немесе - дәлелденген жағдаймен эпидемиологиялық байланыстың болуы
Листериоздың барлық клиникалық түрлерінің дәлелденген жағдайы Келесі келтірілгеннің біреуі:
- листерия дақылын бөліп алу
- ПТР әдісінің оң нәтижесі
- ИФА әдісінің оң нәтижесі
-агглютинация реакциялар титрінің 4 есе жоғарлауы
-агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1:200 және одан да жоғары нәтижесі
- агглютинация реакциясының бірінші титрінің 1:200 ден жоғары емес жағдайында басқа серологиялық реакцияның оң нәтижесі
Емдеуі
Этиотропты емді түрлі антибиотиктермен жүргізуге болады. L. monocytogenes антибактериальды препараттарға сезімталдығы №15 кестеде, генитальді листериозбен ауырған науқастарды емдеуі №16 кестеде келтірілген.
Жергілікті түрлерінде 1 антибиотик, жайылмалы түрлерінде - 2 антибиотик қолданылады: макролидтерге, ампициллинге, цефалоспориндерге аминогликозидтерді қосу қажет - гентамицин, тобрамицин және т.б.
Фторхинолондар (ципрофлоксацин, пефлоксацин, офлоксацин, т.б.) тиімді әсер етеді. Қолайлы қомбинацияның бірі: цефалоспориндер мен фторхинолндар. Олар орта терапевтикалық дозасында тағайындалады. Этиотропты емінің ұзақтығы клиникалық сауығу және макроорганизмнің қоздырғыштан тазарумен анықталады, көбінесе 7-10 күн болады. Листериоздың ауыр түрінде этиотропты терапия 14-21 күнге созылады.
Патогентикалық ем – улану симптомдарымен күресу; ТШҚҰ-синдромымен күресу; қабынуға қарсы стероидты емес препараттар. Ағзалық патологияға байланысты ем жүргізу қажет. Менингит кезінде дегидратациялық ем пайдалану қажет.
Иммунотерапия. Сонғы жылдары емдік комплекске иммунокорректорларды қосып, олардың ішінде интерлейкин-2 (ронколейкин) аурудың болжамын жақсы көрсеткіштерге жеткізуге болады.
Жергілікті ем ангинозды, терілік, көз-бездік түрлерінде қолданылады.
Листериоздың емінде цефалоспориндерді (парентеральді немесе энтеральді) нитрофурандармен (жергілікті, қынап арқылы) бірге қолдану ұсынылады.
Генитальді листериозбен ауырған жүкті әйелдерді күндізгі стационарда амбулаториялық жағдайда емдеуге болады. Антибиотиктер листерияларды штаммының сезімталдығын анықтағаннан кейін тағайындалды. Емдік курсы -7 күн.