Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет98/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Асқынулары:

  1. инфекциялық- токсикалық шок

  2. тамыр ішіне шашыраңды қан ұю синдромы

  3. септикалық асқынулары (екіншілік-ошақтық турлері).

Диагностикасы:

  1. Бактериоскопиялық әдіс. Биологиялық субстраттардан (қан, қақырық, бубонның пунктатынан, жарадан шығатын сұйықтықтан, өлген адамның өкпесінің, бауырының, көк бауырының, лимфа түйіндерінің кесінділерінен) жағынды дайындалып, Грам тәсілімен боялып, микроскопия арқылы биполярлы боялған грам «теріс» таяқшалар анықталады.

  2. Бактериологиялық әдіс тек қана аса қауіпті инфекциялар зертханасында қолданылады (№ 16 а, б сүреттер).

  3. Биологиялық әдіс. Биологиялық субстраттарды сезімтал жануарларға (ақ тышқан және теңіз шошқаларға) енгізіледі, олар өлген соң, денелерінен бактериоскопия әдісімен қоздырғыш зерттеледі.

  4. Серологиялық әдіс – иммуноферментті анализ, тікелей емес гемагглютинация реакциясы, антиденелердің нейтрализация реакциясы, антигеннің нейтрализация реакциясы, т.б.

Лабораториялық зерттеу кезінде обаға қарсы киетін костюмде жұмыс істеу керек
Емдеу. Обаның емін патогенетикалық шаралардан бастау қажет, себебі обаның ағымы инфекциялық токсикалық шок ретінде өтуі мүмкін. Интоксикацияға қарсы полиионды және коллоидты ертінділер енгізіледі. 0,5л енгізілгеннен кейін этиотропты емді бастау керек: гентамицин, ампициллин, карбенециллин, азлоциллин, доксициклин, ципрофлоксацин, цефамезин, цефтриаксон,. Антибиотиктер орташа терапевтикалық дозамен, тамыр ішіне енгізіледі, температура төмендегеннен кейін тағы 5-7-10 күн қосып қолданылады. Стрептомицинның, тетрациклиннің, левомицетиннің сезімталдылығы төмен, оксациллиннің сезімталдылығы жоқ, пенциллиннің тиімділігі дозасын 10 есе көбейткенде ғана дамиды. Шок кезінде бактериостатикалық антибиотиктерді, шоктан щығарғаннан кейін бактерицидты антибиотиктерді қолдану қажет. 2 антибиотиктердің комбинациясы: фторхинолондармен цефалоспориндерді, ампициллинді, аминогликозидтерді тағайындауға болады. Шокпен күресу жағдайында глюкокортикостероидтар: преднизолон немесе гидрокортизон тамыр ішіне тәуелігіне 4 рет қысқа курспен тағайындалады (1-2-3 күн).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет