтың мүлкінен, алынған табыстан, несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.

  2. Толық серіктестік бір-біріне жеке сенім артқан заңды ұйымдардың немесе жеке адамдардың бірлестігі, онда қатысушылардың бәріне серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздерінің барлық мүлкімен ынтымақты жауапкершілік жүктеледі. Қатысушылрадың жарналық үлестері, алынған табыстар мен басқа да заңды көздер есебінен құрылған серіктестік мүлкі ортақ үлестік меншік құқығы негізінде оның барлық қатысушыларына тиесілі. Толық серіктестікке қатысушылар заңды ұйымдар дербестік пен заңды ұйым құқығын сақтайды. Жарғылық қоры минималды есептік коэффициент 25 өлшемінен кем болмауы керек.

  3. Коммандиттік серіктестік – сауда немесе коммерциялық қоғамның бір түрі, оның қатысушылары кәсіпорын бойынша қауіп-қатерді өзінің барлық мүлкімен толық мойнына алушыларға және коммандистерге немесе кәсіпорынға жұмсалғаны үшін ғана жауап беруші және пайдадағы үлесін ғана алушы салымшыларға бөлінеді (100 айлық есептік көрсеткіш).

  4. Жауапкершілігі шектеулі қоғам – фирма қызметіне қатысушы адамдардың бірлестігі, бұл бірлестікте қатысушылардың әрқайсысының фирманың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі оның барлық қатысушылары үшін әрбір қатысушы үлесінің мөлшеріне бірдей еселенген қатынаста қосқан үлесімен шектеледі.

  5. Қосымша жауапкершлігі бар қоғам – қатысушылары өздерінің жарғы қорына қосқан үлесіне байланысты міндеттемелерге жауап беретін қоғам.

  6. Акционерлік қоғам - жарғы қоры бар кәсіпорын, оның капиталы көптеген жеке капиталдарды біріктіру нәтижесінде, акцияларды шығарып, сату құралы арқылы құралады және оның пайдасын акционерлер дивидент түріне бөліседі. Қоғамның әрбір мүшесінің жауапкершілігі оның акцияларының құнымен шектеледі.

  7. Өндіріс кооперативтері – азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет