Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет56/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84
Бақылау сұрақтары.

  1. Қаржы ресурстарына анықтама беріңіз.

  2. Қаржы ресурстарының капиталдан негізгі айырмашылығы неде?

  3. Қаржыландыру дегеніміз не?

  4. Кәсіпорын табысының мәнін ашыңыз. Кәсіпорын табысының негізгі қайнар көздерін атаңыз.

  5. Табыс қандай белгілері бойынша жіктеледі?

  6. Операциялық табыс пен сатудан тыс табыстың ерекшеліктері неде?

  7. Инвестициялық табыс пен қаржылық табыстың айырмашылығы неде?

  8. Кәсіпорын пайдасы дегеніміз не? Ол қандай экономикалық категория?

  9. Кәсіпорын пайдасының атқаратын функцияларын атаңыз. Оларға сипаттама беріңіз.

  10. Пайда көлеміне қандай факторлар әсер етеді?

  11. Рентабельділік көрсеткіші дегеніміз не және рентабельділік коэффициенті қалай анықталады?

  12. Рентабельділік коэффициентінің нәтижесі нені сипаттайды?

Дәріс 11. Кәсіпорын қызметінің экономикалық тиімділігі.
1.Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні мен мазмұны
2. Салыстырмалы тиімділік
3. Өндіріс тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі.
4. Өндіріс тиімділігіне әсер ететін факторлар
5. Өндіріс тиімділігін арттырудың негізгі жолдары.
Экономикалық реформаны өткізу, өнеркәсіп өндірісінің өсуі, оның тиімділігінің артуы, алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық күрделі салымдарды іске асырудың нәтижесінде қамтамасыздандырылады.
Өндірістің жоғары тиімділігі жүйелі түрдегі ұлғайтылған ұдайы өндірістің қажетті және шешуші алғы шарты болып табылады.
Өндіріс тиімділігі жалпы өндірістің және әрбір жеке кәсіпорынның дамуының негізгі мақсатына жетуімен тікелей байланысты болатын нарықтық экономиканың басты санаттарының біріне жатады.
Экономикалық теория тиімділік санатын өндіріс үдерісін, өндіріс жүйесін немесе шаруашылықты жүргізудің нақты түрінің нәтижелілігі ретінде көрсетеді. Жалпы түрде өндірістің экономикалық тиімділігі екі шаманың – шаруашылық іс-әрекет нәтижелері мен жұмсалған шығындардың (кез-келген пропорциядағы) сандық өзара қатынасын білдіреді. Тарихи тұрғыдан қарағанда өндірістің барлық тәсілдерінде меншік нысанның айырмашылықтығына қарамастан өндірушіні шығындар мен өз іс-әрекетінің нәтижелері арасындағы қатынас қызықтырады. Өндіріс тиімділігін арттыру мәселесінің мәні: барлық ресурстарды пайдалану үдерісіндегі экономикалық нәтижелерді шығындардың әрбір бірлігіне шаққандағы шамасын арттыруды қамтамасыз ету.
Экономикалық тиімділікті арттыру – экономиканың басты мәселелерінің бірі. Көп түрлі экономикалық және әлеуметтік міндеттерді табысты шешу үшін бүкіл қоғамдық өндірістің тиімділігін шұғыл арттырудан басқа жолы жоқ.
Сонда «экономикалық тиімділіктің мәні неде және оның ел экономикасы үшін ерекше маңыздылығы немен ұйғарылады?»- деген сұрақ туады.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің мәні қоғамның мүдделеріне сай ең аз мүмкін болатын шығындармен барынша жоғары нәтижелерге жету ретінде экономистердің көпшілігімен түсіндіріледі. Сондықтан өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау өндірістің нәтижесін, осы нәтижені қамтамасыз ететін нақты және алдыңғы уақыттағы еңбектің тұтас шығындарымен салыстыруға негізделуі қажет.
Нарық жағдайында, экономикалық дамуды әрі қарай жалғастыруда, өндірістің тиімділігін арттырудың бағыттарын, олардың өсу факторлары мен тиімділікті анықтаудың әдістерін анықтау маңызды міндет болып табылады. Кәсіпорындардың өндірістік тиімділігін арттырудың маңызды бағыттарын дұрыс айқындау үшін, тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін біліп алуымыз қажет.
Экономикалық тиімділіктің жалпылама критерийіне қоғамдық еңбектің өнімділігі жатады. Қоғамдық еңбектің өнімділігі ұлттық табысты материалдық өндіріс саласында жұмыс жасайтын адамдардың орташа санына бөлу арқылы табылады.
ЕО = УТ/А
Сонымен қатар экономикалық тиімділіктің аса маңызды көрсеткіштері ретінде еңбек сыйымдылығы, материал сыйымдылығы, капитал сыйымдылығы және қорсыйымдылығы алынады.
Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады.
Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет