26
заңда айқындалған істерді қоспағанда, тараптары заңды тұлға
құрмай жеке кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын жеке
тұлғалар, заңды тұлғалар болып табылатын мүлiктiк және
мүлiктiк емес даулар бойынша, сондай-ақ корпоративтік даулар
бойынша азаматтық iстердi қарайды және шешеді..
Кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғау Қазақстан
Республикасының заңдарымен және (немесе) шартымен
көзделген келесі нысандарда жүзеге асырылады:
1) төрелікте;
2) медиацияны қолдану арқылы;
3) партисипативтік рәсімі тәртібімен;
4) заңда көзделген өзге де тәсілдермен.
Аталмыш әдістер соттан тыс . баламалы болып
табылды.
Төрелікте дауды шешу тәртібі төрелік келісімнің болуы
негізінде әркете етуші заңнамамен анықталады ( «Төрелік
туралы» Қазақстан Республикасының 8 сәуір 2016 жылғы
№ 488-V Заңы
).
Төрелік келісім - бұл азаматтық – құқықтық қатынастардан
туындаған немесе туындауы мүмкін дауды төрелікте қарауға
беру туралы тараптардың жазбаша келісімі.
Қазақстан Республикасында төреліктер тұрақты жұмыс
істейтін төрелік немесе нақты дауды шешетін төрелік түрінде
құрылуы мүмкін. (ad hoc).
Тұрақты
жұмыс
істейтін
төреліктерді
Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және (немесе) заңды
тұлғалар құруы мүмкін.
Тұрақты жұмыс істейтін төрелік төреліктің регламентін,
қызметін осы төрелікте жүзеге асыратын төрешілердің тізілімін
бекітеді.
Достарыңызбен бөлісу: