Ең алдымен барлық кәсіпкерлер екі топқа бөлінеді: дара
кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (коммерциялық ұйымдар).
Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың
таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң
меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың
тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге
асырылатын дербес, бастамашыл қызметi дара кәсіпкерлік болып
табылады.
Өзге жеке тұлғаларға дара кәсіпкерлікті жүзеге асыруға
тыйым салынады.
Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылады.
Өзiндiк кәсiпкерлiктi бiр жеке тұлға өзiне меншiк
құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi
пайдалануға және (немесе) оған иелiк етуге жол беретiн өзге де
құқыққа орай дербес жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |