Ќазаќстан республикасыныњ білім жєне ѓылым министрлігі



бет2/84
Дата13.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#49730
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84
Байланысты:
umk kasipor n ekonomikas 2021-2022

2. ПӘН БОЙЫНША МӘЛІМЕТТЕР
Пән: Кәсіпорын экономикасы
Пәннің коды: EP 2219
Компоненттің циклы: БП ТК
Модульдің типі: нақты білім беру бағдарламасы шеңберінде жалпы кәсіптік және арнайы компетенциясын қалыптастыруға бағытталған мамандық модулі
Модуль атауы: Бизнесті ұйымдастыру
Курс – 2, 3, 2019, 2020 жылы қабылданғандар
Кредиттер саны – 5
Сағаттардың бөлінуі: 150 сағат

Дәріс және тәжірибелік – 50 сағат


Оның ішінде:
дәріс– 20 сағат
Зертханалық- тәжірбиелік сағат – 30 сағат
Білім алушылардың оқытушымен өзіндік жұмысы (БАОӨЖ) – 20 сағат
Білім алушылардың өзіндік жұмысы (БАӨЖ) - 80 сағат

Бұл пән 7 триместр өткізіледі. Бақылау түрі емтихан.




Оқу уақытын бөлу

Триместр
апталары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Барлығы

Дәрістер

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

20

ЗТС

3

3

3

3

3

3

3

3

3

3

30

БАОӨЖ

2

2

2

2

2

2

2

2

2

2

20

БОӨЖ

8

8

8

8

8

8

8

8

8

8

80

Барлығы

9

9

9

9

9

9

9

9

9

9

150


3. Курстың пререквизиттері

«Кәсіпорын экономикасы» пәнін оқыту үшін «Экономикалық теория», микроэкономика пәндерін меңгеру қажет, өйткені ол кәсіпорын экономикасын оқытудың методологиялық негізі болып табылады




4. Курстың постреквизиттері
«Кәсіпорын экономикасы» курсы экономикалық мамандықтағы күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінің студенттеріне менеджмент, маркетинг, қаржы, банктік іс, есеп және шаруашылық қызметін талдау пәндерін оқып меңгеру үшін базалық пән болып табылады.
5. Курстың қысқаша сипаттамасы
Курстың мақсаты: «Кәсіпорын экономикасы» курсы нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындағы өндірістің экономикалық мәселелерін оқып үйретеді, қазіргі кезеңдегі экономикалық ойлау, іскерлік, белсенділік, орынды тәуекелділік дағдыларын қалыптастырады. Бағдарлама бойынша берілген тақырыптарды қамти отырып, кәсіпорынның қазіргі кездегі ролін, онда ресурстардың қалыптасуы мен қолданылуын, дайын өнімдер өндіру мен сатудың тиімділігін және оларды құндық бағаланылуының қарастырылуына ерекше назар аудару.
Пәннің қысқаша мазмұны:
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру жағдайында кәсіпорынның экономикасын оқып меңгеру ерекше маңызды, өйткені кәсіпорын шаруашылық қызметінің негізгі субъектісі ретінде қатысады. Пәнді оқыту барысында нарықтық экономика қалыптастыру жағдайындағы кәсіпорын экономикасын дамытудың теориялық негіздері мен бағыттарын, тәжірибелік қызметте экономикалық заңдардың көріну нысандары мен әдістерін, өндірісті қарқынды жүргізудің қазіргі концепциясын және басымдылық бағыттарын, күрделі қаржы және олардың экономикалық тиімділігін зерттеуді, бағаның құрылуын және кәсіпорынның экономикалық тиімділігін есептеуді қарастырады.
Кәсіпорында қоғамға қажетті өнім шығарылады және негізгі қызметтер көрсетіледі. Онда қолданылатын ресурстардың үнемділігі, өнімділігі жоғары техника мен технологияны қолдану мәселелері шешіледі. Кәсіпорында өнімді өндіру мен өткізудің ең төменгі шығынына қол жеткізіледі, бизнес-жоспар жасалады, маркетинг қызметтер жүргізіліп, тиімді басқару- менеджмент жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   84




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет