Клиникалық көріністері. Жасырын кезеңі -3-32 күн, эпидемиялық өршу уақытында -12-19 күнге созылады.
Бастапқы кезең. Ауру жедел басталып, қалтырау және 39-40°С дейін көтерілген дене қызуы байқалады.
Аурудың жедел, жеделдеу, созылмалы (жеңіл, орташа ауыр, ауыр) және көмескі, латентті түрлерін ажырату керек. Аурудың басым синдромына байланысты И.Л. Касаткина өзінің жітелуін ұсынған. Көбінесе ауру жедел түрінде өтеді. Аурудың созылмалы түрі сирек кездеседі.
Ку қызбасының жіктелуі (И.Л.Касаткина бойынша)
Типтік (фебрильді) – 57%
Бронхопневмониялық – 20%
Сүзек тәрізді – 20%
Бруцеллезтәрізді – 3%
Жүйкелік (менингоэнцефалит)- 0,1%
Аурудың типтік түрі –фебрилді. Негізгі нышаны – жоғары қызба. Аурудың клиникалық көріністері грипп ауруына ұқсайды: жоғары қызба, айқын интоксикация белгілері, бастың самай, маңдай аймақтарының ауруы, көз алмаларының түбі ауруы. Науқастарды тексеру барысында аурудың алғашқы күні бет пен көздің тамырларын қан кернеп, кейде энантема байқалған. Бірақ грипптен айырмашылықтары бар: катаралді көріністер болмайды және аурудың қызбалық кезеңінің ұзақтығы 7 күн немесе 10 күн болады. Сондықтан бұл аурудың түріне басқа атаулар берілген: «жетікундік қызба, онкүндік қызба, құрғақ грипп».
20% науқастарда арнайы пневмония, бронхит дамиды. Сол себептен Ку қызбаны пневмориккетсиоз деп атайды. Басқа баналді қабынулардан айырмашылығы бар. Жөтел құрғақ, қақырық аз мөлшерде, жабысқақ қасиеттерімен ерекшелінеді. Өкпеде сырыл естілмейді, рентгенологиялық зерттеу арқылы қабыну ошақтары анықталмайды. Арнайы бронхит, пневмония кездерінде интерстициалді тіндер зақымданады.
Аурудың сүзек тәрізді түрінде қызба қисығы тұрақты болады: таңертеңгі және кешкі температурының айырмашылығы 1°С аспайды. Айқын интоксикация көріністері анықталады. Сирек (20%) аурудың 3-16-ншы күндері розеолезді бөртпе пайда болады. Сондай-ақ герпестік бөртпесі де дамуы мүмкін. Қан тамыр жүйесі бойынша дамитын өзгерістер: салыстырмалы брадикардия, гипотония, жүрек тондарының басеңдеуі. Ас қорыту мүшелері жағынан, тәбеттің төмендеуі, кейде жүрек айну мен лоқсу байқалады. Вегетативті жүйке жүйенің зақымдануының әсерінен науқастардың ішінің ауру сезімі, іштің кебуі, үлкен дәретінің жүрмеуі немесе сұйықталуы байқалады. Науқастардың бауыры мен көк бауыры ұлғаяды. Жедел және созылмалы гепатиттің дамуы мүмкін (бауыр қақпсының лимфа түйіндерінің ұлғаюының әсерінен бауыр астылық сарғыштану дамиды).
Аурудың бруцеллез тәрізді түрінде қызба қисығы ремиттерлеуші. Жоғары дене қызуы өздігімен төмендеп науқаста тершеңдік пайда болады. Ауру барысында дене температурасының жоғарлауы мен төмендеуі бір неше рет қайталанады. Қызба кезеңінің ұзақтығы – бір неше күннен 2-3 аптаға дейін. Науқастар денесінің ауру сезіміне шағымданады (буындары, сүйектері, бұлшық еттері, жүйке тамырлары). Вегетативті жүйке жүйенің зақымдануына байланысты науқастардың беті бозғылт немесе қызарған болады.
Орталық жүйке жүйесі Ку-қызбасы кезінде сирек зақымданады. Менингит, менингоэнцефалит, психоздар дамуы мүмкін. Менигиттің сипаты серозды болады.
Жоғары қызба кезінде зәр шығару жүйесі бойынша альбуминурия, цилиндрурия анықталады. Жыныс жүйесі бойынша оофорит, орхит, эпидидимит дамуы мүмкін. Шеткі қанның жалпы анализінде лейкопения, нейтропения, таяқша ядролы нейтрофильдер көрсеткішінің жоғарлауы, лимфоцитоз, моноцитоз, ЭТЖ жоғарлауы анықталады. Аурудың айығу кезеңінде бас ауруы, шаршағыштық байқалады. Аурудың рецидивтері пайда болуы мүмкін (қысқа мерзімді дене қызуының жоғарлауы).
Достарыңызбен бөлісу: |