Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет193/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Асқынулары. Инфекциялық-токсикалық шок, азотемиялық уремия, бүйректің жыртылуы, эклампсия, жүрек-тамырлардың жедел жетіспеушілігі, өкпе ісінуі, асқазан-ішектен қан кету, миға, миокард, бүйрекүсті безі, гипофиз, ұйқы безіне қан құйылу, ошақты пневмония, флегмона, паротит, перитонит.
Болжамы. Қиыр шығыста өлім-жітімділігі 6-8%, Ресейдің Еуропа бөлігінде 1-3,5% құрайды.
Диагностикасы. БСГҚ симптомдары: бүйрек жетіспеушілігі, геморрагиялық синдром, белде ауыруы сезімінің болуы. Ауру көріністерінің ретін ескерту қажет: жедел басталу, қызба, беттің гиперемиясы, склера, конъюнктива тамырларының инъекциясы, геморрагиялық бөртпе, жүрек жетіспеушілігінің белгілері, олигоурия, анурия, геморрагиялық синдромдар. Гиперазотемия, массивті протеинурия, гипоизостенурия, зәр тұнбасында фибриндік цилиндрлердің болуы, көрудің бұзылуы. Географиялық ерекшеліктердің болуы. Грипп, бөртпе, іш сүзектері, лептоспироз, геморрагиялық васкулит, жедел гломерулонефрит, пиелонефрит, кенелік энцефалит, жедел іш синдромы хирургиялық аурулармен салыстырмалы диагностика жүргізеді.
Гемограммадағы өзгерістер: бастапқы лейкопения, сосын нейтрофилді гиперлейкоцитоз, тромбоцитопепения, ЭТЖ-ң жоғарылауы.
ИФА, РИА, ИМФ арқылы диагноз толықтырылады. ИФА арқылы антиденелер 3-7 күні ең көп санына жететіні анықталған.
БСГҚ жағдайын стандартты анықтау.
БСГҚ күмәндану жағдайы:
Айқын улану көріністерімен, жоғары қызбамен және бір немесе екі синдромның дамуымен сипатталатын жедел ауру:
1. Бүйректің жедел жетіспеушілігі келесі 5 белгімен білінген:
-бел аймағында ауру сезімі;
- Пастернацкий симптомы;
- құсу, іштің ауруы;
- Беттің,қастың ісінуі, жоғары қастарда майда қан құйулар;
-олигоурия, кейде анурия
- протеинурия
-микро- және макрогематурия;
-гиперазотемия
2. Геморрагиялық синдром келесі белгілердің біреуімен білінген:
-петехиальды бөртпе;
- қан құйулар;
- қан кетулер (қызыл иектен, мұрыннан, жатырдан, ас қорыту жолдарынан);
- тромбоцитопения (<100 000/л).


Ықтимал жағдай:
күмәндану жағдайға сәйкес және келесі мәліметтердің біреуі болған кезде қойылады:
- 6 апта бұрын табиғи ошақта болуы
және
келесі эпидемиологиялық мәліметтердің біреуі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет