2.2 «Қазпочта» АҚ кадр бөлімі қызметкері ақпараттық жүйесінің мәліметтер қорын жобалау
Бүгінгі таңда мәліметтер базасын жобалаудың негізгі мәселесі мәліметтер базасын құрудың және сипаттаудың құрылымы МББЖ-не түсінікті тілде жазылуы болып табылады. Мәселе сіз таңдаған МББЖ-нің тілін білуде ғана емес (алайда, ол да маңызды), мәліметті дұрыс таңдау, сипаттау және орналастыру, оның құрылымы және қолдану аймағына сай болуында. Ертеректе әр реляциондық мәліметтер базасы бір ғана кестеден тұратын және бұл жақта проблема тек көптеген кесте-базасын байланыстыруда, әйтпесе шешімінде: бір-жалғыз, қайталанбас базаны көп ақпаратпен толтырып оны қай уақытқа дейін үлкейте беруімізге болады және сонымен қоса оның жұмыс өнімділігін қалай сақтап қалуға болатынында туындайтын [19] .
Енді жобалау мүмкіншілігі көбейеді және күрделенеді, өйткені көптеген МББЖ-нде реляцоиндық мәліметтер базасы өзара байланысқан кестелердің жиынтығын көрсетеді. Қолдайтын мәліметтер, тәсілінің және өңдеу мен сақтаудың түрлері көбейеді.
Сонымен, МБ-ын жобалау процесі әрқайсысындағы бірнеше альтернативті шешімдердің біреуін таңдауға тиіс кезеңдерден тұрады. Жобалау процесі жақсы құрылғандықтан оның әрбір кезеңі нақты анықталған нәтижемен аяқталады және соңғы құрылымды жақсарту негізінде алдыңғы кезеңдердің қайталануына мүмкіндік береді.
МБ бастапқы және соңғы өңдеу кезеңна ұсынылған, МББЖ даму мүмкіншіліктері және жобалауды автоматтандыру құралдарының жобалау жолдарын айқындау керек. Соған сәйкес МБ құру жолы 3 тәуелсіз кезеңден тұрады:
Инфологиялық
Даталогиялық
Физикалық
Қазіргі таңда МБ физикалық жобалауы жүйе құралдарымен орындалады және ол жобалаушыға жасырын күйде болады. Жобалаудың жалпы схемасы келесі 5 суретте көрсетілген:
Сурет 5. Жобалаудың жалпы схемасы
Көріп тұрғандай қолдану саласын зерттеу нәтижесінде канондық деп аталатын алдын-алатын модель құрылады, өйткені онда барлық аномалия жазылған. Сонан соң қалыптасқан өзара байланысты орната отыра қолдану саласын қалыптастырып инфологиялық модельдеу кезеңна көшеміз. Осыдан соң құрылған инфологиялық модельді таңдалған МББЖ талабына сәйкестендіреді. Нәтижесінде даталогиялық модель немесе МБ схемасы пайда болады., онда пайдаланушылардың мүмкін болатын сұраныстары, яғни схеменың жеке бөліктері – ішкі схемалар қарастырылады [20].
Нақты МББЖ ортасындағы МБ-ның физикалық іске асуы МБ-н сақтау схемасымен сәйкес жүреді.
Физикалық жобалау.
МБ-н физикалық жобалау оның логикалық моделін кеңейтілуіне негізделген қажетті мінездемелермен қорытындыланады, ал олар өз кезегінде біріншіден МБ-н қолдану мен физикалық сақтау әдістерін анықтауға, екіншіден барлық жүйеге және өңдеу барысын бағалауға қажетті жады мөлшерін анықтау үшін қажет. Бұл түсініктемелер мәліметтерді қалай және қайда сақтау, оларды қалай тауып және қолдануға болады деген сияқты мәселелерге байланысты. Кейде, МБ үшін DL (1 жүйесінде бұл параметр мәін таңдау дегенді білдіреді, ал олар МБ-н басқарушы блок жазбасында көрсетілуі тиіс). Бізге керегі екі түрлі бағалау: жады көлемін бағалау және енгізу-шығару жүйесінің өнімін бағалау. Енгізу-шығару жүйесінің өнімін бағалау үш негізгі факторлармен анықталады: енгізу-шығару уақытымен, орталық санағыш (процессор) жұмысының уақытымен және үшінші қорды күту уақытымен.Өнімнің кез келген пайдалы бағасы сол уақыттағы ақпарат арқауында болуы тиіс. Логикалық жобалау процедураларының орындау нәтижесінде жобалаушы негізгі логикалық жобадан басқа кейбір альтернативті шешімдерді алады. Нәтижесінде оның меншігінде бірнеше догикалық жобалар болуы мүмкін, және оған осылардың ішінен біреуін таңдау қажет. Физикалық жобалау үрдісінде көбінесе бірнеше логикалық жобаларды салыстыру қажеттілігі туындайды. Жобаны бағалауда жалпылама түрде нұсқалардың санын азайтуға мүмкіншілік беретін қолайлы құрылым аналитикалық есептеу болып табылады. Қорытынды баға беруге нақтырақ модельдеу әдісі қажет болуы мүмкін. Мұнда біз жады көлемін бағалаудың кейбір аналитикалық есептеу әдісін қарастырамыз. Енгізу-шығару уақыты және ОП жұмыс уақытын бағалайтын аналитикалық модельдер көрсетілген; ал қорларды күту уақыты әлі бағаланбайды. Осы үш уақыттық мәндерде құралған өнім жүйесін нақтырақ бағалау үшін төменде кейбір модельдеу түрлері берілген.
Физикалық жобалау үрдісінде өте үлкен көмекті ЭЕМ береді.Бұл жерде қатынасты бейнеде жобалаушыға жобаның физикалық мінездемесін таңдауға және мамандандыруға мүмкіндік береді.
Жүйенің иерархиялық құрылымы, сегмент ұзындығы мен құрамы, даналардың саны мен қолдану жиілігі, өңдеу деңгейі (бұл мінездемелерді логикалық жобалау процедурасын автоматтандыру көмегімен алуға болады) сияқты мінездемелерден бастап, жобалаушы ЭЕМ-мен қатынаста келісімдерді құрылғы типін, ену әдісін, блоктың көлемін, таңдалған мәліметтердің екіншілік тобын, нұсқаулар типін, анкерлі нүктелерді, логикалық байланыс, индекстеу алгоритмі мен рондомизация таңдауына байланысты. Автоматтандырылған процедураларды жобаның физикалық мінездемелерін таңдау үшін ғана емес, сонымен қатар орындалып жатқан енудің тиімді әдісін анықтау үшін, мәліметтер блогының нақты өлшемін есептеуге, рондомизациялау алгоритм нұсқауларын бағалау және де екінші топты мәліметтер жиынын анықтайтын пайдалы ақпарат алу үшін қолданылады. Осы берілген процедуралы шешімдерді жобалаушының өзі талдап, қабылданып немесе қабылданбауын қарастыру керегін айтып өткен жөн. Келесі тарауларда кейбір әдістер мен физикалық жобалау үрдісіні автоматтандыратын математикалық модельдер және қажетті физикалық мінездемелердің көп бөлігін таңдау әдісі жазылған. Барлық материялдар DL/1жүйе мәліметтер құрылымына келтірілген [21].
Мәліметтер базасын жобалау мәселесі.Мәліметтерсіз жобалау бұл ұзақ және жұмысты көп қажет ететін үрдіс, 500 немесе одан да көп элементтерден тұратын үлкен МБ-ын жобалау,әдетте бірнеше ай, кей жағдайларда жылдарға созылуы мүмкін.Қазіргі кезеңге дейін МБ-ын жобалау ғылым емес, өнер болып қалуда[22].
МБ-ын жобалаушының негізгі қоры – оның интуициясы мен тәжірибесі. Алайды, бұдан алынатын нәтиженің сапасы күмәнді десек болады. Көптеген дайын жүйелердің ақау тұстары МБ-ның құрылымы болып табылады. Жобалаудың негізгі мәселесі мәліметтер элементтерінің бағытын анықтауында. Бұл мәселені шешкеннен кейін де құрылым үрдісінің қиындығынан қанағаттандыратын мәліметтер құрылымын алу қиын. Жобаланған құрылымды қанағаттандыратын негізгі критериялар, ол қосымшаның функционалды талаптарының қамсыздандыруы және жүйенің жоғары өнімділігі. МБ алынған қажетті мәліметтерді және олардың тиімді өңдеуін қамтамасыз ету керек. Нашар жобаланған МБ қолданбалы программа үрдісіні қиындатуы мүмкін және қажетті ақпаратты алуға қажет программадағы қиындау логикасының іске асуын талап етуі мүмкін. Бұл өз кезегінде ақпараттық жүйені іске асыру кезіндегі уақыт пен еңбек көлемін өсіреді және эксплуатация үрдісінде өңдеу уақытының өсуіне алып келеді.
МБ-ның аса маңызды аспектілері мәліметтердің бүтінділігі және сәйкестілігі; мәліметтердің бұзылуы және кенет жоғалуы болмауы керек, сонымен пайдаланушы өзіне қажетті мәліметтерді алу үшін қайталанылатын мәліметтер жасаудың бір деңгейіне сәйкес болуы керек. МБ сапасының маңызды критерийсіне қорғауды қамсыздандыру және мәліметтер құпиялығы жатады:мәліметтер санкциондалмаған кірістен қорғалуы қажет. МБ кеңейтілу қасиетіне және мәліметтерге қатысты өзгертілетін талаптарды қамсыздандыру мүмкіншілігіне ие болуы керек. Осы және одан басқа МБ-н жобалауға қатысты ойлар бір-біріне қарама-қайшы талаптарды көрсетеді, және жобалаудың автоматтандырылған процедураларын қолдану жобалаушыға көптеген қайшы жағдайларда білуге және олардың шешімін МБ-н жобалау біткенге дейін табуға көмектеседі.
МБ құрылымының негізгі нашар нәтижесі МБ-нің жұмысқа жарамсыз екендігін байқағаннан кейін оның қайта құрылуына жұмсалатын шығындардың көп болуы.Мысалға, DL/1 МБ үшін логикалық құрылымды өзгерту (яғни,иерархиялық құрылымның, сегменттер өлшемін және олардың құрылымын логикалық байланыстарды және екінші индекстерді өзгерту), әдетте қолданбалы программаның өзгеруіне және МБ-н қайта ұйымдастыруға алып келеді. Сондықтан жобалаушы барлығын бірінші реттен дұрыс жасауы тиіс.Физикалық құрылымының өзгеруі (қол жетудің әдісі, блоктың өлшемі, мәліметтер жинағының топтары, қолданылатын көрсеткіштер т.б.), әдетте дайын жобаны аз дәрежеде қозғайды. Бұл жағдайларда қолданбалы программалар өзгермейді, бірақ МБ-н қайта ұйымдастыру керек.Жобалаушының кейбір параметрлерін, мысалға, сегменттерді қосу, өшіру және өзгерту, МБ-ның өлшемі индекстердің физикалық орналастырудың және тағы басқалары қолданбалы программаның өзгеруіне және МБ-ның қайта ұйымдастыруына алып келмейді. Жобаға мұқият талдау жасау мүмкіншілігін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жобалаудың жүйелендірілген құралдарының болуы параметрлердің нәтижеленетін құрылымға және программалық құралдарға мүмкін болатын өзгерістердің әсер етуінің азаюына алып келуі керек.
Әдетте тиімді МБ-н жобалауға келесілер кедергі келтіреді:
мәліметтерге терең анализді талап етудің жеткіліксіздігі ( сонымен қатар аттар семантикасы және мәліметтердің өзара байланысы);
қолмен өңдеудегі жалықтыратын және қиын жасалатын құрылу үрдісінің ұзақтығы;
жобалау барысындағы жүйе өнімділігімен байланысты қиындықтар;
техникалық құралдармен қолданылатын ескерілген уақыттық шектеулер .
Бұл кедергілерді жою автоматтандыру құралдарын қолданатын МБ-н жобалаудың жүйелендірілген поцедурасын тудырады.
Жобалаудың мақсаттары.Ережелер, құралдар және поцедуралардың бір жиынтығын көрсететін МБ-н жобалау методологиясы жобалау уақытын азайтуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған процедураларды қолдану нәтижесінде қажетті жобалау инфортациясы жобалаушыға жобалаудың ерте кезеңінде және кең көлемде алуына мүмкін болады.
Сонымен, МБ-н жобалаудың автоматтандыру мақсаттары келесідей:
жобалаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету;
жобалау уақытын қысқарту.
Нақтырақ айтқанда аз уақыт ішінде жақсы ойластырылған, кеңейетін және бүтінділік қасиеттеіне ие МБ-н құру.
