Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет4/251
Дата24.09.2024
өлшемі5,03 Mb.
#145560
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251
Байланысты:
infekcialik-aurular

Жұқпалы аурулар – патогенді вирустармен, бактериялармен және қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.
Инфекциялық процесс – қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы өзара әрекетінің күрделі комплексі.
Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар.
Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік) түрлерінің жедел және созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.
Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты гепатиттер және т.б).
Ауырлығы бойынша манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне байланысты.
Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда реинфекция дамиды. Егер реинфекция біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса, суперинфекция дамиды.
Сонымен қатар, микро- және макроағзаның арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: инфекция тасымалдаушылық.
Тасымалдаушылық – инфекциялық процесс клиникалық белгілерісіз өтіп, сыртқы ортаға қоздырғыштың бөлінуімен сипатталады. Инфекция тасымалдыушылардың эпидемиологиялық рөлі маңызды, себебі олар аурудың көзі болып табылады. Жұқпалы аурудың латенттік (инаппарантты, субклиникалық) түрінде инфекциялық процесс субклиникалық деңгейде өтеді, бірақ қоздырғыш зақымдаған ағзаларда патоморфолгиялық өзгерістер дамиды және иммунды жауап қалыптасады (антиделер түзіледі). Жұқпалы аурудың латенттік түрінде қоздырғыш дефектік түрде немесе ерекше бір сатыда болады. Латенттік инфекцияның қоздырғышы иесінің жасушаларында тіршілігін жалғастырып, қоршаған ортаға бөлінбейді.
Микроағзаның бір түрімен шақырылған жұқпалы ауру моноинфекция деп аталады. Ал, бірнеше қоздырғыштармен шақырылған аурулар - аралас немесе микст-инфекция деп аталады.
Егер дамып жатқан жұқпалы ауруға жаңадан ауру қосылса - екіншілік инфекция пайда болады.
Жоғарыда айтылғандай, инфекциялық процестің негізгі факторлары - қоздырғыш, макроағза және қоршаған орта болып табылады.
Микроағзаның бірнеше қасиеттері бар: патогенділігі, вируленттілігі, токсигенділігі, адгезивті және инвазивті қасиеттері. Патогенділік - қоздырғыштың патологиялық процесті шақыру қасиеті. Вируленттілік - патогенділіктің дәрежесі. Адгезивтілік - микроағзаның тіндер мен мүшелерге жабысу қасиеті. Инвазивтілік – қоздырғыштың тіндер мен мүшелерге ену қасиеті. Токсигенділік - микроағзалардың токсиндерді түзіп, бөлу қасиеті. Экзотоксиндерді тірі микроағзалар бөледі, ал эндотоксиндер микроағза ыдыраған кезде бөлінеді. Паразиттерге тән қасиет – олардың патогенділігі (гр. pathos – зардап шегу, genos - туылуы), яғни ауру тудыруы. Паразиттер тудыратын аурулардың аталуы паразит атының түбірінен және оған os, кейде es немесе as жұрнақтарының қосылуынан шығады. Осыдан бір жасушалы қарапайымдылар лейшманий тудыратын ауру – лейшманиоз, дизентериялы амеба тудырған ауру – амебиаз, бауыр сорғышы немесе фасциоланың ауруы – фасциолез деп аталады.
Микроағзалар адам ағзасына белгілі тіндер арқылы енеді. Кейбір микроағзалар (түйнеменің, сіреспенің, тілменің қоздырғыштары) тері арқылы енеді. Грипптің, қызамықтың қоздырғыштарының ену орны – тыныс жолдарының шырышты қабаттары. Ал дизентерияның, іш сүзегінің қоздырғыштары ас - қорыту жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді. Кейбір жағдайларда қоздырғыштың ену орнында (кіру қақпасы аймағында) аурудың біріншілік региональды турлері дамиды (мысалы, оба кезінде микроорганизм тері арқылы енсе, аурудың терілік, бубонды немесе терілік-бубонды түрі дамиды; тыныс жолдары арқылы енсе - өкпелік түрі дамиды, ас қорыту жолдары арқылы енсе баспалы немесе абдоминальды түрі дамиды). Ену орнынан қоздырғыш макроағзада әртүрлі жолдармен тарайды: лимфогенді (лимфа арқылы), гематогенді (қан арқылы), лимфо-гематогенді.
Микроағзаның қанға енуі бактериемия (іш сүзегі), вирусемия (грипп), риккетсемия (эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе паразитемия (безгек) деп аталады. Грам «теріс» бактериялар ыдыраған кезде эндотоксиндер бөлініп бактериемия мен бірге токсинемия дамиды. Кей жағдайларда қоздырғыш ену орнында қалып, ағзаға тек токсиндер әсер етеді. Бұл жағдайда токсинемия дамиды.
Қоздырғыштың маңызды қасиеттерінің бірі – оның троптылығы (белгілі бір жасушаларда немесе тіндерде қоздырғыштың көбеюі: мысалы, паротиттік инфекцияның қоздырғышы бездік тіндеріне, шигеллалар тоқ ішектің дистальды бөлігінің энтероциттеріне, менигококктар мидың жұмсақ қабықшасына тропты).
Макроағзаның қорғаныс қасиетіне арнайы және арнайы емес механизмдер жауап береді. Арнайы емес қорғаныс механизмдеріне: терінің тосқауылдық қызметі және тері секреттерінің бактерицидті қасиеттері; асқазан сөлінің жоғары қышқылдығы және ферментативтік белсеңділігі; ағзаның қалыпты микрофлорасы және т.б. жатады. Сонымен қатар, микроағзалардың арнайы емес ингибиторларына комплемент жүйесі, интерферондар, лимфокиндер т.б. жатады.
Өте маңызды қорғаныс факторларының бірі - иммунитет.
Иммунды жауап бірнеше арнайы реакциялардан құралады:

  1. антиденелердің түзілуі;

  2. тез дамитын жоғары сезімталдық;

  3. баяу дамитын жоғары сезімталдық;

  4. иммунологиялық есте сақтау;

  5. иммунологиялық тұрақтылық және т.б.

Иммунды жауаптың дамуын Т-лимфоциттер, В-лимфоциттер және макрофагтар қамтамасыз етеді. Т-клеткалар арасында Т-эффекторлар, Т-хелперлер және Т-супрессорларды ажыратады. Т-эффекторлар клеткалық иммунитет реакцияларын жүзеге асырады, Т- супрессорлар Т- және В -лимфоциттердің қызметін реттейді. Макрофагтар антигендерді ұстап, өңдеп, оларды ажыратып, Т- және В-лимфоциттерге мәлімет береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   251




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет