Емхананың жұқпалы аурулар кабинетi Жұқпалы аурулар кабинетi (ЖАК) – емхананың бөлiмi болып табылады. Оның негiзгi мiндетi жұқпалы науқастарды ерте анықтау және емдеу бойынша мамандандырылған кеңестiк жұмысты қамтамассыз ету және ұйымдастыру - әдiстемелiк жұмыс жүргiзедi. ЖАК–ң жұмысы, есептiк құжаттарды жабдықтауы және қызметкерлердiң мiндеттерi бiрнеше нормативтi құжаттармен белгiленген.
ЖАК – ң негiзгi мақсаттары:
Науқастарға емханада және үйде кеңес беру, оларды емдеу және эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
Жұқпалы ауруларды амбулаторлық жағдайда зерттеу және емдеу, оларды ауруханаға жолдау ережелері,
ЖАК-тегі диспансерлік бақылауды қажет етпейтін жұқпалы ауру реконвалесценттердің емін жалғастыру бойынша емхана дәрігерлеріне (жалпы тәжірибе дәрігерлеріне) кеңестік көмек көрсету.
Сонымен қатар ЖАК қызметкерлері жұқпалы аурулар реконвалесценттердің және бактериятасымалдаушылардың бақылауын жүргізеді; ауруханадан шыққан науқасқа реабилитация шараларын өткізеді және науқастарды, бактерия немесе паразиттасымалдаушыларды тіркейді. ЖАК жұмысының маңызды бөлігі – жұқпалы ауруларды алдын алу бойынша және бірінші медициналық көмек көрсету бойынша ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады.
ЖАК мейірбикесі дәрігерге мамандандырылған медициналық көмекті көрсетуде атсалысады; зертханалық зерттеуге материал жинайды; емдік тағайындауларды орындайды; науқастың туыстарын күту және эпидемияға қарсы шаралар өткізу ережелеріне үйретеді; ағынды дезинфекция өткізеді.
ЖАК меірбикесі дәрігер – инфекционисттің басқаруымен жұмыс істейді.
Жұқпалы науқастардың диспансеризациясы және реабилитациясы Диспансеризация (француз dispensaire - босату) - аурулардың дамуын және таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі.
Диспансеризацияның негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын, еңбекке жарамдылығын сақтау және жақсарту, адамдар өмірін ұзарту болып табылады. Бұл мақсатта ауруларды белсенді анықтау және ерте емдеу, аурудың пайда болу және таралу себептерін анықтау және жою, санитарлық гигиеналық, профилактикалық, емдік – сақтау және әлеуметтік шараларды өткізу жолымен жетеді.
Жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансерлік бақылауы бұйрықтарға және нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жұқпалы ауруханадан шығарылған реконвалесценттер ЖАК дәрігерінің немесе учаскелік дәрігердің (жалпы тәжірибе дәрігері) диспансерлік бақылауына жолданады.
Көптеген жұқпалы ауруларда диспансерлік бақылау мерзімдері, ЖАК дәрігердің тексеру жиілігі, лабораториялық және басқа зерттеулер тізімі және кезеңділігі белгіленген. Қажет болса басқа мамандардың кеңесі жүргізіледі: терапевт, кардиолог, невропотолог және т. б. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансеризациясы мақсаттарына емдік – сауығу, реабилитациялық шаралар жүргізу, қосымша патологияны анықтау және емдеу кіреді. Егер қажеттілік болса медикаментозды ем жалғастырылады. Диспансерлік бақылауды жүргізетін дәрігер науқас өмірінің саласын жақсартуға бағытталған, диета бойынша ұсыныстар береді; физиотерапиялық процедуралар, емдік дене шынықтыру және санаториялық – курорттық ем туралы сұрақтарды шешеді. Одан басқа дәрігіердің міндеттеріне науқастың еңбек және демалыс тәртібі туралы, уақытша еңбекке жарамсыздың экспертизасы туралы сұрақтарды шешу кіреді.
Тағам өндірісінде жұмыс істейтін немесе оларға теңестірілген адамдарда ұзақ бактериятасымалдаушылық анықталса, эпидемиологпен бірге олардың басқа жұмысқа ауыстырылуы туралы сұрақ шешіледі.