Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі


Тауар қозғалысын жоспарлау дегеніміз



бет47/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

Тауар қозғалысын жоспарлау дегеніміз – тасмалдау, сақтау және мәмілелер жасауды құрайтын өндірушілерді тұтынушыларға меншіктің тауар немесе қызмет көрсетуге өтуі мен қозғалысына қатысты жоспарлы басқарушылық шешімдерді жүйелі түрде қабылдау. Тауар немесе дайын өткізудің 2 түрі бар:

  1. тікелей байланысты. Бұл алдын ала белгілі нарықта жұмыс істейді, мұнда өнімді шығару алдын ала жүргізілген келісім шарттар негізінде тұтынушылардың тапсырыстары бойынша орындалады.

  2. Еркін нарық. Бұл сатып алушының алдын ала анықталған талаптары, мұқтаждықтары негіздері емес, еркін нарықта жүргізіледі.

Бақылау сұрақтары:

  1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау үрдісінің мазмұны, жоспарлау үрдісін жүзеге асыру кезендері.

  2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері мен принциптері.

  3. Бизнес жоспарлау, мазмұны, қажеттілігі және негізгі бөлімдері.

9-тақырып. Кәсіпорынның және өнімнің бәсеке қабілеттілігі.
1.Өнім сапасының мәні мен көрсеткіштері.
2. Өнім сапасын басқару және оның бәсекеге жарамдылығы.
3.Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің мәні, ықпал ететін факторлар.

Кәсіпорын қызметі өнімді өндіруге, жұмысты атқаруға, қызмет көрсетуге бағытталған. Өндірілген өнім өндіріске немесе жеке тұтынуға арналуы мүмкін. Кәсіпорынмен көрсетілген қызмет өндірістік немесе өндірістік емес (халық үшін қызмет) мазмұнда болуы мүмкін.


Атқарылған жұмыс деп – жөндеу, монтаждау жұмыстарын, транспортпен жүктерді тасымалдауды және тағы басқаны айтамыз. Кәсіпорында өндірілген және халық үшін белгіленген өнімдер ұзақ мерзімге қолданылатын және күнделікті сұранысқа ие тауарлар болып бөлінеді. Қазіргі заманғы кәсіпорынның өнімі өндірістің күрделілігімен және өмірлік циклдың қысқалығымен сипатталады. Нарықтық экономикада кәсіпорынмен өндірілген өнімнің ең маңызды сипаттамасы – оның сатып алынуы, яғни сатып алушы қаншалықты осы кәсіпорынның өнімін басқа ұқсас кәсіпорын өніміне қарағанда алғысы келетіндігінде. Басқаша айтқанда нақты кәсіпорынның өнімі бәсекеге қаншалықты қабілетті.
Қазіргі жағдайда қазақстандық кәсіпорын өнімінің бәсекеге қаншалықты қабілетті екендігін қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып баратыны соншалықты, кәсіпорын өзінің алдына экономикалық даму міндетін қоймаса да осы мәселені шешуде.
Халықаралық бәсекелестік қазақстандық тауар өндірушілердің жалпы әлсіз жақтарын анықтады: сұраныс өзгерісіне баяу бейімделу, өнімнің сапасы, сыртқы пішіні, қолданылатын техникасы, өндіріске жұмсалған шығынының жоғары деңгейі бойынша артта қалуда. Бұл көптеген кәсіпорында негізгі қордың жоғары дәрежелі тозуы мен моралдық артта қалуымен, шығарылатын өнімде әлі де болса жоғарғы деңгейлі ресурстық сыйымдылық сақталуымен, өндіріс қуаттылығын толық пайдаланбаумен, еліміздің экономикалық құрылымы әлі де болса өндірістің ескі технологиясымен жарақтанумен түсіндіріледі. Әсіресе қазақстандық компанияларда маркетингтік қызметтің жеткіліксіздігі айқын көрінді. Нарықтық экономикада қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру үшін өнім өндірген кезде ғана экономикалық нарықта табыс алуға болатынына қарамастан, тұтынұшы бұрынғыдай бизнес аясынан тыс назарда қалды. Соңғы жылдары көптеген отандық тауар өндірушілердің өнім көлемі төмендеді.
Өнімді немене бәсекеге қабілетті етеді? Бұл сұраққа жауап беру үшін, бәсекеге қабілеттік деген не, ол өнімді құраудың қай кезеңінде қалыптасады және бұл қандай фактордың әсерінен болады? – деген сұрақтарға жауап іздестіру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет