Патанатомиясы. Іш сүзегі кезіндегі патологиялық өзгеріс ретикулоэндотелиальды жасушалардың пролиферациясымен сипатталады, ол ең алдымен ащы ішек пен шажырқайдың лимфалық аппаратында дамиды. Фагоцитозға қабілетті, ірі ретикулярлы жасушалардан (сүзек жасушасы) сүзектік гранулемалар құрылады, олар циклді өзгереді. Бұл өзгерістің 1-ші сатысы - ми тәрізді қабыну - лимфалық топтық және солитарлы фолликуллалар ұлғайып, шырышты қабықтарға шығады. Оларды кескенде сұр-қызыл түсті болатындығы көрінген; олардың консистенциясы жұмсақ. 2-ші сатысы – некроздың дамуы ( 2-ші және 3 аптаның басталуында болатын аурумен сәйкес). Қатпарлы табақшалар некрозданып, олардың үстіңгі жағы лас әрі сұр және жасыл болады. Некроздың терең болуы мүмкін, ол шырыш астына және бұлшықет қабаттарына таралады. Некроздар лимфа түйіндерінде де байқалған. 3-ші сатысы - тазару немесе жаралардың пайда болуы - аурудың 3-ші аптасына сәйкес келеді. 4-ші сатысы - таза жаралар (аурудың 4-ші аптасына сәйкес). Некрозданған тіндер бөлініп алынған соң нәтижесінде жараның түбі ашылады - шырыш асты немесе бұлшықеттер қабаты. 5-ші сатысы – эпителизация – жазыла бастау (аурудың 4,5ші және 6-шы аптасына сәйкес келеді). Регенерация және репарация процестері басталады. Жараның орнында пигментация қалады. Аурудың қайталануының даму оқиғаларында, ішекте бір мезгілде лимфоидті аппараттың бұзылуының әртүрлі сатылары байқалған, мәселен ми тәрізід ісіну және жараның жазылу сатылары.
Клиникалық көріністері.Іш сүзегі кезіндегі жұқпалы ауру процесінің ағымында келесі кезеңдер ажыратылған: жасырын, бастапқы, өршу, реконвалесценция немесе аурудың нәтижелері.
Жасырын кезең орташа 10-14 күн (7-23 күнге дейін болуы мүмкін). Аурудың типтік түрінде ауру біртіндеп баяу басталады. Күн сайын дене температурасы 1◦С жоғарлап (баспалдаққа шыққан сияқты), аурудың 4-5 күндері ол ең жоғарғы шекке жетеді. Ауру жедел басталуы мұмкін. Аурудың жедел басталуының жиілігі XX ғасырдың басында 10-13% болса, 30-40-шы жылдары ол 33-45% жеткен, ал 60-шы жылдары-43-50%.
Аурудың бастапқы кезеңінде науқастарда жалпы сырқатты хал, бүкіл дененің шаршағандай сезімде болуы, бас ауыруы, ұйқы мен тәбеттің нашарлауы, еңбекке қабілеттің төмендеуі, субфебрилитет байқалған. Бастапқы кезең бір аптаға жуық созылады. Дене қызуының көтерілуімен қатар улану нышандары да үдеп, ішкі мүшелер зақымданады: тері жабындылыарының бозаруы күшейіп, бас ауыруы, брадикардия, анорексия білінген. Іштің қатуы немесе өтуі мүмкін. Бұл аурудың ерекшілігі: интоксикация нышандары айқын болады. Науқас аурудың бірінші күні төсек тартып жатады- адинамия. Сөйлеуге халы болмай, теріс қарап, сұрақтарға жауап бермеуі мүмкін ( «тәртіпсіз адам» сияқты). Бастапқы кезеңге аса тән нышандар: қызба, әлсіздік, бастың айқын ауруы, ұйқының бұзылуы. Бұл көріністер эндоксиннің әсерінен дамиды.
Аурудың өршу кезеңінде аурудың барлық нышандық жинақтары дамиды. Өршу кезеңінің ұзақтығы 1-2 апта. Дене қызуы әрқашан жоғары қалыпта сақталады. Науқастардың көбінде сүзек статусы дамып, розеолалар білінеді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, жүрек-тамыр жүйелері, ішектер, тыныс алу мүшелері де зақымға ұшырап, олардың қызметтері де бұзылады.
Аурудың негізгі нышаны - қызба. Өршу кезеңінде дене температурасы - 39-40°С. Қызбаның сипаты - тұрақты. Таңертенгі температурамен кешкі температураның айырмашылығы 1°С аспайды. Сондықтан науқаста қалтырау, тершеңдік белгілері болмайды. Науқас тек қызып жатады. Қызба қисықтарының түрлері: Вундерлих, Кюльдешевский және Боткин қызбалары. Типті қызба қисығы – Вундерлих қисығы. Дене температурасы трапеция тәрізді. Кильдюшевский қисығы – жазықтық, ал Боткин қисығы - толқын тәрізді болады. Бірақ қазіргі таңда антибиотиктер қолданғаннан соң қызба қисықтарының заңдылығы сақталмайды, олар әр түрлі болуы мүмкін. Айқын интоксикация дамып Status typhosus (естің бұзылуы, сопор, кома, делирий) қалыптасуы мүмкін. Бастың айқын ауруы, ұйқының қашуы науқастарды қатты мазалайды. Науқастың тері жабындылары бозғылт, кейде алақандары мен табандарының сарғаюы дамуы мүмкін – Филлипович симптомы. Ол бауыр зақымдалғанда каротиннің алмасуы пайда болуының әсерінен дамиды.
Ағзаның улануы дамыған кезде жүрек-қантамыр жүйенің зақымдануы міндетті түрде қалыптасады. Іш сүзегіне аса тән бұзылыстарға салыстырмалы брадикардия, пульстың дикротиясы, гипотония, миокардиодистрофия, миокардит жатады.
Негізігі патологиялық процесс ас қорыту жүйесінде дамиды. Науқастарда фулигинозды (сүзектік) тіл симптомы пайда болады. Тіл ісініп, калың қоңыр түсті жабындымен жамылып, тістердің іздерімен сипатталады.
Аурудың келесі маңызды нышаны – ол метеоризм –іштің кебуі. Науқастарда ішектің парезі дамығаннан соң дәреті тоқтап қалуы мүмкін, кейде диарея дамуы мүмкін. Нәжістің сипаты ащы иісті бұршақ тәрізді сорпаға ұқсайды. Оң жақ илео-цекальды аймақта іштің ауру сезімі, шырылдауы, анықталады, салыстырмалы перкуссия жүргізгенде оң жақ мықын аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталады (Падалка симптомы). Гепатомегалия және спленомегалия дамиды.
Іш сүзегінің маңызды диагностикалық белгілеріне бөртпе жатады. Бөртпе мономорфты болады: морфологиялық сипаты – розеола (көлемі 2 мм дейін майда дақ). Бөртпенің денеге шығу мерзімі іш сүзегі кезінде заңдылықты түрде бактериемия кезеңіне сәйкес келеді: аурудың 8-10 күндерінде пайда болады. Бөртпенің орналасатын жері - қарынның алдыңғы қабырғасы, кеуде. Розеолалардың саны 1-5-10. Бөртпеге тағы да бір тән сипаттамасы бар - ол үстемелі феномен: бөртпе денеге біртіндеп шығады. Бұрын пайда болған розеолалар жойылып жаңа бөртпелер пайда болады. Бөртпені анықтау дәрігердің тәжірибесіне байланысты. Бұл бөрпелерді табу үшін аурудың күнін анықтау қажет, тері жабындыларын күн сайын тексеріп тұру тиісті. Пайда болған розеолалар 1-5күн аралығында із қалдырмай жойылып кетеді.
Іш сүзегі кезінде тыныс алу мүшелерінің бұзылуы, соңғы жылдары сирек кездесіп отыр.
Іш сүзегінің типтік және атиптік ағымы ажыратылған. Типтік түрі циклді өтеді. Ал атипті түрі жеке мүшелер мен жүйелердің бұзылу нышандарының басымдығымен өтетіні белгілі. Аурудың абортивті түрі дамығында ауру типті басталып, бірақ көріністері қысқа мерзімді болады, айығу кезеңі тез қалыптасады. Аурудың амбулаторлы түрі аурудың жеңіл түріне ұқсас болады. Аурудың көмескі түрінде клиникалық белгілер аздап біленеді, оған науқастарда көңіл аудармауы мүмкін. Бактериотасымалдаушылық кезінде клиникалық көріністер мүлдем пайда болмайды. Транзиторлы бактериотасымалдаушылық кезінде қоздырғыш кейдесоқ түрде бөлінеді, жедел бактериотасымалдаушылық кезінде – қоздырғыш 3 айға дейін, созылмалы бактериотасымалдаушылық кезінде – 6 айға дейін бөлінеді. Өте сирек жағдайда қоздырғыш ұзақ уақыт бөлінуі мүмкін.
Реконвалесценция кезеңі қызбаның жойылуымен және мүшелердің барлық қызметтерінің біртіндеп тұрақтануымен сипатталған. Кейбір науқастарда ұзақ уақыт бойы әлсіздік, шаршағандықтың жоғарылауы сақталмақ. Науқастардың 3-10% аурудың қайталануы – рецидиві дамуы мүмкін.