Ауруханадан шығару ережелері.Реконвалесцентті клиникалық көріністері жойылған кезде, толық емдеу курсын алғанда және қалың тамшыда плазмодий болмағанда, қан жағындысын зерттеу кезіндегі 2-3 рет теріс нәтиже берген кезде ғана стационардан шығарады.
Ауруханалардың жұқпалы аурулар кабинетінде диспансерлік қадағалауда және учаскелік терапевте 2 жылға дейін тұрады. Әр ай сайын мамырдан қыркүйекке дейін және квартал сайын жағындыны зерттеп отыру керек Егер зерттеу оң нәтиже берсе арнайы ем тағайындайды және бақылау уақытын ұзартады.
Тропикалық климатты елдерде болған адамдарды міндетті түрде профилактикалық емді мефлохинмен, примахинмен (радикальды емдеу үшін схема түрінде), хлоридинмен (әр апта сайын берілу мерзімі бойынша) қабылдап 2 жыл бойы бақылауда болуы керек. Жартылай иммунды емес адамдарға үшін айына 1 рет 2-3 таблеткадан, ал иммунды емес адамдар үшін – 1 таблеткадан айына 2 рет фансидар тағайындалады.
Безгекпен күресу және алдын алу шаралары. Эпидемияға қарсы және алдын алу шаралары эпидемиялық процестің барлық бөліктеріне сәйкес үш бағытта – инвазия қоздырғышының көзіне, берілу механизміне және тұрғындардың қабылдаушылығына сай өткізіледі. Әрбір бағыт - шаралардың жиынтығынан тұрады. Ол масаларды, оның личинкаларын жоюды, химиялық дәрілермен тұрғындардың қабылдамаушылығын көтеруді және адамдарды масалар шабуылынан қорғауды қамтиды.
VI ТАРАУ. ВИРУСТЫ ГЕПАТИТТЕР ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ЖАБЫНДЫЛАРДЫҢ ИНФЕКЦИЯЛАРЫ
Вирусты гепатиттер (hepatitis virosa ) Вирусты гепатиттер - бауыр зақымдалуымен жүретін жұқпалы аурулар. Жедел гепатиттің ауырлығы әр түрлі болады: симптомсыз және клиникалық көріністері әлсіз дамығаннан бастап, ауыр және қатерлі, өліммен аяқталатын түрлерге дейін. Ол адамды өлімге әкелетін инфекциялардың қатарына жатады.
Гепатитті тудыратын вирустарға жеке нозология ретінде келесі вирустар жатады: А (HAV), В (HBV), С (HCV), D (HDV), Е (HEV), F (HFV), G (HGV). HFV – таксономиялық тұрғыдан анықталмаған, вирусты гепатит қоздырғышы бола алды деген кондидаттардың (GBV/GBV-C-PHK және TTV-ДНК) патогенділігі күмән тудырады, бірақ, TTV созылмалы С гепатит кезінде табылған, әсіресе соңғы кезеңдерінде. Негізгі гепатотропты вирустардың сипаттамасы № 22 кестеде көрсетілген.
Анықталған гепатотропты вирустардың ішінде парентералды жолмен берілетін вирустар - В, С, Д, F, G және TTV.
Бауырдың зақымдалуы басқа вирустармен де шақырылуы мүмкін. Бірақ, бұл кезде «Вирусты гепатит» термині қолданылмайды, себебі, бауырдың зақымдалуы арнайы емес болып, әдетте осы инфекциялардың ауыр түрлерінің асқынуы ретінде дамиды. Ол вирустарға жұқпалы мононуклеоз шақыратын Эпштейн-Барр вирусы, жай герпес вирусының I-түрі, цитомегаловирус жатады.
Вирусты гепатиттерге жедел ағымның созылмалы түрге айналу мүмкіндігі әр түрлі циклдік ағым тән ( № 2 кесте).
Созылмалы В, С және Д гепатиттерінің әлеуметтік маңызы жоғарылады. ДДҰ мәліметі бойынша, бүкіл әлемде HBV- тасымалдаушылары шамамен 300 млн. және HCV - 500 млн-ға дейін жетеді. Жұқтырғандардың 80% қауіп-қатер тобына жатады. HBV- тасымалдаушыларының 40% созылмалы гепатиттің асқынуларынан өледі. Әлемде HBV-мен шақырылған бауырдың қатерлі ісігінен 1 млн. жуық адам өледі. HBV-мен салыстырғанда HCV-дан бауыр циррозы жиі дамиды, ол гепатоцеллюларлы карциноманың дамуына негіз болып табылады.
HBV, HCV және HDV кезінде – жұғу жолдары және организмде ұзақ сақталуы бірдей; осы қасиеттері оларды А және Е вирустарынан ажыратады.
Нашақорлықтың өсуіне байланысты елімізде аралас инфекциялардың үлесі жоғарылады (HBV+HCV, HBV+HDV, HBV+HCV+HDV). Бұл жағдай созылмалы вирусты гепатиттердің қолайсыз нәтижелерін бірнеше есе жоғарылатады.
Гепатиттің тағы бір этиологиялықагенті анықталды – ТТ вирус ( TTV - transfusiontransmitted virus, яғни, қан құйғанда берілетін вирус). Бүл - ДНҚ- лы вирус, Circoviridae туыстастығына жатады. TTV изоляттарының ДНҚ-сын зерттеу оның (I-ден XVI-га дейін рим сандарымен белгіленетін) әр түрлі варианттарын көрсетті. Гепатиттің дамуындағы TTV-ның этиологиялық рөлі толық шешілмеді. Мысалы, TTV ДНҚ-лы жүрекке операция жасалмаған науқастарда операцияға дейін 16,6%-те және кейін -
69,0 %-те кездесті, бірақ TTV-мен байланыстыруға болатын жедел гепатит тіркелген жоқ.
TTV-инфекция созылмалы В және С гепатиттермен ауырған науқастарда жиі кездескенімен, TTV-коинфекциясы созылмалы В және С гепатиттердің клиникалық - патогенетикалық ағымына және альфа-интерферонмен емдеу нәтижесіне әсер етпейді. Сонымен қатар, бұл вирус адам организміне әсер етпейді деп айтуға болмайды. Вирусты гепатиттердің маңызды мәселен олардың жеке түрлерін анықтау болып
№23 кесте.
Гепатотропты вирустардың ерекшеліктері
Ерекшеліктері
HAV1973г.
HBV1963г.
HCV1989г.
HDV1977г.
HEV1980г.
Топтық сәйкестілігі
Пикорна-вирус
(энтеро-вирус)
Гепадна-вирус
Флавивирус
Рибозин
(өсімдіктер мен жануарлар вирустарының арасында-ғы орын)