Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табыл
Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорын үшін өзінің шаруашылық-қаржылық қызметін қажетті қаражаттармен (қаржы ресурстарымен) қамтамасыз ету мәселесі маңызды басқару объектісі болып табылады.
Нарықтық экономикада қаржы жайын ойластыру кәсіпорын іс-әрекетінің бастапқы бастау шегі мен соңғы нәтижесі болып табылады. Әрбір шаруашылық шеңдігі оны іске асыруға қажетті қаржы ресурсын тартудан басталады.
Қаржы ресурстары дегеніміз, жалпы алғанда, – бұл кәсіпорынның қарамағындағы және оның қаржылық міндеттемелерін орындауға, өндірісті қаржыландыруға бағытталатын ақша қаражаттарының жиынтығы болып табылады. Қаржы ресурстары өндіріс барысын дамытуға, өндірістік емес сала объектілерін қолдауға және дамытуға, сондай-ақ резервтік қорларды қалыптастыруға бағытталады.
Кәсіпорынның қаржы ресурсы—бұл қаржылық міндеттемелерді орындауға және кеңейтілген қайта жаңғыртуды қамтамасыз етуге арналған ақша қаражаттарының табыстары және амортизациялар, сыртқы табысдер мен кідіртілген төлемдер түріндегі бір бөлігі.
Кәсіпорын қызметін қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету – бұл өндіріс барысын қаржыландыру нысандарының, әдістерінің және принциптерінің жиынтығы болып табылады. Бір сөзбен айтқанда кәсіпорынның қаржы ресурстарының көздерін қалыптастыру деп кәсіпорын капиталының қалыптасу процесін айтады.
Кәсіпорын табысы дегеніміз – ақша қорының, басқа да мүліктің түсу және (немесе) капиталдың артуына алып келетін міндеттемелерді жабу нәтижесінен экономикалық пайданың артуы.
Табыс шығын сияқты келесі түрлерге бөлінеді:
- қарапайым қызмет түрінен түскен табыс;
операциялық;
сатудан тыс;
кездейсоқ;
Қарапайым қызмет түрінен түскен табысқа тауар мен өнімді сатудан түскен түсім, жұмыстың орындалуы мен көрсетілген қызметке байланысты түсімдер жатады.
Операциялық табысқа мыналар қатысады:
кәсіпорын активтерін уақытша қолданғаны үшін (уақытша иелік ету мен қолдану) төлемақы;
интеллектуалды меншіктің ойлап табу, өнеркәсіптік үлгілеріне және басқа да түрлеріне патент құқығын беру төлемақысы;
жарғылық капиталдың басқа кәсіпорынға қатысуымен байланысты түсімдер (пайыздар мен басқа да құнды қағаздар бойынша табысты қосқанда)
бірлескен қызмет нәтижесінде кәсіпорынмен алынған пайда (жай серіктестік келісім-шарт бойынша);
негізгі құралдар мен өзге активтерді сатудан түскен түсім;
кәсіпорын ақша қорын ұсынғаны мен пайдаланғаны үшін алынатын пайызы, сондай-ақ банкте сол кәсіпорынның шотында жатқан ақша қорын банк пайдаланғаны үшін пайызы жатады.
Сатудан тыс табыс – бұл:
келісім-шартты бұзылғаны мен тұрақсыздығы үшін айыппұлдар, өсімдер;
қайтарымсыз алынған және сыйға тарту келім-шарты бойынша активтер;
кәсіпорынға тигізілген залалдың орнын толтыру түсімдері;
есепті жылда анықталған алдыңғы жылдың пайдасы;
мерзімінің өтуі бойынша кредиторлық және депозиттік берешек сомасы;
курстық айырмашылықтар;
басқа да өткізуден тыс табыстар.
Кездейсоқ табыс деп шаруашылық қызметтің кездейсоқ жағдайының салдарынан пайда болған түсімдер: сақтандыру төлемдері, келешекте пайдалану мен қайтып қалпына келтіруге жарамайтын активтерді өндірістен шығарудан қалған материалдық құндылық құны және т.б.
Кәсіпорын қызметінің негізгі бағытына байланысты табыстар: негізгі, инвестициялық және қаржылық болып жіктеледі. Осының әрқайсысына тоқталайық:
Негізгі қызметтен түскен табыс – бұл өнімді сатудан (көрсетілген қызметтен, орындалған жұмыстан) түскен түсім.
Инвестициялық қызметтен түскен табыс – айналыстан тыс активтерді сатудың, құнды қағазды өткізудің қаржылық қорытындысы.
Қаржылық қызметтен түскен табыс инвесторлар арасында кәсіпорынның акциялары мен облигацияларын орналастыру нәтижесінен тұрады.
Өнімді (тауарды, жұмысты, қызметті) сатудан түскен түсім кәсіпорынның қаржы ағымының негізгі көзі болып табылады.
Қаржы көрсеткіштерін есептеу үшін сату уақытын анықтау әдістері мен сатудан түскен түсімнің маңызы зор.
Отандық тәжірибеде сату уақытын анықтаудың екі түрлі әдісі бар: тауарды артуы бойынша – есептеу әдісі және еңбек түсімі ретінде кезең бойынша түсетін төлемдер жатады, мәселен, ақы бойынша – кассалық әдіс.
Шағын кәсіпорыннан басқа кәсіпорынның барлығы көрсетілген өнімді, тауарды, атқарылған жұмысты, көрсетілген қызметті артуы бойынша өнімді сатудан түскен түсімді ескере отырып есептеу әдісін дұрыс қолдануы қажет. Тәжірибелік-конструкторлық және ғылыми-зерттеу жұмыстарында, құрылыс салаларында дайын болу кезеңдері бойынша ұзақ мерзімді өндірістік циклмен атқарылған жұмыстың кезеңдік төлемақысы түсім деп саналады. Шағын кәсіпорын өнімді сатудан түскен түсімді оны төлеу жағдайына байланысты есепке ала алады. Сатудан түскен түсімге сатылған тауардың бағасы мен натуралды түрдегі сату көлемі сияқты факторлар әсер етеді.
Кәсіпорын тұтынушыға өз өнімін сата отырып ақшалай түсім алады. Бірақ бұл әлі пайда емес. Қаржылық нәтижені анықтау үшін өндірілген өнімнің шығынын және оның сатылуын түсіммен, яғни өнімнің өзіндік құнымен салыстыру қажет.
Кәсіпорын пайданы, егерде түскен түсім өнімнің өзіндік құнынан артқан жағдайда ғана алады; егерде түскен түсім өнімнің өзіндік құнына тең болса, онда тек өндіріс пен өнімді сату шығындары жабылып, пайда болмайды; егерде шығындар түскен түсімнен артық болса, онда кәсіпорын шығынға отырады, яғни кері қаржылық нәтиже, қиын қаржылық жағдай және банкроттық туындайды.
Пайда дегеніміз – кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі және жалпы алғанда ол өнім бағасы мен оның өзіндік құны арасындағы айырмашылық, ал жалпы кәсіпорын үшін өнімді сатудан түскен түсім мен сатылған өнімнің өзіндік құны арасындағы айырмашылық.
Пайда экономикалық кактегория ретінде кәсіпкерлік қызмет процесінде материалдық өндіріс аясында пайда болған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейінде таза табыс пайда формасында болады. Пайда кәсіпкерлік қызметтің негізгі нәтижесі ретінде кәсіпорынның өзінің, оның жұмыскерлерінің және жалпы мемлекеттің қажеттілігін қанағаттандырады.
Пайда нарықтық қатынастың негізгі категориясы ретінде бірқатар фунцияларды атқарады:
пайда кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып табылады немесе пайдалы жұмыс істеу фактісінің өзі оның қызметінің тиімді екендігін куәландырады;
пайда ынталандырушы функция атқарады, ол өзіндік капиталдың негізгі өсім көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайында капитал иелері мен менеджерлер, кәсіпорын иелігінде қалатын пайда мөлшеріне байланысты кәсіпорынның даму болашағын ескере отырып дивидендтік және инвестициялық саясат жөнінде шешім қабылдайды. Нарықтық экономикадағы пайда - өндірістік қор мен шығарылатын өнімді жаңарту көзі және қозғаушы күші болып табылады.
Пайда ұжым мүшелері үшін әлеуметтік игілік көзі болып табылады. Салықты, дивидендтерді және басқа да бірінші кезектегі төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын иелігінде қалған пайда есебінен материалдық марапаттаулар, жұмысшыларға әлеуметтік жеңілдіктер ұсынылады, әлеуметтік аяның объектілері қаржыландырылады.
Пайда әртүрлі деңгейдегі бюджеттің табыс бөлігін қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Ол бюджетке салық, экономикалық санкциялар түрінде келіп түседі және бюджеттің шығыс бөлігімен анықталатын әртүрлі мақсатқа жұмсалады.
Демек, кәсіпорын пайдасы дегеніміз – оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтан, кәсіпорында пайданың қалыптасу механизмін, натуралдық көріністегі оның көлемін, пайданың түрлері мен оларды пайдалану аясын анықтау қажет. Осыған байланысты пайданы екіге бөлеміз: жалпы және таза пайда.