Диагностикасы. Түйнеменің терілік түрін стафилоккокты, стрептококкты инфекциядан, тілмеден, эризипелоидтан, листериоздың, пастереллездің, обаның терілік түрлерінен ажырату керек; өкпелік түрін обаның өкпелік түрінен, пневмониялардан; абдоминалді түрін мезентериалді тромбоздан, жедел панкреатиттен, жедел ішек инфекциялардан, ішектің түйілуінен, тесілуінен ажырату керек.
Лабораториялық әдістер:
-Бактериоскопия – жағындыда ірі, грам «оң», спора немесе капсула түзетін таяқшаны анықтау;
-Бактериологиялық зерттеу - B. Аnthracis бөліп алу (зерттеуге алынатын биосубстраттар №6 кестеде көрсетілген);
- ПТР;
-Серологиялық реакциялар (ИФА, Вестерн Блот, токсинді анықтау, хроматографиялық зерттеу, флюоресцентті антиденелерді анықтау);
-Биологиялық әдіс (лабораториялық жануарларға жұқтыру);
-Терілік –аллергиялық сынама - тері астына антраксинді енгізу арқылы арнайы сезімталдықты анықтау (вакцина қабылдамаған адамдарда қолданылады).
№ 6 кесте
Түйнеменің түріне байланысты науқастан зерттеуге алынатын биосубстраттар
Түйнеменің клиникалық түрі
|
Науқастан алынатын биосубстрат
|
терілік түрі
|
көпіршіктердің бөлінділері, жараның түбінен жағынды, қабыршақ астынан жағынды, пункциялық биопсия
|
өкпелік түрі
|
қақырық, анқаның жағындысы, қан, плевралді сұйықтық
|
абдоминалді түрі
|
нәжіс, құсық массалары, қан, асциттік сұйықтық
|
орофарингеалді түрі
|
қан, анқаның жағындысы, қақырық
|
менингеалді түрі
|
жұлын сұйықтығы, қан
|
жайылмалы, септикалық түрлері
|
қан
|
Емдеуі
I. Этиотропты ем
II. Арнайы серотерапия
III. Патогенетикалық ем
Этиотропты ем. Терілік түрінде ципрофлоксацин, доксициклин, левомицетин, цефтриаксон, нетилмицин, амоксициклин қолданылады. Жергілікті хирургиялық емге тиым салынады. Нитрофуранды мазді қолдануға болады. Процесс жайылмалы түріне ауысса антибиотиктерді тамыр ішіне енгізу қажет.
Арнайы серотерапия. Түйнеме таяқшасының токсинін нейтрализалау үшін түйнемеге қарсы иммуноглобулин енгізіледі: аурудың жеңіл түрінде 20 мл дейін, орташа ауыр түрінде 20-40 мл, ауыр түрінде – 60-80 мл. Курстік дозасы 300-400 мл дейін (септикалық түрінде).
Патогенетикалық ем. Тамыр ішіне кристаллоидты ерітінділерін (дисоль, трисоль, хлосоль, ацесоль) және коллоидты ертінділерін (инфезол, полиглюкин, реополиглюкин) енгізіледі, олардың салыстырмасы 2-3 : 1, көлемі 50-70 мл/кг тәулігіне болу керек.
Шокпен, ТШҰ мен, бүйректің жетіспеушілігімен күресу.
Достарыңызбен бөлісу: |