Жобалау әдісі. МБ-н жобалау үрдісінде жобалаушыны жалықтыратын жұмыстардан босату үшін және қажетті жобалық ақпаратты алу үшін жобалаудың көптеген процедураларын автоматтандыру керек. Құрылатын құрылымның өңдеу кезеңінде берілетін қалыптар жобалаушыға мәліметтер элементтерінің аттарын стандарттауға және олардың тағайындалуын анықтауда көмегін қамтамасыз етеді. Логикалық құрылымдау үрдісінде диагностикалық қалыптар көмегімен альтернативті шешімдер, мәліметтер элементтерінің келісілмеген сипаттамалары шығады. Жобалау кезеңінде алынатын жүйе өнімділігінің бағасы жобалаушыға әр түрлі құрылым түрлерін таңдауына көмек береді, жобалау процесі қалыптасқан жағдайға байланысты құжаттамаларды алумен қатар жүреді. МБ-н жобалау процедурасының жиынтығы 6 суретінде көрсетілген.
Сурет 6. МБ-н жобалау кезеңдері
Үрдіс үш тәуелсіз кезеңін қамтиды. Концептуалды жобалау кезінде мәліметтердің жиыны, талдау және өңдеу талаптары қойылады. Логикалық жобалау үрдісінде мәліметтерге қойылатын талаптар МББЖ-мен қолданылатын құылымға айналады. Физикалық жобалау кезеңінде жүйе өнімділігі, мәліметтерді сақтау құылымының анықталуы және қол жетушілік әдістері айқындалады.
Жобалаудың әр кезең нәтижесінде модель алынатын итеративті процедуралардың жиынтығы ретінде қарастырылады. Біз концептуалды модельдің жобалаудың концептуалды кезеңінде құрылатынын, логикалық модельді жобалаудың логикалық кезеңінде және физикалық модельдің жобалаудың физикалық кезеңінде құрылатынын айтамыз. Барлық үрдіс итеративті болып келеді. Физикалық немесе логикалық жобалау кезеңінде алынған жобалау нәтижелері жобаланатын жүйенің талап ететін қасиеттерін камтамасыз ету үшін итерацияның қайталануы мен өзгеісін талап ету мүмкін.
Жобалау үрдісінің көптеген процедураларының автоматтандырылғанына қарамастан, адамның бұған белсенді қатысуы керек. Итеративті процедуралар жобалаушылар мен ақырғы қолданушылар арасында қатынастың болуын талап етеді. Ал жақсы ойластырылған автоматтандыру қатынас үрдісінде талқыланатын және шешілетін мәселелерді түсінуге көмектеседі.
Жобалаушының шешім қабылдау уақыты және итеративті процедурулардың кезектілігі жекелеген түрде 7 суретінде көрсетілген.
Сурет 7. Жобалаушының шешім қабылдау процедурулардың кезектілігі
Итеративті процедуралар жобалаушылар мен ақырғы қолданушылар арасында қатынастың болуын талап етеді. Ал жақсы ойластырылған автоматтандыру қатынас үрдісінде талқыланатын және шешілетін мәселелерді түсінуге көмектеседі[23].
Жобалаушының мүмкін болатын әдістеме мен арнайы жобалау құралдарын қолдануы жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмек береді. Бұл құралдардың көбісі программды түрде іске асқан: олар жобалаушыға жобалаудың өте ауыр үрдісіні жеңілдетеді және жобалау құрылымының терең талдауын алуына әсерін тигізеді.
Әдістеме мен жобалаудың автоматтандырылған құралдарын қолдану нәтижесінде:
жобалау сапасының жоғарылауы қосымша спецификациясының терең талдау есебінен мәліметтер талаптарындағы қателіктердің, келіспеушіліктердің және өткізулердің жойылуы; шектен көп ассоциациялардың жойылуы; мәліметтер элементтерінің шектен көптік идентификациясы жобалаушының шешім қабылдауын талап ететін құрылымның түпнұсқалар идентификациясы; өнімділік талдау;оқыту құралдарының бар болуы;
жобалау уақытын үнемдеу:итерация санының азаюы; әр итерацияны істеу кезіндегі уақыттың азаюы; нәтижелердің құжаттануы.
Жобалаудың қосымша аспектілері.Жоғарыда келтірілген түсініктерге және жобалаудың автоматтандырылған процедураларына қосымша практикада нақты мәлімет базасын құру кезінде басқа да шиеленістер туындайды. Біз осындай екі шиеленістерді қарастырамыз: сөздіктер жүйесімен интерфейс және өңдеушілердің МБ-н жобалаудың автоматтандырылған жүйесімен байланыс тілі. Екінші жағдайда да көрсетілген материал толықтылыққа және аяқталғандыққа сәйкес емес.
Сөздіктер жүйесімен интерфейс. Әдетте сөздіктер жүйесі бар МБ-нда мәліметтер элементтері жайлы ақпаратты сақтауға арналған құрал ретінде қолданылады.
Мәліметтерді суреттеуді сақтаушы ретінде сөздік мәліметтер элементтерінің аттарын, оның сипаттамасын (ұзындығы, формат және т.б.) және оның мағынасын сөзбен суреттеу. Бақылау және бірдей мәлімет элементтерінің альтернативті атауларды (синонимдер) өңдеу, мәліметті қолданушы жайлы және оның құпиялылығы жайлы ақпаратты сақтау, мәліметтердің жаңаруын бақылау қарастырылған. Бұдан басқа, мәліметтердің программамен және программа иесімен байланысатын ортаның мәліметтерді қолдану жайлы ақпарат сақталынады. Бұл мәлімет базасын өзгерту кезінде қозғалатын тұлғалар тізімін алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар МБ-ның құрылымын суреттеу сақталынады. IMS МББЖ үшін бұл сипаттама мәлімет элементтерінің сегментіне, сегменттердің физикалық МБ-на, физикалық МБ-ның логикалыққа кіруі жайлы ақпаратты құрайды. Яғни, сөздік физикалық және логикалық МБ-н сипаттау генерациясы үшін барлық қажет ақпаратты құрайды.Сөздік жүйесі мен МБ-н жобалау жүйесінің автоматизациясы бір-бінімен тығыз байланысқан. Екі жүйе де мәлімет элементтерінің характеристікасы мен сипаттамасымен, сол элементтерден және олардың байланысымен құрастырылған логикалық құрылыммен жұмысы бар. Сөздіктер жүйесі жобалаудың автоматтандырылған жүйесіне кіру мәліметтерін ұсына алады, ал жобалаудың жүйесі өздерінің нәтижелерін сөздікте сақтай алады[24].
Сөздік жүйесі мен МБ-н жобалаудың автоматтандырылған жүйесінің арасындағы интерфейс 3 аймақты қамту керек:
мәліметтерді енгізу және өңдеу;
логикалық модельдердің құрылымын анықтау;
физикалық модельдеудің құрылымын анықтау.
Мәліметтерді енгізу және өңдеу. Мәліметтерді енгізу. Жобалаудың автоматтандырылған процедураларына қажет және сәліметтер талаптарын қамтитын ақпарат қазіргі заманғы коммерциялық сөздіктер жүйесінде сақталатын толық ақпаратты білдіреді. Құрылымдық емес мәліметтер элементтерінің сәйкесінше локальдік көріністермен байланысын орнатып, сипаттамаға құрылымдық емес мәліметтер элементтерінің жұптық байланысы мен оның пайдалануының қатысты жиілігінің арасындағы типтік ассоциацияны қоссақ, онда сөздік сипаттама кіріс мәліметтің жобалаудың автоматтандырылған процедурасын қамтамасыз ете алатын еді.
Өкінішке орай, қазіргі таңда көптеген коммерциялық сөздік жүйесінде бұндай ақпаратты сақтау қарастырылмаған.
Жалпы айтқанда негізінен сол бір ақпаратты сөздіктер жүйесінде және жобалаудың автоматтандырылған процедурасында қайталануын енгізуге жол бермеу керек. Бұндай қайталану жүздеген немесе мыңдаған мәліметтер элементтерінен тұрарын үлкен МБ-на зиян. Жаңа мәлімет элементтері жайлы ақпаратты сөздіктер жүйесіне енгізу қажет. Ал жобалау автоматтандырылған процедурасының кіру үшін оның аталған жиынтығына (мәліметтердің локальдік көрінісі ) арнайы интерфейс қарастырған жөн.
Мәліметтерді өңдеу. Жаңа мәліметтерді енгізу әдетте қателіктердің пайда болуына байланысты - әр түрлі локальді көріністерде бір мәліметтер элементтерінің атаулары, қолдану әрекеті және характеристикасы түрлі болуы мүмкін. Синонимдер, омонимдер және қарсы мінездемелер бір мәлімет элементтері үшін әр түрлі қайнар көздегі мәлімет талаптарының жиыны болып табылады. Сөздіктер жүйесіне кіру кезіндегі фильтр ролін атқаратын функция ретінде жобалаудың концептуалды кезеңіндегі өңдеу құралдарын және сол кезеңде алынған құжаттарды пайдалануға болады. Өңдеу процедурасында итеративті фазаны аяқтау кезінде барлық ақаулы мәліметтерді (мысалға, стандартты емес атаулар) сөздіктен жоюға болады, ал тұрақты түрде сақтауға қайшылықтар және ақаусыз мәліметтерді қалдырамыз. Жобалаушының ниеті бойынша сақталынған барлық синонимдерді сосын басқарушының елесі бойынша ережеге сәйкес қолдануға болады[25].
Ағымдағы жоба. Локальдік модельдің құрылымын анықтау процедурусында құрылымдық емес мәлімет элементтері бар деп есептесек, оны МБ-ның сегментін анықтайтын байланыстарды сипаттаумен, логикалық қатынастар мен екіншілік индекстермен толтыруға болады. Сөздікке ақпаратты енгізу алдында сегменттер мен МБ-на атаулар беруге болады, егер ол жобалау алғашқы кезеңдерында процедуралармен берілмеген болса; ол үшін құрылым спецификациясының арнайы командасын пайдалануға болады. Сәйкесінше жобалау процедурасына енгізу мәліметтері ретінде жобалаушының логикалық байланыстарды іске асыру мен екіншілік индекстердің нақты нәтижелерін өткізуге болады. Осылайша, жобалаудың физикалық кезең мен өнімділікті бағалауды қолдану үшін сөздікте логикалық жобаның нұсқаларын сақтауға болады.
Сөздіктен логикалық жоба нұсқаларынаң алдын ала сипаттамасын жоятын құралдың болуы жөн.
Жобаға жаңа талаптардың қосылуы.
Қалыптасқан МБ жобасына жаңа өңдейтін функциялар немесе жаңа мәлімет элементтерін қосу үшін жобалау поцедурасында сөздіктер жүйесінен құрылымдық емес мәлімет элементтері мен өзгерілетін жобаның таңдалынатын құралдарын қарастыру керек.
Қалыптасқан жобаның еркін өзгеруінің дәрежесі нақты шарттармен шектелуі керек.
МБ құрылған және өндірістік эксплуатацияда орналасқан, ал жобалаушы оның жаңа талаптарды қанағаттандыра ма және іске асыруда қандай қиындықтардың пайда болатынын білуге құмарланады. Екінші жағынан, автоматтандырылатын жобада қолдану саласының барлық қызмет түрлері көрсетілмеген аса жоғары нәтижеге жету үшін жоба құрамын өзгерту үшін барынша еркіндік беру керек.
Негізінен, жобалаушының белсенділігі шектеудің нақты шарттары жоғарыда белгіленген екі шектің ортасында жатыр. Мысалы, жобалаушыға сегменттің иерархиялық қатынасын сақтай отырып оның құрамын өзгертуге рұқсат беруге болады.
Сегмент құрамының өзгеруі әдетте қолданбалы программаға аз әсер етеді; ол программалардың макрокоманда деңгейінде өзгеруіне және компиляцияның қайталануына алып келеді. Иерархиялық қатынастардағы өзгерістер сәйкес программаның ішкі логикасының өзгертілуін талап етуі мүмкін. Сәйкес жобалаушыға тек кейбір локальдік көріністерді өзгертуге рұқсат етіледі [26].
Физикалық модель құрылымының анықталуы. Физикалық жоба (құрал типі, қол жеткізу әдісі, блоктар өлшемдері, мәліметтер жиынтықтарының топтары, көрсеткіштер типтері және т.б.) параметрлерін анықтау үшін қарастырылған автоматтандырылған процедуралар МБ-н текстік сипаттаудың келесі автоматты генерациясы үшін сөздікке өзінің нәтижелерін кіргізетіндей өңделуі мүмкін.
МБ-ның текстік сипаттамасы қолданбалы прогамма моделінің ағымдағы текстімен бірге физикалық жобалау процедурасына енгізу мәліметтері ретінде қызмет ететін еді.
Жобалаушымен логикалық және физикалық жобаның нақты түпнұсқаларын таңдалғаннан кейін оған сөздіктер жүйесіне өзінің шешімін хабарлайтын құрал қажет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |