Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет58/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Этиологиясы.Қоздырғышы Reoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында РНҚ бар вирус.
Клиникалық көрінісі: Инкубациялық кезең -2-5 күн. Ауру біріңғай интоксикациямен өтеді. Науқас әлсіздікке, тоңғыштыққа, бастың ауыруына, жөтелге шағымданады. Кейбір науқастарда құсу, диарея, іштің ауыруы пайда болады. Дене қызуы субфебрилді, кейде 38-39°С-қа дейін жоғарылайды.
Қарап тексергенде: склералар мен конъюнктивалар тамырларының инъекциясы, аңқа гиперемиясы. Кейде полиморфты экзантема пайда болады. Өкпеден қатайған тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Іштің пальпациясы арқылы оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезімі, ішектің құрылдауы анықталады. Кейде бауыр үлкеюі мүмкін.
Гемограммада: кейде біріңғай лейкопения және лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты.


МЕНИНГОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯ
Анықтамасы. Менингококты инфекция - менингококктар қоздырып, ауа-тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми қабықшасының зақымдануымен, ерекше септицемиямен (менингококкемиямен) сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды – бактериятасымалдаушылықтан назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел жұқпалы ауру.
Тақырып өзектілігі. Менингококкты инфекцияның ерекше маңыздылығы барлық жерде таралуына, соңғы жылдары сырқаттанушылықтың өсуіне, ауыр түрлерінің және асқынуларының көбеюіне байланысты. Ауру қарқынды түрде дамығандықтан тез арада өлім-жітімге соқтыруы мүмкін. Осы мәселелер бұл инфекцияның ерте диагностикасының аса маңыздылығын көрсетеді.
Әртүрлі клиникалық көріністері болуына байланысты көптеген аурулармен салыстырмалы диагностика жасау кезінде қиындықтар туады. Бұл аурудың ауыр түріне шалдыққан балалар мен жас адамдарда ұзақ уақытқа қалдық өзгерістер сақталу қаупі жоғары.
Тарихи мәліметтері. Ми менингитінің алғашқы клиникалық көрінісі XVII ғасырда жазылған болатын. Эпидемиялық ми менингитін дербес ауру тәрізді 1887 жылы Weichselbaum анықтап, қоздырғышты сипаттап жазған. 1899 жылы В.Ослер ауру қоздырғышын қанда да тапқандықтан, бұл аурудың патогенезіне қатысты көп сұрақтар айқындалды. Ең маңыздысы – менингококты инфекцияның жалғыз көрінісі менингит қана емес екендігі белгілі болды.
1962 жылдан бастап кейбір елдерде, соның ішінде ССРО-да аурудың едәуір өрістеуі тіркелген. Содан кейін (1975-1979 ж.) бұл аурудың кейбір төмендеуі байқалған, көбінесе бұрынғы одақтық республикаларда (Украина, Белоруссия, Ресей, Молдавия, Прибалтика). 1965 жылы Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясының 8-ші қайта қарауында аурудың Халықаралық жіктелуіне «менингококкты инфекция» атты жаңа ауру атауы енгізілді.
Менингококкты инфекция әлемнің барлық елдерінде, климаттық зоналарда таралған. Әсіресе, бұл ауру Орталық және Батыс Африка елдерінде аса жоғары деңгейде байқалған. Ал біздің елдің территориясында XX жүзжылдықта бұл аурудың біршама өрістегені байқалды (1905-1906, 1915-1919, 1929-1932, 1940-1942 ж.). Біздің елде аурудың ең жоғарғы өршуі 1973 жылы болғаны белгілі (100 мың тұрғындарға аурушаңдық көрсеткіші -9,6), оның өршу деңгейі қазіргі уақытқа дейін сақталып отыр.
Этиологиясы. Менингококкты инфекцияның қоздырғыштары Neisseria meningitidis Neisseria тегіне, Neisseriacea тұқымдастығына қатысты. Ол - грам теріс диплококк, қозғалыссыз. Адам мен жануарлардың белогы бар қоректік орталарда көбейеді. Агглютинация реакцияларында А, В, С серотиптері ажыратылған, қосымша өзге де серотоптары (X,Y, Z және т.б.) жазылған. Қоздырғыш жойылғанда эндотоксин бөлінеді. Ол сыртқы ортаның әртүрлі факторларына, антибиотиктерге өте сезімтал. Менингококктар қайнатқанда бірден, дезинфекциялаушы ерітінділер әсерінен бірнеше минутта жойылады. Эпидемияның көп сандары А тобындағы менингококқа, сирек - С тобына байланысты. 1983 жылдан бастап В тобының менингококктарының таралуы едәуір өскен (анықталған штаммдардың 20-30%-н құрады)..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет