Диагностикасы. Лептоспироздың диагностикасы, әсіресе аурудың 1-ші күні қиындық келтіреді.
Эпидемиологиялық тексерудің мәліметтері зор маңыз алады. Лептоспирозбен ауыру адамның мамандығына да байланысты (ветеринарлар, зоотехниктер, ет комбинатының жұмысшылары, аңшылар, шахтерлер т.б.), сондай-ақ кеміргіштермен, иттермен және басқа да үй жануарларымен байланыста болу аурудың жұғуына бірден бір себепкер нәрселер. Жұғу жаз айларында суға шомылудан, балық аулаудан да болуы мүмкін.
Клиникалық көріністері:
Лептоспироздың емдеуі ауруханада жүргізіледі. Жедел кезеңде төсек режимін сақтау керек.
Этиотропты еміне: бензилпенициллин тәулігіне 6-12 млн.бұлшық ет ішіне, менингит кезінде 24 млн. 7-10 күн бойы; немесе, эритромицин бұлшық ет ішіне 500 мг 6 сағат сайын, сирек доксициклин - емдеудің 1-ші күні 0,1 г 12 сағат сайын, келесі күндері тәуліктік дозасы 0,1 г ұсынылған.
Патогенетикалық ем. Барлық науқастарға улануға қарсы ертінділер, диуретиктер, аскорбинді қышқыл, рутин, викасол белгіленген. Ағзаның улануы мен геморрагиялық синдром барысында глюкокортикостероидтар көрсетілген (преднизолон 60-120 мг тәулігіне).
Арнайы ем: лептоспираға қарсы гетерологиялық гамма -глобулин бұлшық ет ішіне 10-15 мл – 1-ші күні, келесі 2 күн бойы 5-10 мл.
Бүйректін жетіспеушілігі дамығанда гемодиализ жүргізу қажет.
Диспансерлік бақылау - 6 ай бойы (инфекционист, нефролог, невропатолог, офтальмолог).