Ќазаќстан Республикасыныњ Білім жєне ѓылым минситрлігі



Pdf көрінісі
бет7/50
Дата14.02.2022
өлшемі1,26 Mb.
#25436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50
Байланысты:
қолданбалы бизнес Силлубус

Бiрлескен  кәсiпкерлiктi  жеке  тұлғалар  (дара  кәсiпкерлер) 

тобы  өздерiне  ортақ  меншiк  құқығымен  тиесiлi  мүлiк  негізінде, 

сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және (немесе) оған иелiк 

етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай жүзеге асырады. 

Бiрлескен 

кәсiпкерлiк 

кезiнде 

жеке 


кәсiпкерлiкке 

байланысты  барлық  мәмiлелер  бiрлескен  кәсiпкерлiктiң  барлық 

қатысушыларының атынан жасалады, ал құқықтар мен мiндеттер 

олардың атынан иеленеді және жүзеге асырылады. 



Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары: 

1)  ерлi-зайыптылардың  ортақ  бiрлескен  меншiгi  негiзiнде 

жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi

2)  шаруа  қожалығының  ортақ  бiрлескен  меншiгi  немесе 

жекешелендiрiлген  тұрғынжайға  ортақ  бiрлескен  меншiк 

негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк

3)  жеке  кәсiпкерлiк  ортақ  үлестiк  меншiк  негiзiнде  жүзеге 

асырылатын жай серiктестiк; 

4)  Қазақстан  Республикасының  заңдарына  сәйкес  өзге  де 

нысандар болып табылады. 

Коммерциялық ұйымдарды жіктеу жалпы заңды тұлғаларды 

жіктеу негіздемесіне сәйкес жүзеге асырылады. 




 

 

15 



Мысалы,  коммерциялық  ұйымға  немесе  олардың  мүлкіне 

қатысты 


 

құрылтайшыларының 

(қатысушыларының) 

құқықтарына байланысты келесідей бөлуге болады:  

а) оларға қатысты қатысушылары міндеттемелік құқыққа ие 

коммерциялық 

ұйымдар; 

шаруашылық 

серіктестіктер; 

шаруашылық қоғамдар; өндірістік кооперативтер;   

б)  мүлікке  қатысты  құрылтайшылары  (қатысушылары) 

мүліктік  құқыққа  немесе  басқада  заттық  құқыққа  ие 

коммерциялық ұйым-мемлекеттік кәсіпорын.  

Аталған  санат  бойынша  оларға  қатысты  қатысушылары 

мүліктік  құқыққа  (не  заттық,  не  міндеттемелік)  ие  емес  заңды 

тұлғалардың  тобы  ажыратылады.  Дегенмен  олардың  ішінде 

коммерциялық ұйымдар жоқ. 

Мүлікке  заттық  құқықтың  түріне  қатысты  коммерциялық 

ұйымдар келесі түрлерге бөлінеді:  

а)  мүлікке  меншік  құқығымен  иеленетін  коммерциялық 

ұйымдар:  шаруашылық  серіктестіктер,  акционерлік  қоғамдар, 

өндірістік кооперативтер;  

б)  мүлікке  шаруашылық  жүргізу  құқығымен  иеленетін 

коммерциялық 

ұйымдар: 

мемлекеттік 

кәсіпорындар 

(қазыналықтан басқалары);  

в) 

мүлікке 


жедел 

басқару 


құқығымен 

иеленетін 

коммерциялық ұйымдар, яғни қазыналық кәсіпорындар.  

Жоғарыда аталғандарға байланысты әрекет етуші заңнамаға 

сәйкес  коммерциялық  ұйымдармен  және  де  сонымен  қатар 

басқада  заңды  тұлғаларды  шарттың  (жалдау,  қарызға  алу  және 

т.б.)  негізінде  алынған  мүліктің  аясында,  яғни  коммерциялық 

ұйымға құрылтайшылардың жарғылық (жинақ) капиталға салған 

салымдарынсыз  құру  және  қызмет  етуі  мүмкін  емес  екендігін 

ерекше атап өткен жөн. 

Басқа  да  жіктеулермен  қатар  коммерциялық  ұйымдарды 

жіктеуде  олардың  ұйымдық-құқықтық  нысандарыда  көңіл 

аудартады:  шаруашылық  серіктестік,  акционерлік  қоғам, 

өндірістік 

кооперативтер, 

мемлекеттік 

кәсіпорындар 

(шаруашылық  жүргізу  құқығына  негізделген  немесе  жедел 

басқару құқығына негізделген кәсіпорындар). 



 

 

16 



Заңды тұлғалар ретіндегі кәсіпкерлік қызметтің субъектілері 

болып  шарушылық  серіктестіктердің  барлық  түрлері,  өндірістік 

кооператив,  мемлекеттік  кәсіпорындар  және  акционерлік 

қоғамдар табылады, яғни коммерциялық заңды тұлғалар.  

ҚР 

АК 


58 

б. 


сәйкес, 

жарғылық 

капиталы 

құрылтайшылардың  (қатысушылардың)  үлесiне  (салымдарына) 

бөлiнген  коммерциялық  ұйым  шаруашылық  серiктестiк  деп 

танылады.  Құрылтайшылардың  (қатысушылардың)  салымдары 

есебiнен  құрылған,  сондай-ақ  шаруашылық  серiктестiк  өз 

қызметi  үрдiсiнде  өндiрген  және  алған  мүлiк  меншiк  құқығы 

бойынша серiктестiкке тиесiлi болады.  

Шаруашылық  серiктестiктер  толық  серiктестiк,  сенiм 

серiктестiгi,  жауапкершiлiгi  шектеулi  серiктестiк,  қосымша 

жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысандарында құрылуы мүмкiн. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет